Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Лекция барысында діни мұсылман философиясының ерекшеліктері


Исламда философиялық ой-пікірлердің пайда болуы



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#16080
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 11 (3)

Исламда философиялық ой-пікірлердің пайда болуы 

Мұсылмандардың  бөтен  философтардан  әсерленуіне  ең  басты  себеп  – 

аударма  жолы  болды.  Екінші  жол  –  Ислам  дінін  қабыл  етіп,  оның 

мәдениетіне,  бұрынғы  жасаған    ғылымдағы  үлесін  қайта  жалғастырып  үлес 

қосуы.Үшінші жол – саяхаттар. Әсіресе Үндістан секілді ұзақ мемлекеттерге 

жасалған  саяхаттар  болып  табылады.  Сол  саяхаттар  барысында  ғылыми 

зерттеулер  жасағандығы.  Мысалы:  Бирунидің  Үндістанды  шарлап  жүріп 

жасаған зерттеулерін, осы үшінші жолға жатқызууға болады. Аталмыш, әсер 

етуші  факторлардың  арасында  ең  құндысы  Антикалық  грек  философиясы, 

сондай-ақ оның жаңаплатоншылдар дәуіріндегі көрінісі.

 

Ислам  философиясының  ерекшелігі  неде?  деген  сұраққа  жауапты  



Мұсылман  философтардың  Құран  принциптері  әсерінде  қалғанына  олардың 

еңбектерінде жиі кездесетін Құран мен хадистен-ақ байқауға болады. Жалпы 

Ислам  философтарынан  уахидің (Құран)  лебі  сезіледі.  Егер  біреулер,  Ислам 

философтарының  Құран  аяттарына  қайшы  тұстарын  айтса,  философтар  өз 

көзқарастарының Құранға қайшы келмейтіндігін уағыздайды. 

Ислам  философиясы  материалистік  философия  емес.  Мәселе  түсінікті 

болуы  үшін;  Ислам  философиясында  «жаратылыс»  ұғымы  бар.  Әрине  бұл 

ұғымның  түбі  Исламнан  келеді.  Ислам  философиясында  болғандай,  грек 

философиясында  да  кездесуі  мүмкін,  алайда  олардың  түр-түсі  мүлде  басқа; 



Ф-ӘД-001/046 

 

 



мысалы,  Аристотелдің  ойынша,  Алла  табиғаттың  ішіндегі  күш-қуат,  алатын 

орны 


материяның 

алғашқы 


қозғаушысы 

ғана. 


Ал, 

Фарабидің 

философиясында,  Алла  материадан  бөлек,  ұлы  бір  болмыс.  Ол  материяға 

пішін  беру  мен  шектелмейді,  қашанда  жаратқандармен  қоян-қолтық 

араласып  отырады.  Мінеки,  Фарабидің    Аристотельден  мұндай 

айырмашылығының  болуы  оның  мұсылман  философы  болғандығының 

дәлелі дей  аламыз.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет