Тақырыбы: Президент институты Жоспары: 1. Президент институтының қалыптасуы.
2. Президент сайлауы
3. Қазақстан Республикасындағы Президент институтының ерекшелiгi.
1. Президент институтының қалыптасуы. Саяси ілімдер тарихында “Президент” ұғымы жөнінде бірнеше пікірлер бар:
Біріншіден, “Президент” ұғымы латынның “praesident” сөзінен шыққан, “алда отырушы” деген мағынаны білдіреді. Антикалық дәуірде президент деп әр түрлі жиындарда төрағалық етушіші атаған.
Екіншіден,Конституциялық конвентке дейінгі американ мемлекетінің номиналды басшысы – американ штаттары конференциясы конгресінің төрағасы “Конгресс Президенті” деп аталған.
Үшіншіден, Филадельфия Конституциялық конвентінде төағалық етуші Дж. Вашингтон да “Президент” деп аталған.
Төртіншіден,Президент деп кейбір отарлардың губернаторлары (атқарушы билік басшысы) аталған.
Президент институты Т.Пейн, Т.Джефферсон, А.Гамильтон, Дж Адамс, Дж. Мэдисон еңбектерінде жан-жақты зерттелген.
Американдық саяси ілімдер тарихының көрнекті өкілі Т.Пейннің “Американдақ дағдарыс”, “Адам құқығы”, “Ғасыр тағлымы” атты құнды еңбектері бар.
Т.Пейн монархиялық билікті сынау негізінде Президент институтының моделін қалыптастырды. Сондықтан да Т.Пейн монарх билігін президент билігімен ауыстыруды қалады. Оның пікірінше президент институтының мәні мынадай:
Президент заңшығарушы ұйымда бірден-бір басшы болуы керек;
Президент институты тәуелсіздік, егемендік, халық билігі сияқты идеялардың символы болуы тиіс.
Президент институтын қалыптастыру ағымының негізгі өкілдерінің бірі Т.Джефферсонреспубликалық басқаруды мынадай тәртіппен орналастырды:
Барлық мәселелер, ішкі және федералды саясат үшін жалпы федералды республика;
Аймақтық республикалар, аймақ істерімен, мүдделерімен айналысатын;
Аудандық республикалар жергілікті мәселелер үшін.
Джефферсон бұқараның жаппай қатысуына негізделген мемлекеттік билік моделін құрастырды. Ол негізінен жергілікті өзін-өзі басқару құрылымын дамытуды ұсынды, ал жоғарғы мемлекеттік билік жүйесінде Парламентке қолдау көрсетті.