Мысалдар
|
Мақал
|
мәтел
|
1
|
Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас.
|
+
|
|
2
|
Саяз су сарқырап ағады.
|
|
+
|
3
|
Ұсталы ел озар, ұстасыз ел тозар.
|
+
|
|
4
|
Жеңілтектік жарға жығар
|
|
+
|
5
|
Бірлік болмай, тірлік болмас.
|
+
|
|
6
|
Қайтып кірер есікті қатты жаппа.
|
|
+
|
7
|
Тәуекел кемесі суға батпайды.
|
|
+
|
8
|
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
|
+
|
|
9
|
Ұлдың ұяты – әкеге, қыздың ұяты – шешеге.
|
+
|
|
10
|
Сиырдың сүті тілінде.
|
|
+
|
11
|
Кең болсаң, кем болмайсың.
|
+
|
|
12
|
Ит ашуын тырнадан алады.
|
|
+
|
13
|
Жақсы адамға жау жоқ.
|
+
|
|
14
|
Айдағаның бес ешкі ысқырығың жер жарады.
|
|
+
|
15
|
Әзіл айтсаң да, әділ айт.
|
+
|
|
16
|
Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді.
|
+
|
|
17
|
Көп түкірсе – көл.
|
|
+
|
18
|
Айласыз батыр алдырар.
|
+
|
|
19
|
Жыланның уы басында, Бейқамның жауы қасында,
|
+
|
|
20
|
Ашу - дұшпан, ақыл - дос, ақылыңа ақыл қос
|
+
|
|
Көнерген сөздер – қолданыстан шығып қалып,тарихи шығармаларда ғана кездесетін, мағынасы көмескі айтылатын сөздер. Көнерген сөздер 2-ге бөлінеді:
1. Архаизмдер – халықтың тұрмыс- тіршілігіне, салт- сана, әдет- ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескірген сөздер.
(Торқа, биқасап, дүрия, патсайы, сауын айту, ұрын бару, барымта, бастаңғы, бесік құда, шидем, күпі, сәукеле, саптыаяқ, лашық, жаппа, кебеже, асаба, класс, космос)
2.Тарихи сөздер (историзм – латын сөзі) – қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген сөздер (Ояз, болыс, шабарман, уәзір, хан, ханша, ханзада, қаған, уез, патша, би, аға сұлтан, дуанбасы, мырза, садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза, адырна, алмас қылыш, қосын, жатақ, отарба, қызыл әскер, қылует)
Жаңа сөздер (неологизм – гр. neos – жаңа, logos – сөз) – тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер.
Қайта жаңарған көнерген сөздер: имам, мешіт, ораза, айт, пітір, құран, байрақ, барыс, ұлу (жыл атаулары), наурыз, сәуір (ай атаулары).
Жаңа сөздер:
Тәлімгер, егемендік, ұшақ, аялдама, жылыжай, саяжай, саябақ, көрермен, жолкіре, ғарыш, жолсерік, үнтаспа, жеделхат, теңге, балмұздақ, отбасы, даңғыл, зейнеткер, зейнетақы, үнқағаз, діл, ермексаз, желім, мұздатқыш, тоңазытқыш, кеден, кешен, қызанақ, орамжапырақ, дернәсіл, үлескі, өскін, жасуша, қаудан, ағза, жарнама, делдал, сынып, несие, пайыз, сәулет, төлқұжат, әкім, сарапшы, ұжым, сұхбат, сапарнама т.б.
қ/с
|
Қазіргі атауы (неологизм)
|
Ескі атауы (архаизм)
|
1
|
сынып
|
класс
|
2
|
зейнетақы
|
пенсия
|
3
|
кеден
|
таможня
|
4
|
кешен
|
комплекс
|
5
|
ғаламшар
|
планета
|
6
|
сауалнама
|
анкета
|
7
|
бекет
|
станция
|
8
|
саябақ
|
парк
|
9
|
құжат
|
документ
|
10
|
делдал
|
посредник
|
11
|
ұшақ
|
Самолёт
|
12
|
жүйе
|
система
|
13
|
қор
|
фонд
|
14
|
талдау
|
анализ
|
Тапсырма №12 ( Семантикалық кестені толтырыңыз)
қ/с
|
Мысалдар
|
Историзм
|
Архаизм
|
Неологизм
|
1
|
адырна
|
+
|
|
|
2
|
жасуша
|
|
|
+
|
3
|
асаба
|
|
+
|
|
4
|
найза
|
+
|
|
|
5
|
орамжапырақ
|
|
|
+
|
6
|
торқа
|
|
+
|
|
7
|
теңге
|
|
|
+
|
8
|
космос
|
|
+
|
|
9
|
кіреуке
|
+
|
|
|
10
|
кеден
|
|
|
+
|
11
|
кебеже
|
|
+
|
|
12
|
сауыт
|
+
|
|
|
13
|
дүрия
|
|
+
|
|
14
|
ағза
|
|
|
+
|
15
|
атшабар
|
+
|
|
|
16
|
пітір
|
|
|
+
|
17
|
отарба
|
+
|
|
|
18
|
ермексаз
|
|
|
+
|
19
|
жаппа
|
|
+
|
|
20
|
қосын
|
+
|
|
|
21
|
үлескі
|
|
|
+
|
22
|
биқасап
|
|
+
|
|
23
|
ханша
|
+
|
|
|
24
|
отбасы
|
|
|
+
|
25
|
спутник
|
|
+
|
|
26
|
сынып
|
|
|
+
|
27
|
шидем
|
|
+
|
|
28
|
патша
|
+
|
|
|
29
|
өскін
|
|
|
+
|
30
|
барымта
|
|
+
|
|
31
|
ораза
|
|
|
+
|
32
|
rүпі
|
|
+
|
|
33
|
мырза, құл
|
+
|
|
|
34
|
нарық
|
|
|
+
|
35
|
патсайы
|
|
+
|
|
36
|
жолсерік
|
|
|
+
|
37
|
қызыл әскер
|
+
|
|
|
38
|
сауын айту
|
|
+
|
|
39
|
дернәсіл
|
|
|
+
|
40
|
саптыаяқ
|
|
+
|
|
Кірме сөздер – шығу төркіні жағынан басқа тілден енген сөздер. Мысалы:
· Тарих, әдебиет, мәдениет, тәрбие, кітап. Дәптер, қағаз, адам, әлем, ғылым, қоғам, білім, ұстаз, мұғалім, мектеп, емтихан, емле, тарих, пән, сабақ– араб-парсы тілінен;
· Аймақ, жарлық, нөкер, ұлыс, жарлық, өлке, атақ, құрылтай, Тарбағатай, Зайсан, Нұра, Нарынқол, Баянауыл, Қордай, Алтай, Толағай – моңғол тілінен;
· Кереует, бөтелке, бәтеңке, сөмке, жәшік, кәмпит, шәйнек, тәрелке, тұрба, самауыр, кірпіш, үстел, сот, қарауыл, барқыт, жәрмеңке, сәтен, доға, бөшке, бөкебай, сөтке, қамыт – орыс тілінен енген сөздер.
Диалект сөздер – белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындарының сөйлеу тілінде ғана кездесетін сөздер. Мысалы: оттық, сіріңке, сым, леген, нән.
Дыбыстық өзгеріске ұшыраған диалект сөздер:
· Кеуіл – көңіл
· Тыңла –тыңда
· Құдағай – құдағи
· Мышық –мысық, есек – ешек.
· Келулі – келді.
· Бережақ – берешек.
· Маңлай – маңдай.
· Таңла – таңда.
· Дарбыз – қарбыз.
· Секер – шекер.
· Үгей – өгей.
· Өтек – үтік.
· Полат – болат.
Әдеби тіл - жалпыхалықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті тіл.
Кәсіби сөздер – жұрттың бәріне бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер. Мысалы: шербек (үлкен ара), атауыз (шеге суырғыш), жүйек (көкөніс, жемістер отырғызылған арықшалар), ақаба (судың лай түрі).
· Қолөнершілік, ұсталық: пышқы, шербек, ыңғыру, тышуыр, пәрбі, атауыз, тарамыс, біз.
· Мақта шаруашылығы: қоза, шиіт, балдаң, шанақ, көсек, терімші.
· Жүгері шаруашылығы: дүмбі, собық, сота, пая.
· Қызылша шаруашылығы: түбір, түбіртек, жом, қылша, өркен.
· Қауын шаруашылығы: әңгелек, жәмше, торлама, кемпір қауын.
· Балық шаруашылығы: ау, қармақ, итерқұл, морда, аламан, тоспай, жұтпа,таутан, асман, бекіре, шортан, сазан, қызылқанат, табан.
· Мал шаруашылығы: жүген, үзеңгі, шылбыр, құрық, тартпа, ақыр, науа, үлек, нар, өріс, пада, падашы, күнжара (жем).
· Су шаруашылығы: ақаба, оман, атыз, қарық, жүйек, мұрап – су беруші (араб сөзі)
Термин сөздер – ғылым, техника, өндіріс және т.б саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер. Мысалы: квадрат, егемен, жарғы, нарық, төлқұжат, глобус, антоним, материк. Терминдер 2 түрлі жолмен жасалады.
1.Аударма балама: кеден, нарық, жарғы, мұражай,төлқұжат т.б.
2.Интернационалдық термин – бірнеше елде бір атаумен қолданылатын терминдер.Мысалы: морфология, экология, футбол т.б.
ҰБТ-да кездесетін қиын сұрақтар
1.XI-XIII ғасырда өмір сүрген билер - Майқы би, Аяз би
2. 2-кезең XIV-XVI ғасырда өмір сүрген билер -Асан қайғы, Жиренше шешен
3.3-кезең XVIII ғасырда өмір сүрген билер- Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
4. 4-кезең XVIII-XIX ғасырда өмір сүрген билер Байдал би, Тіленші би, Тарақты тұяқ, Шалқар шешен
5.5-кезең XVIII-XIX ғасырда өмір сүрген билер Сырым Датұлы, Досбол шешен
6.Махмуд Кашқари еңбегі - «Диуани лұғат ат-түрік»
7.Ахмет Яссауи еңбегі - «Диуани Хикмет» немесе «Даналық кітабы»
8. «Риторика» атты еңбектері бар авторларды табыңыз. Әл-Фараби, Аристотель.
9.«Құтты білік» атты еңбектің авторын көрсетіңіз. Жүсіп Баласағұн
10.«Жабазы» диалект сөзінің мағынасын анықтаңыз. Иленген теріден жасалған қамыт.
11.«Ақын болып туады, шешен болып шығыды». Цицерон.
12.«Айтар сөзді алдымен ойлап ал». Қорқыт
13.«Сүйемін туған тілді -анам тілін...» С.Торайғыров.
14.«Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашапақ...» сөзінің иесі –Абай Құнанбаев.
15.Шешендік әсерлігін арттыру, үдету – градация.
16.Негізгі сұраққа жауап алу үстінде туған сұрақ? Жетек сұрақ «ше»
17.Соңғы кезде шешендік өнерді зерттеп, дамытуға үлес қосқан ғалым – Б.Адамбаев.
18.Шешендік сөздің жанрлық түрі – 3
19.«Ақыл мен білімнің тілмашы – тіл» Ж.Баласағұн.
20.«Би һәм билік туралы» авторы – Ш.Құдайбердиев.
21.«Көз – жіті, құлақ –сақ, көңіл –кең болу керек» Ж. Баласағұн.
22.«Керекті сөз өз жерінде айтылсын» Құтып.
23. Шешеннің парызы – шындықты айту» -Платон.
24.«Шешендік тәлім» еңбегінің авторы – Квинтилиан.
25. «Өлшеп айтылса ғана сөз жөнді сөз бола алады» - Құтып.
26.«Шешендік – ақылмен билеу өнері» - Платон.
27.Ресейдегі шешендік өнердің қалыптасу кезеңі – ХVІІ ғ. басы
28.Орыс шешендік өнерінің теориялық негізін салушы – М.В. Ломоносов.
29.«Шешен сөз» терминін тұңғыш қолданып, ғылым ретінде оны зерттеген ғалым – А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш»
30.Шешендіктің отаны – Эллада.
31.Шешендіктің бастаулары – Ежелгі Греция мен Рим.
32.Қоғамдық-саяси, әлеуметтік мәселелермен айналысатын айбынды тіл құралы - Публицистикалық стиль
33.Публицистикалық стильдің ауызша түрі – шешендік сөздер.
34.Публицистикалық стильдің жазбаша түрі - очерк, интервью, мақала.
35.Публицистикалық стильде жазатын жазушы –
Достарыңызбен бөлісу: |