Білім беру— бұл ұғымды ең алғашқы рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.
Білім беру деп-табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Қазіргі атом, космос халық шаруашылығының автоматтандыру дәуіріде білім беру ғылыми — техникалық үдеудің құдіретті факторы болып отыр. Халыққа білім беру ісінің негізі- жалпы орта білім. Білім беру барысында жеке адамның таным іс-әрекеттері дамиды, ой өрісі кеңіп, еңбекке дұрыс көзқарасы және мәдени деңгейі артады.
Оқыту –білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушыны мен оқушылардың біріккен іс- әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты біртекті процесс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп , іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп , дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |