Қазақстан 70 жыл бойы КСРО-ның құрамында болды. Сол кезде Республикамыздың ұлттық қазба, кен байлықтары ысыраппен пайдаланылып, экологиялық апатқа тап болдық. Оның үстіне, Байқоңыр космодромының қоршаған ортаға кері әсерінің болғандығын ешкім жоққа шығармайды. Осылардың әсерінен қоршаған орта мен экологияны аман сақтай алмадық.

Оның басты себептері:
1) Еліміз табиғи қордың көзі болды.
2) Полигон ошағының орналасуы және космодромның болуы.
3) Өндірісті игерушілер мен оны пайдаланушылардың аш көздігі.
4) Табиғат пен қоғам арасындағы үйлесімділік.
Міне, осылардың барлығы елімізді экологиялық апатқа душар етті. Қазіргі заманғы экологиялық проблемалардың күрделі болып отырғандығы сондықтан. Табиғатты қорғау баршамыздың ісіміз. Адам мен табиғаттың арасындағы қайшылықты қоғам реттейді, оның қызметі - жоғарғы сана, яғни, адамдардың жоғарғы экологиялық санасын тәрбиелеу және олардың өзін қоршаған әлемді қорғауға бағытталған ынта жігерін қолдау болып табылады. Біз жоғарыда сөз еткен мәселелер ең өзекті мәселе. Баршамыздың міндетіміз табиғатты аялау. ақын Олжас айтқандай «Адамға табын, жер, енді» демей, адам жерге табынуға тиіс. Біз төрт ананы құрметтеп өсуге тиіспіз:
Осы төртеуін құрметтеу арқылы біз ғасырдан ғасырға өтеміз. Сонымен қатар далалықтардың даналықтарын есте ұстаған абзал. Сонда ғана біз табиғатты аялап, оның қадірін түсінеміз. Қазір Қазақстанда бірде - бір экологиялық жағынан таза қала жоқ. Бас қаламыз Алматыда қазір 450 – 500 мыңға жуық машина бар, қоқыс көп, су лас т.б. Осының бәрі адамдардың тікелей араласуымен болып жатыр. Ол туралы Қазақстанның бас экологы, ғалым Мэлс Елеусізовтың де айтып кеткенін де білеміз.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - экологиялық жағдайды жақсарту ғаламдық проблема. Оған белсене қатысу әрбір адамның, әсіресе, жастардың міндеті болмақ.