«Lesson Study» -оқушының іс-әрекетін зерттеу



Дата30.10.2022
өлшемі47,97 Kb.
#46197
Байланысты:
Lesson Study Gulzhan 2019


«Lesson Study» -оқушының іс-әрекетін зерттеу

Lesson Study –мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл болып табылады және оқушылардың оқу мен оқытудағы ынталарын көтеру және дамыту мақсатында өткізіледі. Lesson Study бұл сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study–ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді.


2018-2019 оқу жылының мектептің даму жоспарына сәйкес №71 мектеп-лицейінің директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары А.С Кошкимбаева,«Lesson Study» тәсілін ұйымдастыру бойынша мектеп кординаторы Г.Б Куттыбадамова және бастауыш сынып мұғалімдерінің, жаратылыстану, гуманитарлық пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Lesson Study» шығармашылық зерттеу топтары құрылды.
Зерттеу топтарының жетекшілері:

  1. Раш Шахерезада Мухтаровна (Бастауыш сынып мұғалімдері)

  2. Аштаева Гулжан Махановна (Бастауыш сынып мұғалімдері)

  3. Жолдасбекова Айман Капаловна.(жаратылыстану-математика бағыты)

  4. Өкей Маржангүл (жаратылыстану-математика бағыты мұғалімдері)

  5. Шахметова Райхан Сапаргалиевна (қоғамдық-гуманитарлық бағыты)

  6. Мукушева Шынар Казгожина (қоғамдық-гуманитарлық бағыты)

2018 жылдың қазан айында «Lesson Study» шығармашылық зерттеу топтары алғашқы отырыстарын өткізіп, бақылайтын сыныпты таңдап, 1«И», 7«Ә», 8 «А», 8«Ә», 8 «Г» сынып жетекшілерімен және пән мұғалімдерімен зерттейтін проблемалық сұрақты және А,В,С деңгейіндегі оқушылары анықталды.Олардың білім сапасын көтеру, пәнге қызығушылығын арттыру сонымен қатар пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін, оқушыны бақылау дағдыларын дамытады.


Зерттеу тақырыбы: «Деңгейлік тапсырмалар арқылы топтық жұмысты ұйымдастыра отырып,оқушы бойында көшбасшылық қабілетін дамыту» аясында жүргізіледі.
Неге осы сыныптар таңдалып алынды? Себебі біз оқушылармен сауалнама жүргізіліп, қазіргі оқыту жүйесінде сындарлы оқыту арқылы түрлі оқыту әдістерді қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыра отырып, қазақ тілі, ағылшын тілі, математика, геграфия, биология пәндеріне қызығушылығын арттыру және білім сапасын көтеру. «Lesson Study» тобы зерттеудің басты мақсаты мен міндеттерін анықтап алған соң әр пән мұғаліміне негізгі нысандарды анықтау міндеттелді.
Қоғамдық –гуманитарлық бағытта 8 «Ә» сыныпта қазақ тілі пән мұғалімі Уразова П.А қазақ әдебиеті пәнінен Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек»дастанын №1,2,3 сабақтары өтіліп, талданды. Сабақ өте жақсы жоспарланып, А,В,С деңгейіндегі оқушыларға деңгейлік тапсырмалар сабақтың әр кезеңінде беріліп, сабақта белсенді қатысқандығын байқады.Сабақ аяқталған соң зерттеу топтары оқушылардан «Оқушы үні» алынып,келесі сабаққа ұсыныстары ескерілді.Жоспарланған нәтижеге жеткенін бақылаушы мұғалімдер өз бақылау парағына жазады. Бақылауда болған оқушылар күтілген нәтижеге сай жұмыстанғандары байқалды.
Жоғарыда айтылғандай, бұл тәсіл мұғалімге де сабақтарда қолданып жүрген әдіс-тәсілдерінің қаншалықты оқушылар үшін тиімді екенін әріптестерінің көмегі арқылы анықтауға мүмкіндік беретінін байқаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет