2.Педагогика ғылымының дамуы мен міндеттері.
ХIХ ғасырға дейінгі ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың бөлінуі (даралануы) белсенді жүріп жатты. Педагогика да бірте-бірте жалпы пәнмен байланысты бола отыра, мақсаттары, жас ерекшеліктері, оқу- тәрбиелеу, оқу орындарындағы типтері бойынша ерекшілігі бар салалар айқындала түсті.
Педагогикалық ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшілік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика , жеке пәндер әдіснамасы және т.б. жатады.
Жалпы педагогика педагогикалық процесс білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшілік педагогика (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анотомиялық және физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшіліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді.
Кәсіби –техникалық білім беру педагогикасы, арнаулы орта білім беру педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы –пәндері (дисциплины) ,олардың пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылыққтары б.т
Әскери педагогика әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс- әрекетінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.
Еңбекпен түзету педагогикасы түрмеде отырған азаматтарды қайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасын құрастырады. Мұнда жас ерекшілігі ескеріледі, оларда әсіресе балалар мен жасөспірімдер қылмысына қатысты кездесетін заң бұзу зерттеледі.
Педагогика тарихы — адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Салыстырмалы педагогика әрбір елдегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы өзіндік ерекшіліктерін салыстыра , дамуын зерттейді.
Жеткілікті дәрежеде дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе пәндік педагогика құрайды, онда жалпы — бұл педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, танымдық әрекет әдістері, ал жеке ерекшілік берілетін сабақ пәнінің мазмұны.
Достарыңызбен бөлісу: |