Lesson Study бойынша мұғалімге арналған нұсқаулық Астана, 2013 Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Қазақстандағы ашық сабақ пен Жапониядағы



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата23.01.2017
өлшемі2,16 Mb.
#2532
1   2   3   4   5   6

Қазақстандағы ашық сабақ пен Жапониядағы 

Lesson Study арасындағы айырмашылық

Бұл оқу құралында мен Сіздерді Lesson Research-ті өз мектептеріңізде қалай 

өткізуге  болатындығы  таныстырамын.  Дегенмен  Сіз  ұқсас  бағдарламаны  –  ашық 

сабақты өткізіп те жүрсіз.   

Қазақстанда  мұғалімдер  ашық  сабақтарды  жылына  бірнеше  рет  өткізуге 

міндетті.  Дәл  осы  мектептің  немесе  басқа  мектептердің  осы  уақытта  сабақтары 

жоқ мұғалімдері оған қатысады. Бақылағаннан кейін олар сабақ өткізген мұғалімге 


15

өздерінің пікірлерін қалдырады. 

Сіздің ашық сабағыңыз Жапонияның Lesson Study тәжірибесіне ұқсайды. Lesson 

Study-да өз еркімен мұғалім ашық сабақ өткізеді және оның әріптестері сабақтың 

өткізілуін бақылайды.   

Қазақстандағы  ашық  сабақ  пен  жапондық  Lesson  Study  тәжірибесі  арасында 

кейбір айырмашылықтар бар.  

Айырмашылықтарының біреуі комиссияның және кестенің болуы.

Lesson  Study-да  барғысы  келетін  мұғалімдер  ғана  емес,  барлық  мұғалімдер 

ашық сабаққа қатысып, содан кейін кеңеске қатысуы тиіс.  Lesson Study комиссиясы 

тақырыпты таңдап, кесте құрады. Оларда ашық сабақ болатын күні оған қатысатын 

бір сынып қана мектепте қалады, қалғандары үйлеріне ертерек қайтады. Осылайша, 

мектепте  барлық мұғалімдер ашық сабаққа және бұдан кейінгі  талқылауға  қатыса 

алады.


Қазақстанда  ашық  сабақты  бақылаушылар  сабақты  бағалауға  және  сабақты 

өткізген  мұғалімге  өз  пікірлерін  қалдыруға  тырысады.  Жапондық  Lesson  Study-

да  бақылаушылар  мұғалімдерге  пікір  қалдыра  алады,  бірақ  олар  өздерінің  бақылау 

дағдыларын  немесе  олардың  оқу  дағдыларын  жақсартуды  қалайды.  Жапонияда 

талқылауға қатысқан мұғалімдер басқа мұғалімдердің идеяларын түсінуге тырысады. 

Қазақстан

Жапония

Жылына бір рет ашық 

сабақ

міндетті


міндетті

Ашық сабақты бақылау

ерікті

міндетті


Кесте

Ашық сабақ үшін

Ашық сабаққа арналған 

сабақ жоспары бойынша 

жиналыс, сабақтан кейінгі 

кеңесу


Lesson Study комиссиясы жоқ

Кесте жасау және Lesson 

Study үшін таңдау

Сабақ қашан өткізіледі

Сабақтары жоқ 

мұғалімдер ғана бақылай 

алады

Басқа сабақтар болмай-



ды және аталған сабаққа 

қатысатын сыныптан 

басқа сыныптар барлық 

мұғалімдер сабақты 

бақылай алуы үшін 

үйлеріне қайтады

Бақылаушының 

мақсаттары

Мұғалімге пікір қалдыру

Бақылау дағдысын 

жақсарту, мұғалімге пікір 

қалдыру


16

Сабақтан кейін талқылау

Тек мұғаліммен ғана 

талқылау


4-6 адамнан тұратын 

топтарда талқылау, содан 

кейін топ болып талқылау 

қорытындысында 

алынған нәтижелерді 

талқылау


Бақылау және талқылау 

көзқарастары

Мұғалімге пікір қалдыру 

немесе мұғалімді бағалау

Әр оқушы сабақ бары-

сында қалай оқитынын 

бақылау

Сабақты қалай жақсарту 



керек екендігі туралы ой-

лану


Ғылыми басшы

жоқ


Кейде ашық сабақты 

өткізуге жауапты мұғалім 

басқа тараптан келген 

бақылаушыдан оған кеңес 

беруін сұрайды

Көп жағдайда басқа та-

раптан келген ғылыми 

басшы сабаққа қатысады 

және мұғалімдердің 

пікірталасының 

қорытындысын 

шығарады, оларға кеңес 

береді

Lesson Study тәжірибесін өткізу

1-кезең: Мектеп басшысы жүзеге асыратын дайындық

Lesson  Study-ды  Сіздің  мектебіңізде  өткізу  үшін  Сіз  мектепте  комиссия 

тағайындауыңыз және  бұл үдеріс үшін ресурстарды бөлуіңіз қажет.  

Оқу жылының басында мұғалімдер Lesson Study тәжірибесіне жауап беретін 

комиссия  ұйымдастырады.  Комиссия  мүшелері  –  профессор-оқытушы  құрамының 

өкілдері; бір сыныптың немесе бір пәннің оқытушылар құрамы. Олар талқылайды 

және Lesson Study үшін тақырып пен кесте анықталады. 

Lesson Study тақырыбы мұғалімдер өз сабақтарын және оқушылардың оқуын 

қалай  жетілдіруге  тырысатынын  көрсетеді.  Lesson  Study  тақырыбын  әр  мұғалімге 

бөліп беруге болады, бірақ егер бір мектептің мұғалімдерінің ортақ тақырыбы болса 

жақсы болады. 

Lesson Study-ды айына бір рет өткізу үшін  барлық оқытушылар құрамын кәсіби 

дамыту үшін кестеге сай уақыт тағайындайды. Бөлінген уақытта олар Lesson Study 

өткізе алады. Оларда ашық сабақ болатын күні мектепте аталған сабаққа қатысатын 

бір ғана сынып қалады да, барлық мұғалімдер сабақты бақылай алуы үшін қалған 

сыныптар үйлеріне қайтады.   



17

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

1

2



3

4

5



6

Lesson Study айына бір рет өткізіледі. Комиссия ашық сабақ өткізу және сабақ 

жоспарын талқылау кестесін жасауы тиіс. Ашық сабақ өткізіліп жатқан күні кесте 

бақылаушылар үшін қатынау уақытын көрсетуі тиіс. Сабақ жоспары бойынша кезде-

сулер сабақтардан кейін өткізілуі мүмкін.  

Айы

Ашық сабаққа 

жауапты мұғалім 

Ашық сабақ күні 

Сабақ жоспарын 

талқылау күні  

қыркүйек


қазан

қараша


желтоқсан

Қаңтар


ақпан

наурыз


сәуір

мамыр


2-кезең: Жоспарлау

Lesson Study-да бір мұғалім белгіленген сабаққа дейін шамамен бір айда еркіті 

түрде зерттеу сабағын өткізу, сабақ жоспарын жазу үшін жауапкершілікті өзіне ала-

ды. Содан кейін ол сабақ жоспарын кездесуде ұсынады. Онда бір сынып немесе бір 

пән саласы мұғалімдері жиналады.  Кездесуде мұғалімдер тобы сабақ жоспарының 

түзетулерін талқылайды. Талқылау барысында олар сабақты оқу жылының басында 

белгілейтін Study Lesson тақырыбына сай жақсартуға тырысады.

Содан кейін мұғалім басқа мұғалімдермен талқылауға енгізделген сабақ жоспа-

рына түзетулер енгізеді. Кейбір жағдайда кездесу циклдері мен түзетулер бірнеше рет 

қайталанады. Сонымен қатар мұғалімдер сабақ жоспарын жақсарту үшін әкімшіліктен 

немесе басқа институттан келген бақылаушылардан кері байланыс сұрайды. Сабақты 

дайындау және талқылау үшін бір айдай уақыт қажет болуы мүмкін.

Біздің сабақ жоспарымызда Сіз көбінесе мұғалімдердің көптеген әрекеттерін, 

бірақ аз ғана оқушылардың күтілген жауаптары туралы сипаттайсыз, ал Жапонияның 

оқу  жоспарында  оқушылар  мұғалімнің  нұсқауына  немесе  сұрағына  қалай  әрекет 

ететіні маңызды болып табылады.



18

Мысалы,  мұғалім  оқушылардан  «37-ні  28-ге  қалай  қосамыз?»  деп  сұраған 

уақытта  кейбір  оқушылар  30+20=50,  7+8=15,  50+15=65  деп  есептесе,  басқалары 

28=3+25,  37+3=40,  40+25=65,  үшіншілері  28=13+15,  37+13=50,  50+15=65  деп 

есептейді.  Ал  сабақ  уақытында  оқушылар  тіпті  күтпеген  ойларды  айтуы  мүмкін, 

осылайша, мұғалім оқушылардан аса мүмкін болатын пікірлерді күтуі тиіс.  

Оқушылардың  ойын  күтуге  қосымша  ретінде  маңызды  мәселе  сабақ 

қорытындысын қалай шығару керек деген мәселе болып табылады. Сабақтың мақсаты 

«есептеудің тиімді тәсілін түсінуде» болып табылады.  Осылайша, оқушылар әртүрлі 

тәсілдермен  есептей  алады,  бірақ  олар  екі  таңбалы  сандармен  жұмыс  істеу  үшін 

қайсысы ең жақсы тәсіл болып табылатынын білуі тиіс.

Сабақ жоспарының мысалы: 

1.  Сынып 

2.  Күні


3.  Мақсаты

4.  Критерилер

5.  Материалдар 

6.  Сабақ барысы

Кіріспе

Оқушылардың назарын тартып алу 



Негізгі сұрақ

Негізгі жұмыс

Қосымша сұрақ 

Оқушылардың болжамды жауаптары

Қорытынды

Сабақ жоспарын тексеру

•  Бөлімдері: тақырып, күні, сынып, материалдар

•  Оқу мақсаттары мектептің оқу жоспарымен сәйкес келеді   

•  Жетістіктерді бағалау критерилері оқыту мақсаттарымен сәйкес келеді   

•  Кіріспе, негізгі жұмыс пен қорытынды арасындағы байланыс қадағаланады   

•  Оқушылардың аталған сабақ жоспарын меңгеруі   

•  Сабақ жоспары Lesson Study тақырыбымен сәйкес келеді

•  Сабақ жоспары оқушылардың болжамды жауаптарын қамтиды 

3-кезең: Сабақты бақылау

Мұғалім сабақ жоспарын ұстана отырып, оның сыныбында ашық сабақ өткізеді. 

Мектептегі мұғалім немесе сол саланың мұғалімі зерттеу сабағын бақылайды.

Сабаққа  шолу  жасаған  кезде  Сіз  оған  қатысуыңыз  қажет.  Сіз  студенттер  қалай 

оқитынын бақылай аласыз. Бірақ егер олар сабақты түсінбей қалса немесе сабаққа назар 

аудармаса, Сіз оқушылармен әңгімелеспеуге тырысуыңыз керек.  Оқушылармен әңгіме- 

лесу деген сөз Сіз сабақты бұзып жатырсыз. Сіз бақылауға назар аударуыңыз керек.

Сіз сабақты бақылаған уақытта Сіз сабақ жоспарын алып, белгі қоюға тиіссіз. 

Бұған Сізге төмендегі үлгілер көмектеседі. 

(сабақ басында) 

•  Сабақ мақсаты анық

•  Оқушылар өздерін тәртіпті ұстайды 



19

•  Оқушылар сабаққа назар аударады 

(негізгі жұмыс)

•  Мұғалім анық түсіндіреді 

•  Мұғалім оқышулар назарын өзіне тарта алады 

•  Мұғалім оқушыларды өз ойларын біліруге итермелейді  

•  Мұғалім оқушыларды терең ойлауға итермелейді

•  Мұғалім тақтаға анық жазады

•  Мұғалім топтық жұмысты орнымен қолданады

•  Мұғалім АКТ құралдарын тиісті түрде қолданады   

•  Жұмыс парағы немесе басқа материалдарды тиімді түрде қолданады

•  Оқушылар дұрыс нәрселерді жазып алады

•  Оқушылар сабақты түсінеді

•  Оқушылар өз пікірлерін айқын жеткізеді 

•  Оқушылар бірін-бірі тыңдай алады

•  Мұғалім оқушылардың сөзіне, сұрақтарына дұрыс жауап қайтарады

•  Сабақ қорытындысы мақсатқа сәйкес 

Сіз  сабаққа  бақылау  жүргізгенде,  Сіз  мұғалімге  емес,  оқушыларға  назар  

аударуыңыз  керек.  Егер барлық оқушылардың бәрін бірдей бақылау мүмкін емес 

болса, Сіз кейбір оқушыларға назар аудара аласыз. Оқушылар аз болған жағдайда, 

мысалы, 10-нан аз, Сіз барлығын бақылауға тырысуыңыз керек.   

Сіз әріптестермен нақты кімді бақылайтыныңызды бөлісіп алуыңызға болады. 

Егер Сіз оқушыларды бақылау нәтижесін бөліссеңіз, онда бұл Сізге көп ақпарат береді. 

4-кезең: Сабақтан кейінгі талқылау

Ашық сабақ өткізгеннен кейін бақылаушылар оны талқылайды.  

Ашық сабақты талқылау мақсаты мұғалімдердің көзқарасын түзету немесе әр 

қатысушының сабаққа бейімін тереңдету емес, сабақты бағалау үшін қойылуы тиіс. 

Кейде Сіздің кері байланысыңыз нұсқаушыны ілгерілете алады, бірақ кейде Сіздің 

сабаққа қойған бағаңыз  зиянын тигізуі мүмкін.  

Қазақстандағы  мұғалімдер  ашық  сабақты  талқылаған  кезде,  олар  мұғалімнің 

мақсатын,  оқушылардың  білім  алу  жолын  түсінуге  тырысады.  Басты  мақсат  – 

мұғалімнің бақылау дағдысын дамыту, бірақ бірін-бірі бақылаған кезде оқыту әдіс-

тәсілдері де бір-біріне ұқсаса болып кетеді. 

Нұсқаушы  талқылауға  қосылмауы  тиіс.  Онда  сабақ  бойынша  ақпарат  көп, 

сондықтан егер ол талқылауға қосылатын болса, қатысушылар нұсқаушыға жүгіне 

алады. Нұсқаушы талқылаудан тыс қалады және бақылаушылардың сұрақтарына жа-

уап береді.   

Нұсқаушы үшін сұрақтардың, мысалы: 

•  Неліктен Сіз осы сабақ үшін жұмыстың осы түрін таңдадыңыз?

•  Неліктен Сіз бұл оқушыны шақырдыңыз?

•  Неліктен Сіз оқушылардың сұрақтарына жауап бермедіңіз?

Кейде  Сіз  бір-біріңізбен  талқылай  аласыз.  Сіздің  сыни  немесе  логикалық 

ойыңызды дамыту үшін пікірталастар Сіз үшін пайдалы болуы мүмкін, бірақ бұл көп 

уақытты алуы мүмкін және көбінесе ұзақ пікірталастар қатысушыны шаршатады.   


20

Сіздің бақылай алуыңызды жақсарту үшін Сіз пікірталастар емес, диалогтар 

өткізуіңіз  қажет.  Диалогта  Сіздер  басқаларды  жеңуге  емес,    бір/біріңізді  түсінуге 

тырысуыңыз керек. Сіз басқаларды тыңдау үшін бар назарыңызды аударуыңыз ке-

рек. Кейде Сіз өз идеяңызды басқаларымен бөліскен уақытта Өзінің неліктен осылай 

ойлайтыныңыз туралы болжамыңызды айтуыңыз қажет.  



Пікірталастар

Диалог

Мақсаты


Қорытындыға келу

Бірін бірі түсіну

Қажетті шеберлік

Сынтұрғысынан ойлау

Тыңдай білу

Көзқарас


Өз болжамын айту

Қатысушылар арасындағы 

қарым-қатынас

Бәсеке 


Бәсеке емес  

Сабақты талқылаған уақытта стикерлер мен плакаттарды қолдану қажет болуы 

мүмкін.

Талқылауда Сіз 5 немес 6 мұғалімнен тұратын бірнеше топ құрасыз. Әр топқа 



Сіз  стикерлерге  сабақ  бойынша  айтылуы  мүмкін  өз  ескертулеріңізді  жазасыз. 

Стикерлерді  толтырғаннан  кейін  Сіз  оларды  плакаттарға  орналастырасыз.  Плакат-

та Сіз бірдей идеяларды көрсететін стикерлерді табасыз. Сіз оларды топтастырып, 

әр топқа атау бересіз. Плакатқа атауы бар бірнеше топтар құрылады. Бұл сабақтың 

ерекшелігін көрсетеді. Бұл үдеріс сабақ барысын талдайды.  

Сабақ  барысын  талдағаннан  кейін  Сіз  сабақты  қалай  жақсартуға  болатынын 

талқылай аласыз. Талқылау нысандары әртүрлі болуы мүмкін. Сіз талқылап жатқан 

кез-келген идея плакаттың бос аумағында жазылуы мүмкін.   

Сіз топта талқылайтын болсаңыз, сіз топ көмекшісін атауыңыз қажет. Көмекші 

топтық талқылау жүргізеді және талқылау нәтижелерін жазады. Кейде мектепте білім 

беру жөніндегі кеңестің бақылаушысы немесе университет профессорлары сияқты 

сыртқы кеңесшілерден талқылауға қатысуын және кездесуге қатысқан мұғалімдерге 

кеңес беруін сұрайды.

2 мин 5-6 мұғалімнен топтарға бөлініңіздер

3 мин Өз идеяларыңызды стикерлерге түсіріңіздер  

30 мин Өз  жасаған  белгілеріңізді  төменде  берілген  схеманы  сақтай  отырып, 

плакатқа орналастырыңыздар (мұғалімнің оң сәттері, нені жақсару қажет, 

оқушылардың оң жақтары, нені жақсарту қажет) және ұқсас идеяларды 

стикерлердің  орнындарын  ауыстыра  отырып,  плакатқа  топтастырыңыз, 

талқылай отырып, ескертулердің әр тобына атау беріңіз

Плакаттағы атаулар сабақтың ерекшеліктерін көрсетеді   

25 мин Жақсарту қажет болған сабақтың кезеңдеріне қандай өзгерістер енгізуге 

болатынын талқылаңыз  

Мұны плакатқа жазып қойыңыз   

30 мин Әр топтың нәтижелерімен бөлісіңіз   


21

Пікірталас үлгісі



Мұғалім

Оқушылар

Оң сәттер

Жақсарту 

қажет


5-кезең: Lesson Study туралы есеп жазу

Талқылау көмегімен келесі ашық сабаққа жауап беретін мұғалім сабақ жоспа-

рын жазу үшін жаңа идея әзірлей алады.  

Бірнеше Lesson Study тәжірибелері арқылы бір жыл ішінде мұғалім өз рефлек-

сиясын тереңдете немесе сабақтың жаңа идеяларын әзірлей алады. Егер Сіз Lesson 

Study  туралы  есеп  жазсаңыз,  бұл  Сіздің  дамуыңызды  бір  жылдан  кейін  көрсетеді 

және есеп жазу үдерісінің өзі Сіздің  Lesson Study рефлексиясына түзетулер енгізеді.

Егер  Сіз  мектепте  Lesson  Study  үшін  бірыңғай  тақырып  белгілесеңіз,    Сіз 

өз  есептеріңізді  бір  кітапқа  біріктіре  аласыз.    Кейбір  жағдайда  бұл  есептерді  өз 

мектебіңіздің жылдық есебімен біріктіре аласыз. 

Менің  зерттеуіме  сай  Lesson  Study  тәжірибесін  жүргізу  Сіздің  мектеп 

мәдениетіңіздің  дамуы  үшін  тиімді  болып  қалады.  Осылайша,  Lesson  Study  үшін 

бірыңғай  тақырыпты  белгілеу  және  аталған  тәжірибе  туралы  есеп  жазу  маңызды 

шарт болып табылады.  (Чичибу және Киара 2013)

•  Lesson Study үдерісін басқаруға арналған комиссия

•  Lesson Study үшін тақырып белгілеу

•  Барлық мұғалімдер зерттеу сабақтарын өткізеді   

•  Жоспар құру үшін мектептің барлық мұғалімдерімен кездесу

•  Басқа мектептердің мұғалімдерін шақыру   

•  Мектеп жылының соңында Lesson Study туралы есеп дайындау 



Глоссарий:

•  Lesson Study: сабақты жақсартуға арналған арналған процесс. Ол сабақты 

жоспарлау, сабақ жоспарын талқылау, зерттеу сабағын ашу, сабақтан кейінгі 

талқылау сияқты кезеңдерден тұрады. 

•  Зерттеу сабағы: мектеп немесе мұғалімнің зерттеу тақырыбына байланысты 

жоспарланған сабақ. Оны мектептің басқа мұғалімдері бақылайды. 

•  Сабақтан  кейінгі  талқылау:  бақылаушылар  арасындағы  талқылау,  оның 

мақсаты сабақтан алынған ой-пікірді талқылау, сабақты жақсарту жөніндегі 

жаңа идеялармен алмасу.

Алғыс айту 

Мен  Білім  беру  саясаты  жөніндегі  ғылыми  зерттеу  институтында  бас 

ғылыми  қызметкер  болып  жұмыс  істеймін.  Бұл  институт  Жапонияның  Білім  беру 

министрлігіне қарайды. Менің мамандығым – Lesson Study және мұғалімдерді оқыту. 

Мен Жапонияның мектептерінде жүргізілген жүзден астам сабақты бақыладым. 


22

Мен  Қазақстанда  2013  жылдың  сәуірі  мен  шілдесі  аралығында  болдым.  На-

зарбаев  Зияткерлік  мектептерінде  өткізілетін  сабақтарды  бақылау,  жергілікті 

мұғалімдермен танысу мақсатымен Астана, Көкшетау, Семей, Өскемен, Алматы, Та-

раз, Шымкент және Қызылорда қалаларында болдым. Бақылау және мұғалімдермен 

кездесу нәтижесінде мен Қазақстандағы сабақ өткізу мен мектепті басқару жөнінде 

көп ақпарат жинадым. 

Бұл  оқулықта  мен  Lesson  Study  арқылы  Қазақстан  мектептерінде  мектеп 

мәдениетін қалай қалыптастыру жайлы ойлармен бөлістім. 

Мен ПШО басшысы Ермек Қасымбеков мырзаға мені Қазақстанға шақырғаны 

үшін, Кемал Бакировқа менің сапарымды ұйымдастырғаны үшін, Ирина Энтина мен 

Ажар Тулепбаеваға менің қалаларға сапарымды ұйымдастырғаны үшін алғысымды 

білдіремін. Louise du Touit және Raewyn Eagar Педагогикалық шеберлік орталығының 

халықаралық кеңесшісі ретінде маған осы оқулықты жазғанда көп кеңес берді. Dr. 

Hiroyuki  Kuno  маған  Жапониядағы  Lesson  Study  сипаттамасын  жазуда  көп  көмек 

көрсетті. Сонымен қатар, мен Астана, Көкшетау, Семей, Өскемен, Алматы, Тараз, 

Шымкент және Қызылорда Педагогикалық шеберлік орталығында жұмыс істейтін 

қызметкерлерге алғысымды білдіремін. 

Toshiya CHICHIBU

Шілде, 2013 ж. 



23

ОҚУҒА АРНАЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.  Chichibu,  Toshiya;Kihara,  Toshiyuki,  (2013),  “How  Japanese  Schools  build  a 

professional learning community by lesson study” International Journal for Lesson and 

Learning Studies, Vol. 2 Iss: 1 pp. 12 – 25

2.  Dadley, Pete, (2011), “Handbook of Lesson Study”http://lessonstudy.co.uk/

3.  Fernandez, Clea; Yoshida, Makoto, (2004), “Lesson Study: A Japanese Approach To 

Improving Mathematics Teaching and Learning”, Lawrence Erlbaum Associates

4.  Kolb, David; Wolfe, Donald, (1981), “Professional Education and career development: 

a cross sectional study of adaptive competencies in experimental learning” National 

Institute of Education, Washington, D.C.

5.  Kuno, Hiroyuki, (2011), Conceptualizing Lesson Study as Change Management Recipe, 

Teacher  Professional  Development:  Traditions  and  Changes,  http://www.academia.

edu/3570574/Conceptualizing_Lesson_Study_as_Change_Management_Recipe

6.  Kuno, Hiroyuki,  (2011), “The trends of Lesson Study in the world ”, WALS expert 

seminar

7.  Lewis,  Catherine,  (2002),  “LessonStudy:  A  HandbookofTeacher-Led  Instructional 



Change”, Research for Better School

8.  Lewis, Catherine; Hurd, Jacqueline. (2011), “Lesson Study Step by Step: How Teacher 

Learning Communities Improve Instruction”, Heinemann

9.  National Association for the Study or Educational Method, (2011), “Lesson Study in 

Japan”, Keisui-sha, Japan

10. Stigler, James &Hiebert, James, (1999), “Teaching Gap” Simon&Schuster Inc.



Руководство для учителей 

по реализации подхода

Lesson Study

Астана, 2013

Рекомендовано к печати Методическим советом

Центра педагогического мастерства

АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»

Чичибу Т. Руководство для учителей по реализации подхода Lesson Study 

(досл.  с  англ.  Исследование  урока):  пер.  с  англ./Т.  Чичибу  (Япония),  Л.  Ду  Тоит 

(Южная Африка), А.Тулепбаева (Республика Казахстан).Астана: Центр педагогиче-

ского мастерства АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2013.  

Данное  руководство  раскрывает  основные  идеи  подхода  Lesson  Study  (яп.- 

kenkyu jugyo)  как процесса улучшения  преподавания.  Авторы представляют  цели, 

преимущества данного подхода, эффективность его использования в процессе обуче-

ния, а также предлагают поэтапную реализацию данного подхода. 

Практика использования подхода Lesson Study становится все более популяр-

ной в системе cреднего образования и системе подготовки учителей разных стран,  а 

с недавнего времени данная практика находит свое место в высшем образовании как 

форма факультативного обучения.


ОГЛАВЛЕНИЕ

Lesson study в Японии ......................................................................................................38

Почему Lesson study стал популярным в мире? .............................................................39

Цели Lesson study .............................................................................................................40

Эффективность применения подхода Lesson study .......................................................44

Эксплицитное и имплицитное знание ............................................................................45

Lesson study  может формировать школьную культуру .................................................47

Сопоставительный анализ методики проведения «открытых» уроков 

в Казахстане и реализации подхода Lesson study в Японии ........................................48

Процесс реализации подхода Lesson study:

Этап1: Подготовка, осуществляемая руководством школы ..........................................51

Этап2: Планирование урока ............................................................................................52

Этап3: Наблюдение учителя ............................................................................................54

Этап4: Обсуждение урока ...............................................................................................55

Этап5: Написание отчета по Lesson study ......................................................................58

Глоссарий ..............................................................................................................................

Литература для последующего чтения ...........................................................................61



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет