Лекцияның тақырыбы. Лекция саны. Обсөж с.Ө. Ж


Саяси билік ерекшеліктері



бет12/35
Дата08.02.2023
өлшемі135,9 Kb.
#66169
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
Лекция Полит. СУ 4

Саяси билік ерекшеліктері:
1. Оладамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам экономикасындағы ролі басым болады, әр қоғам сол топ мүддесі тұрғысынан басқарылады:
2.қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ өкілдерінің қатысуымен мемлекет арқылы қоғамдық-саяси жетекшілер арқылы жүргізіледі;
3. арнайы басқару ісімен шұғылданатын ерекше маман топтардың болуы;
4.жариялылығы, жаппай болуы.
Мемлекеттік билік ерекшеліктері:
1. ол белгілі бір аумақта ерекше аппарат арқылы жүргізіледі;
2. мемлекеттік билік өзінің арнайы күштеу аппаратына сүйенеді
3. мемлекетік билік монополиялық сипат алады.
Саяси биліктің субьектісі халық. Ал халықтың атынан билікті қолдаушылар ол қолына билік беріліп арнайы құрылған органдар ұйымдар мекемелер. Саяси билік субьектілер өз билігін жаңағы билікті қолдаушылар арқылы жүргізеді.


Лекция 5
Билік ресурстары.

  1. Билік қызметтері.

  2. Билік ресурстары.

3. Биліктің тармақтарға бөлінуі.


1.Билік қызметтері.
Билік легитимдігі теориясының дамуына М.Вебер үлкен үлес қосты. Ол билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті.
1.Дәстүрлі легитимділік,ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген әбден бойлары үйреніп дұрыс деп тапқан салт -дәстүрлерге сүйенеді.Сондықтан мысалы, (кейбір елдерде қазір де) хан, сұлтан, патша,шах, әмір т.б. Билігін халық дұрыс, заңды деп түсінді. Билік әкеден балаға мирас болып қалып келді, оны жұрт ата салтымыз деп мойындап отырады.
2.Харизматикалық легитимділік,мұнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттермен көре түскен адамды басшы етіп жариялап , соның соңынан ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жеткен. Харизма деген сөздің өзі де көсемге мемлекеттік басқарушы жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді.
3.Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимділігі.Онда саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді. Мұнда легетимділік саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталады.
Легитимділіктің алдыңғы екі түрі құлдық және феодалдық қоғамдарға тән болса, үшінші түрі қазіргі дамыған елдерге тән. Демократиялық жағдайда билік легитимді болу үшін мынадай шарт қажет:
*ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек, яғнимемлеекттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мерзімге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс:
* мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Соңғы кезде легетимділіктің идеологиялық түрі туралы да айтылып жүр. Оның мәні билікті халықтың санасына енгізілген идеология арқылы ақтау. Билікті сәйкес келетінидеологиямен негіздей отырып, басқару құқығына ие болады. Бұл идеологияның мазмұнына қарай идиологиялық легитимділік топтық немесе ұлтшыл болуы мүмкін. Кеңес Одағында топтық легитимділік кеңінен қолданылады.ХХ ғасырда ұлтшылдық легитимділік көп елдерде басымдық танытты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет