Лектор: б.ғ. к.,қауымдастырылған профессор Божбанов А. Ж



бет4/10
Дата14.09.2023
өлшемі0,91 Mb.
#107571
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ауа қабатының әсері.

  • Атмосфера қажетті табиғи қор. Атмосферадағы оттегі ағзаның тыныс алуына қажет. Ал атмосфераны ластайтын әсерлер өте көп. Әр түрлі өндірістік қондырғылар мен қозғағыштардың шектен тыс жұмыс істеуі атмосфераның ластануына әкеп соғады, сөйтіп тірі ағзалардың тіршілігіне қауіп тудырады. Өйткені ауа уланып бұзылады. Міне сондықтан қазіргі уақытта ауаны таза ұстау, ластаудан сақтау және космостық радиация тозаңдарынан қорғау мәселелеріне ерекше мән берілуі орынды.
  • Жалпы ауаның құрамындағы оттегінің мөлшері тұрақты 21%-ға тең. Ауаның құрамындағы оттегінің мөлшері 8%-ға азайса, адамның өмір сүруіне мүмкіндік болмайды. Машиналар 1000 шақырым қашықтыққа жүрген сайын адамның бір жылдық оттегінің мөлшерін жұмсайды. Осы оттегінің шығынын өсімдіктер толтырады екен. Алайда өнеркәсіптің өсуіне байланысты, көптеген қалалар, жолдар салынады. Осы құрылыс нәтижесінде көптеген ормандар, жасыл өсімдіктер қырқылады. Сөйтіп өсімдіктердің деңгейі азаяды. Осыдан келіп оттегі жетіспейді. Ондай оттегінің жетіспеушілігін «оттегі аштық» деп атайды. Бұл экологияның бұзылуының тағы бір айғағы. Ондай жағдайда міндетті түрде қышқыл жаңбыр мен қар жаууы әбден мүмкін.
  • Атмосфераның ластануы жану үрдісінде бөлінген көмір қышқыл газы (CO2) арқылы жүреді.
  • Адамның іс әрекетінен атмосфераға көмір қышқыл газынан басқа да көптеген улы заттар шығарылады.
  • Оттегі жетіспеуінен адамдар әртүрлі ауруларға шалдығады. Олардың бастары айналады, әлсірейді. Ауаның ластауынан атмосферада бірталай өзгерістер болады, соның әсерінен қышқылдық жаңбыр жауады.

Табиғат байлығымыз

  • Республикамызда табиғат байлық қорлары өте мол. Бізде 48 мың көл, 85022 өзен бар. Қазақстан жерінде 6 мыңға жуық өсімдік түрлері, 172 сүтқоректілер, 490 құстардың түрі бар. Осы байлықтарды тиімді түрде аса зор қамқорлықпен пайдалануымыз керек. Сонымен қатар, елімізде Менделеевтің периодтық системасындағы элементтердің 108-і кездеседі. Осыны дұрыс пайдаланбасақ оның арты үлкен өкінішке ұрындырады. «Адам қазіргі таңда табиғатты тұтынушы ғана емес, сонымен қатар бағындырушы, жасаушы. Біз бүгінде оған тәуелді ғана емеспіз, ол да бізге тәуелді» - деп жазды Ш.Айтматов. Қазіргі таңда табиғат байлықтарын аш көздікпен игеру бұл үлкен экологиялық апатқа апарып соқтыруы мүмкін. Оны қазір ғалымдар да жоққа шығармайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет