Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер
жатады.
Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи
адаммен байланысты, демек, сөйлеуші,
тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады.
Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдерімен негізінде бір ізді болғанымен,
олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес.
Мысалы, жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегінше септеледі:
Сілтеу есімдіктері
Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына,
сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу,
көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға
жауап береді.
Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады.
Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты
оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.
Өздік есімдік
Сұрау есімдігі
Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі болады. Сұрау есімдіктері: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы? Зат есімге және зат есім орнына колданыла алатын (заттанған) сөздерге қойылатын сұрақтарға көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулар қосыла алады. Мысалы: кім? кімім? кімдер? кімі? кімдерің? кімге? неге? қайсысы? нешеуі? кіммін? т. б.
Белгісіздік есімдіктері
Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан
заттар мен құбылыстарды нақтылы
түрде білдірмей,
белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз.
Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш
сөз ұйытқы болып
қызмет атқарады, белгісіздік
есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады.
Мысалы:
- Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме (бірнеше).
- Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай. әрине
- Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан (алдақашан).
Достарыңызбен бөлісу: |