1) Әдеби тіл белгілі бір халықтың бір ғана тобы сөйлейтін, бір ғана
диалектісінің негізінде қалыптасады. Басқаша айтқанда белгілі бір халық бірнеше диалектіде сөйлейтін
болса, диалектілердің біреуі бірте – бірте сол халыққа түгел ортақ бола бастайды да, кейін сол диалект
әдеби тілге айналады. Мысалы, әдеби тілге негіз болған диалектінің жергілікті тілдің басқа
диалектілерімен салыстырғанда жанрлық стильдік тармақтары дами түскен болуы, сөздік қоры бай болуы
мүмкін.
2)Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі
болуы да ықтимал. Әдеби тілдің бұлай қалыптасуы көбінесе сол халықтың басынан кешірген саяси-
экономикалық жағдайлары мен тығыз байланысты. Бөтен тілдің әдеби тіл болуы сол халықтың
тәуелсіздігінің жоқтығымен басқа бір елге бағынышты ел болуымен, мәдениетінің мешеу қалуымен
байланыста болып келеді. Әдеби тілдің бұлай қалыптасуының өз ерекшеліктері бар. Кей жағдай әдеби тіл
болып саналатын бөтен тіл ол халық үшін белгілі бір мерзім ішінде ғана өмір сүріп , кейін ол қасиетінен
айырылып қалады.
3)Көп жағдайда әдеби тіл сол халықтың барлық ия бірнеше
диалектісінің негізінде немесе жалпы халықтың тілдің негізінде, сол сияқы сөйлеу тілі мен бай ауыз
әдебиетінің дәстүрінде қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: