Болымсыздық есімдіктері Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің
бірігуі арқылы жасалады.
Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін
емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің
болымсыз түрімен байланысты қолданылады
(ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).
Жалпылау есімдіктері Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылысатарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз.
Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады.
«Спорт» тақырыбына «Бес жол өлең» (синквейн) құрастырып жазыңдар. Бес жолдан тұратын өлеңді жазу ережесі: 1-жолға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде). 2-жолға тақырып екі сөзбен сипатталып жазылады (сын есім түрінде). 3-жолға үш сөзбен тақырыпқа қатысты іс-әрекет жазылады (етістік түрінде). 4-жолға төрт сөзден тұратын тақырыпқа қатысты бір сөйлем жазылады. 5-жолға тақырыптың мәнін сипаттайтын бір сөз жазылады.