Сүннит және Шиизм философиясы
«Сунна» араб тілінде «жол» деген мағына береді. Суннилер хадистерді
нағыз мұсылмандар жүретін жол деп таниды. Осыдан олар өздерін «ахли ас-
сунна», немесе «ахли әхли сунна уа жамағат»-«сунна адамдары»- деп атайды.
Сонымен бірге олар Мұхаммед пайғамбардан соңғы төрт халиф құрметіне
«ахли шариар» деп те аталады. Суннилер негізгі төрт мәзћабқа бөлінеді.
Олар- ханефи, шафи, мәлики және ханбалилер.
Шийттердің Исмаилиттер, Шеткілер, Зайдиттер және Имамиттер
деген төрт тармағы бар.
Сунниттік бағыттың шийттік бағыттан басты айырмашылықтарының
бірі, олар Мұхаммед пайғамбарымыздан кейін адамдар мен Алла тағала
арасында елшінің болғандығын және Алидің басқа халифтерден басым
ерекше екендігін, әрі оның ұрпақтарының имаматқа толық мұрагер екендігін
мойындамайды. Шийттер үшін имаматтық Алла тағаланың әмірі. Сондықтан
да болар шийтік баспалардан шыққан Құран кәрімде Алиді ерекше
марапаттаушы қосымша сүре жазылған. Шийттіктер адам өміріне шын сенімі
үшін қауіп төнетін болса, оны жан амандығы үшін жасыруға болады деп
санайды. Оны олар «такийа» - деп атайды. Такийаның қаталырақ түрдегі
нысаны
суниттіктерде
де
кеңінен
қолданылады.
Сунниттіктердің
айтуларынша егер адамға діні үшін қауіп төнетін болса немесе оны басқа
дінге кіруге мәжбүр ететіндей жағдай туатын болса, Құран ол адамға бөге
жерге қоңыс аударуды бұйырады. Сонымен қатар сунниттіктер шийттіктерде
қалыптасқан, өз заманында Омар тыйым салған, уақытша некені де
мойындамайды. Бұдан басқа бұл екі бғыттағылардың құсыл алуда, дәрет
алуда, намаз оқуа және бірқатар ғибадат түрлерін орындау тәртіптерінде
өзіндік айырмашылықтары байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |