Кезектес пен талғаулы. 115. Біреудің сөзінің ешбір өзгертілмей, сол айтылған күйде берілуі- төл сөз.
116. Автор сөзі дегеніміз не? – Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі. 117.Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап, мазмұны ғана берілуі – төлеу сөз. 118. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда, автор сөзіндегі «де» етістігінің орнына жүретін сөздер – айт, сұра, ойла, бұйыр, талап ет, ескерт. 119. Дұрыс жазудың нормасы – орфография. 120. Орфоэпия дегеніміз? – дұрыс сөйлеу.
121. Анықтауыштық қатынаста болатын байланысу түрлері – матасу, қабысу. 123. Сөйлем мен сөз тіркесін, туынды сөзді зерттейтін тіл білімінің саласы – синтаксис. 124. Орынбасар сөз табы – есімдік. 125.Шешенге ең қажетті қасиет – сөзге тапқырлық, бұра тартпас дәлелмен сендіретін білімділік. 126. Шешендік сөзге қойылатын талап –ойдың жүйелі берілуі.
127. Іс қағаздар стиліне тән ерекшелік – экспрессивті сөздер қатыспайды, сөйлемдер негізінен номинативті, екі негізді болып келеді. 128. «Қазақ тілі – әрі бай, әрі көркем тіл» - М.Әуезов.
129. «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады...» - А.Байтұрсынов.
130. Дүниежүзінде шамамен неше тіл бар – 5651 тіл (сөйлеушілердің саны жағынан қазақ тілі 70-орында) 131. Сөз мағынасын зерттейтін ғылым – семасиология. 132. Этимология нені зерттейді? Сөздердің шығу тарихын, бастапқы мағынасы мен өзгеруін, дамуын зерттейді. 133. Қазақ тілі қандай тіл? Түркі тілдерінің батыс бұтағына кіретін, қыпшақ тобына жататын, жалғамалы тіл. 134. Нүктелі үтір қандай жағдайларда қойылады? Мазмұны әуендес болып келетін сөйлемдердің арасына, санамалап айтылған мағыналары ыңғайлас сөйлемдерге, жайылмалы әрі өз ішінде үтірлері бар бірыңғай мүшелердің арасына қойылады. 135. «Тіл-құрал» еңбегінің авторы – қазақ тіл білімінің атасы А.Байтұрсынов 136. «Біз қазақ мал баққан елміз...» Қазыбек би. 137.Қазақтың төл шешендік өнері жайлы ой-пікір білдірген ғалым – Ш.Уәлиханов 138.Райдың неше түрі бар? 4 139.Шақпен де, жақпен де байланыспайтын етістік – тұйық етістік – у 140.Ұлттық шешендік өнер жайлы ең алғаш еңбек жазған – Әл-Фараби. 141.Сұрақ түрінде айтылып,тыңдаушының назарын аударып,ойына қозғау салатын айшықтаудың түрі – риторикалық сұрау 142.»Дау мұраты – біту,саудагер мүраты – ұту...» Сырым би 143.»Лингвистика» термині қай тілден шыққан? – латын 144.Грамматикалық амал-тәсілдері көп жұмсалатын стиль түрі – көркем әдебиет 145.Күнделікті өмірде жиі қолданылмайтын сөздер атауы – пассив лексика 146.Тыныс белгілерін зерттейтін ғылым – пунктуация(латын) 147.Білім Заңының қабылдануы – 1997 жыл 7 маусым 148.Егер бағыныңқы басыңқымен әр түрлі мағынада түрлі сұрауға жауап берсе, сабақтастың қай түріне жатады? – әр алуан жарыспалы 149.Әр түрлі мағынаға ие болатын одағай – бәрекелді, ойбай, пәлі, ау 150.Бұқар жыраудың бірден онға дейінгі санның мағынасын сұраған жұмбағын шешкен – Қазыбек би.