Лектор: б.ғ. к.,қауымдастырылған профессор Божбанов А. Ж


Байқоңыр ғарыш аймағының қоршаған ортаға әсері



бет9/10
Дата14.09.2023
өлшемі0,91 Mb.
#107571
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Байқоңыр ғарыш аймағының қоршаған ортаға әсері

  • Адамзатты ғарыштың игере бастағанына жарты ғасырдан аса уақыттың өткендігін, оның пайдасымен қатар зиянының аз емес екендігіне ерекше тоқталады. Ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтың дәйектемелеріне сүйене отырып, радиациялық сәулелердің адам ағзасына қауіпті екендігіне назар аударады. «Байқоңыр бағымыз ба, сорымыз ба?» дей келе, қазір Байқоңыр космодромынан әлем кеңістігіне бірнеше жер серіктері, зымырандар ұшатынын және олардың атмосфераның озон қабатын бұзып, радиацияны көбейтетінін айтады. Қазір осы аймақтан түрлі аурудың тарап жатқанына сараптама жасайды. Осылайша экологиялық апат адамдардың денсаулығына, оның болашағына қауіп төндіреді. Табиғат пен қайшылықтың шиеленісуіне техника, өндіріс қана кінәлі емес, адамдардың іс әрекетті басқарудағы кемшіліктері, қабілетсіздіктері, қоршаған ортаны сақтауға ынтаның жоқтығында болып отырғандығына тоқталады. Қоршаған ортаны қорғау қажеттілік. Саябақтар салу, бау бақша өсіру, ағаш отырғызу бұлар жұмыстың жартысы ғана деп ой бөліседі.

Климаттың ғаламдық жылынуы және оның салдарлары.

  • Қазіргі таңда ғаламдық жылыну проблемасы басты назарда тұр. Ең көлемді масштабта басты мәселе химиялық ортаның ластануы болып табылады.
  • Олардың ішінде газтәріздес және аэрозолді ластағыштар да бар. Бұл ластағыштар атмосферада көмірқышқыл газының көлемінің көбеюінің ең басты себептері. Процестің болашақтағы дамуы планетадағы орташа жылдық температураның өте жоғары қарқынмен өсуіне әсер етеді. Осы кезге дейін ластанған Дүниежүзілік мұхиттың 1\5 бөлігі өсуі мүмкін. Осы көлемде мұхиттың мұнай өнімдерімен ластануы гидросфера мен атмосфера арасындағы газ және су алмасу тепе-теңдігін бұзады. Қаралған факторлар биосферадағы болып жатқан процестерге әсер етеді. Табиғи және өнеркәсіптік шығымдар жылу энергиясын жер атмосферасында ұстап тұрады. Бұл газдардың жалпы атауы-тұмшалау газдары, ал олардың әсері-парникті эффект деп аталады. Күн энергиясының белгілі бір бөлігі жер бетіне сіңіп, ал қолданылмаған бөлігі ғарыштық кеңістікке тарайды. Дегенмен, тұмшалау газдар жоғарыда көрсетілген процестерге кедергі жасайтындықтан, Жер планетасының үстіңгі бөлігі жыли бастайды. Ғаламдық жылыну осы көрсетілген механизмдердің нәтижесі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет