БОЛА БЕРМЕЙДІ. ӘДЕБИ ТІЛ ТЕК ЖАЗБА ӘДЕБИЕТ НЕГІЗІНДЕ ҒАНА ҚАЛЫПТАСЫП,
ДАМЫП ҚОЙМАЙДЫ, БҰЛ ПРОЦЕСТЕ, МЫС., ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРІНІҢ, АҚЫН-
ЖЫРЛАУЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ, АЙТЫС АҚЫНДАРЫНЫҢ, ЛИРО-ЭПИК.,
БАТЫРЛАР ЖЫРЛАРЫНЫҢ, ЖАЛПЫ АУЫЗША ӘДЕБИЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ ДЕ ӨЗ ОРЫНДАРЫ
БАР.
ӘБДІҚАДЫР
АЙЖАН
LARANA, INC.
Айдынова Балауса
Ә. т-дің қоғамдағы басты қызметі — адамдар арасындағы қатынас құралы болу. Сондықтан жалпы тіл атаулыға
тән қасиет-коммуникативтік қызмет Ә. т-ге де тән. Ә. т. арқылы айтушының, жазып қалдырған адамның ойын,
пікірін ұғамыз, сұрағына жауап береміз. Ә. т. арқылы өзіміз көзбен көрмеген оқиға туралы мағлұмат аламыз.
Яғни пікір алысу, ой жеткізу, адамдардың бір-бірімен ұғысуы, білмегенді білу, білім, тәлім-тәрбие, тағлым алу Ә.
т-дің осы коммуникативтік қызметі арқылы жүзеге асады. Бірақ Ә. т-дің коммуникативтік қызметі адамдар
арасындағы қарым-қатынас құралдарының басқа түрлерінен қалыптасқан белгілі тіл заңдылықтары, тілдік
элементтер жүйесінің құралдық, құрылымдық, қолданыстық жағынан тұрақты нормаларының болуы арқылы
ажырытылады. Мыс., ойды білдірудің ең кіші тілдік бөлшегі сөйлем болса, ол белгілі тәртіппен орналасқан,
белгілі тұлғалар арқылы грамматик. байланысқа түскен, мағыналары сәйкес сөздерден, ал сөздер дәл сол
сияқты морфемалар мен дыбыстардан тұрады, сөйтіп сөйлем жүйелі құрылым құрайды да, ерекше
коммуникативтік қызмет атқарады. Сол арқылы қате құрылған сөйлемді, орынсыз қолданылған жеке сөзді,
сәйкессіз тіркестерді, кейбір дыбыстық ауытқуларды тауып, анықтай аламыз. Сонымен бірге Ә. тіл арқылы
белгілі бір оқиғаны оқушыға жеткізіп қана қоймай, сезіміне әсер етуге де болады, яғни оқушысын бірде күлдіріп,
рахаттандырып, көңіліне нұр сеуіп, өсіреді, бірде жылатып, көңілін күйдіріп, қайғыртады. Бұл — Ә. т-дің
экспрессивтік-эстетик. қызметі болып табылады
|