Лектор: б.ғ. к.,қауымдастырылған профессор Божбанов А. Ж


Арал – экологиялық апатты аймақ



бет7/10
Дата14.09.2023
өлшемі0,91 Mb.
#107571
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1 лек устойчивое пр-во

Арал – экологиялық апатты аймақ

  • Қазіргі таңда су қорларын қоймаларда сақтау – экологиялық проблемалардың ең күрделі саласы болып отыр. Бұл әсіресе Арал теңізінің тағдырына байланысты. Соңғы 35 жылдың ішінде Арал теңізі 700 км су қорынан айырылды. Теңіз суының тұздылығы бір литрге шаққанда 20 грамнан асып түсті. Теңіз деңгейі 17 метрге төмендеді. Жыл сайын 75 млн тонна топырақ пен тұзды щаң ұшады. Ол барлық тіршілікті түбірімен құртуда. Арал экологиялық апатты аймаққа айналды. Шаң мен топырақ Арал қаласын тұншықтыруда. Оның халқының жартысынан астамы басқа жаққа қоныс аударуға мәжбүр болды .
  • 1960 жылдардағы Арал қандай еді? Ол КСРО – ның құрлықтағы көлдері ішінде төртінші орында алған. Балығы тулаған, құсы шулаған, қасиетті де, киелі орын болған. Арал теңізінен жылына 450 мың тонна балық ауланған. Жалпы алғанда Арал сол аймақтың ауа райына жағымды әсер еткен табиғатты реттеуші болды. Аралға құятын екі өзен суын өлшеусіз пайдалану нәтижесінде теңіз суы тартыла бастады. Теңіз суының сапасы нашарлады. Өңірді мекендеген 57 жабайы аңның 13-ақ түрі қалды, жер сорланды. Арал аймағында көптеген жұқпалы аурулар пайда болды. «Арал өңірі азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылы 17 желтоқсанында республика үкіметі қаулы шығарды. Онда көптеген жеңілдіктер көрсетілген болатын. Қазір ол жеңілдіктердің барлығы алынып тастады, тоқтатылды.

Семей проблемасы, Нарын тақсыреті

  • Семей аймағындағы ядролық сынау халықтың қайғысына айналды. Бұл аймақта бірінші рет 1949 жылдың тамыз айында 16 мың км кеңістікке жайылған жарылыс басталды.
  • Ашық ауада ядролық сынақ 14 жыл бойы жүргізілді. Ядролық техниканы сынау нәтижесінде рак, катаракта, туберкулез, аллергия, жүрек, тері, нерв - жүйке, психикалық аурулар, т.б.пайда болды. 1999 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Семей ядролық палигонын жабу туралы» Жарлық жариялаған соң, ядролық сынау тоқтатылды. Семей полигонын жабуда «Невада Семей» халықтық қозғалысының жетекшісі ақын О.Сүлейменовтың еңбегі ерекше. «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын күшіне енгізу тәртібі туралы 1992 жылғы 18 желтоқсанда ҚР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы шықты. Бұл қаулы да осы жылдан бастап уақытша тоқтатылды. Бұл оның зардаптары жойылып бітті деген сөз емес. Қазіргі таңдағы тағы бір мәселе Құм - Нарынның тақсыреті. Нарын аймағындағы экологиялық жағдай қазір алаңдатарлық деңгейде. Орал ауданының тұрғындары Ресей мемлекетіне қарайтын «Капустин Яр» әскери сынақтарының әсерінен зардап шегіп келеді. Жалпы қорыта айтқанда, Семей полигоны – қазақтың жеті атасына кететін қасірет. ХХ ғасырдағы қазақ халқының ең ауыр трагедиясының бірі. Ол қазақ халқының ғасырлар бойы шеккен қасіретінен де асып түсуі мүмкін. Семей ядролық полигоны - Жер - Ананың «тәніне» адамзат қолымен жасалған, оңайлықпен жазылмайтын жара. Жарылыс тоқтағанымен радиоактивті әсер сарқыншағы жойылған жоқ. ХІХ ғасырдағы жер жаннатындай әдемілігімен Абай, Шәкәрім, Мұхтардай ұлыларды туғызған жер, ХХ ғасырда әскери милитаризмнің құрбандығына айналды. Семей өлкесі ХХІ ғасырға адам өмір сүруге ең қауіпті аймақ ретінде енетін болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет