Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Лекция барысында діни мұсылман философиясының ерекшеліктері


Ғазалиге дейінгі және кейінгі философиялық әрекеттер



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#16080
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Ғазалиге дейінгі және кейінгі философиялық әрекеттер 


Ф-ӘД-001/046 

 

 



Ислам  философиясын  тарихи  тұрғыда  зерттегенде  көптеген  ғалым 

зерттеушілер,  Әл-Ғазалиге  дейінгі  және  кейінгі  ислам  философиясы  деп 

қарастырады.    «Даналыққа махаббат», «ғылымға ғашықтық» деген мағынаға 

келетін  философия  сөзінің  түбі  Гректен  шығатыны  белгілі.  Сол  үшін 

«философ»  деп  ғылымға  ғашық  адамға  айтамыз.  «Ислам  философиясы» 

дегенімізде  мұсылман  кәләмшылардың,  сопылардың  дүние  танымы  есімізге 

түсіуі  тиіс.  Құранмен  хадиске  сүйенетін  Ислами  көзқарастың  негізі  осылар 

құрайды.  Алайда  Ислам  философиясы  дегенімізде  Құран  мен  хадиске 

негізделген  ойшылдық  емес,  Ежелгі  грек  философиясына  сүйенген 

философиялық жүйе есімізге оралады. 

Мешшай  (Аристотизм)  философиясы.  Яхиа  б  Маскауайх  (өн  243/857), 

Хунейн  б  Исхақ  (ө263/876),  Матта  б  Юнус  (ө  328/939),  Яхиа  б  Ади  (ө 

364/974),  Сабит  б  Курра  (ө  289/902),  Кутса  б  Лукка  (ө  220/837),  Георг 

Бухтиши,  Ескендір  Афрадоси,  Яхия  б  Батрик  және  Урфалық  Яғқиб  сияқты 

мұсылмандардан  басқа  кісілердің  грек  философиясына  қатысты  еңбектерді 

арап  тіліне    аударуы  мұсылман  жастарын  және  сол  кездің  зиялыларының 

назарына  ілікті.  Қысқа  уақыт  ішінде  Александрияда,  Антакияда,  Харранда, 

Урфада,  Нусайбинде,  Жундишапурда  басқа  діндегі  философ  ұстаздардан 

сабақ  алған  ірі  мұсылман  кісілер  шыға  бастайды.  Мұсылман  емес 

философтардан  философия  үйренген  мұсылман  философтар  аз  уақытта 

ұстаздарынан озып, ауқымды философиялық жетістіктерге қол жеткізді.  

Мешшай  (Аристотизм)  философиясының  өкілдері:  Кинди  Мешшай 

философиясының ең атақты өкілдерінің бірі Әбул Хукема және Фейлософул 

араб атымен танымал Абу Юсуф Яқуб б. Исхақ әл-Кинди (800-873). Арабтың 

алғаш философы атанған әл Кинди сол кезде халиф әл Мамунның (813-833) 

және  оның  інісі  халиф  әл  Мутасимнің  ұнатқан  адамы  болған.  Оның  қалам 

тарпаған  білім  саласы  жоқ  десе  болғандай.  Зерттеушілердің  айтуына 

қарағанда,  оның  еңбектерінің  ұзын-ырғасы  238-ге  жеткен.  Әл-Кинди 

еңбектері,  метафизика,  логика,  этика,  математика,  астрономия,  медицина, 

метеорология музика теориясы және оптика сияқты білім-ғылымға арналған. 

Мұның  бәрі  бір  төбе  іс  болса,  әл-Киндидің  ең  үлкен  еңбегі  Аристотел 

еңбектерін  грек  тілінен  арабшаға  аударып,  оларға  түсінік,  яғни 

герменевтикалық  талдау  беруінде.  Ол  Аристотелдің  «Метафизикасын», 

«Поэтикасын»,  «Категориясын»,  және  «Екінші  аналитикасын»,  аударып 

оларға  түсінік  берген.

 

Ол  дін  философиясын  «діни  (ислам)  білімдердің 



шындығы ақыл таразысымен өлшенуінде» деп көрсетті.

 

 




Ф-ӘД-001/046 

 

 



Әл-Фараби  (870-950)  Киндиден  кейінгі  келген  шығыс-мұсылман 

философтарының  бірі.  Кинди  толығымен  Аристотелшіл  болса,  Фараби 

Платонның  идеялистік  философиясымен  Аристотелдің  рационалистік 

философиясын  ұштастыра  жазуға  тырысып,  өзінің  философиясына 

мистикалық  сипат  берген.  Оның  «Аттағлиму-с-Сани»(екінші  сабақ)  

философиялық  энциклопедия  мәндегі  еңбегі,  оған  «Муаллиму-с-Сани» 



(екінші ұстаз) атануына негіз болды. 

Музика  туралы  еңбек  жазған  Фарабидің  көзқарасында  сопылықты 

теориялық  ғылым  дегенненгөрі  «хал»  ғылымы  деген  орынды  деген.  Оның 

психологиядағы  бағыты  сопылыққа  бейім  болған.  Ол  өзінің  «Фусус»  атты 

еңбегінде  жиі-жиі  философияның  шеңберінен  асып  сопылыққа  түсіп 

отырады.  

Ибн  Сина  (980-1037).  Ол,  шығыс-мұсылман  әлемінің  ең  үлкен 

ақиқатшы 

философы 

ретінде 


танылады. 

Оның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет