Балқаш – Іле аймағындағы экологиялық жағдай және болашақ АЭС
Қазіргі таңда тек Арал, Семей экологиялық жағдайы халықты алаңдатып отырған жоқ. Балқаш – Іле аймағындағы экологиялық жағдай да мәз емес. 1972 жылы Іле өзенінде Қапшағай су электр станциясы салынды. Қапшағай қойнауы суға толтырылды. Соның әсерінен Іле өзенінен Балқашқа құятын су мөлшері азайды. Кішігірім көлдерге су келмейтін болды. Көбі құрғап кетті. Балық аулау көлемі қысқарды. Үлкен Алматы каналының салынуына байланысты химиялық тыңайтқыштарды есепсіз пайдалану нәтижесінде егістік жерлер тұзданды. Арал тағдыры қайта басталды. Балқаш – Іле аймағындағы экологиялық жағдай күрделі мәселеге айналды. Қазіргі таңда қоғам мен табиғат арасындағы қатынас шиеленісе түсті. Ендігі бір үлкен күрделі мәселе Қазақстанға АЭС салу қажет пе? АЭС салу мәселесіне азуын айға білеген Американың батылы бармай отыр. АЭС салуға 5 млрд доллар және оның қоқыстарын көмуге 5 млрд. доллар жұмсалу керек екен. Сонымен қатар, АЭС-пен жұмыс істейтін кадр Қазақстанда жоқтың қасы. 1991 жылы Токиодан 840 шақырым жердегі Мигама АЭС-інде апат болған. Демек, Жапонияның өзі АЭС – теріне әлі келмей, оны сақтай алмай отыр. Бір кездері Чернобыль апаты 8 млрд–тан астам шығынға батырды. Ал жазатайым осындай қайталанса не істемекпіз? Әрине оның бетін аулақ қылсын дегенмен, сақтық керек.
Каспийдің қазіргі жағдайы
«Аралдан күдер үздіріп, Каспийге жетті жүз күдік» дегендей қазіргі қарт Каспийге экологиялық жағдай жақсы болып тұрған жоқ. Экологтар, ғалымдар теңізден қара алтын өндіру теңіздің тамаша табиғат ресурстарын жоюы мүмкін деп қауіптенеді.
Оған дәлел:
1) Каспий су табанынан құбыр жүргізу балықтардың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан қоныс аудару тәртібін бұзады.
2) Қашаған кен орнының әлемдік маңызы бар бекіре балығының уылдырық шашу жолына орналасқандығы аса қауіпті.
3) Әлемдік рынакта бір тонна қара уылдырық 1200000 доллар тұрады. Ал мұнайдың бағасы бар болғаны 60 долларды құрайды. ОКИОК – Қазақстандық халықаралық офшорлық операциялық компаниясы қаіпсіздікті қамтамасыз ете ала ма, ол да сенімсіз. Тек табиғаттың бермесін тартып аламын деп, араны ашылған тойымсыз адамзаттың Құдайдың: «Сақтансаң ғана сақтаймын» деп ескерткен сөзін естен шығармағаны абзал. Жалпы бір өндірістің екінші өндірісті «жеп қоюына» жол бермеу керек.