°леуметтік топтарды³ °леуметтік-психологияЛЫқ ұйымдастырылуы



бет1/8
Дата01.05.2023
өлшемі153,5 Kb.
#88632
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
5 лек

°ЛЕУМЕТТІК ТОПТАРДЫ³ °ЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИяЛЫқ ұЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

  • ¶лкен топтар – адамдардың тұлғааралық және әлеуметтік тығыз байланыстарын талап етпейтін шағын топқа қарағанда, мемлекет көлемінде өмір сүретін қауымдастық.
  • ¶лкен топтарда әлеуметтік мінез-құлық нормалары, қоғамдық және мәдени құндылықтар, дәстүрлер, қоғамдық пікір мен жаппай көңіл-күй қалыптасады. ¶лкен топтарға жататындар: таптар, қалың бұқара топтары, этностар (ұлт, жұрт), жас ерекшелік топтар, діни конфессиялар, партия мен қоғамдық ұйымдар, т.б.
  • Орта топтар – бұл мекемелер, ұйымдар, әскери бөлімдер мен құрамалар, территориялық қауымдастықтар (бір қаланың, ауданның тұрғындары).
  • Шағын топтар – іс-әрекет мақсаты ортақ, құрамындағы адамдар саны шектеулі және тікелей тұлғалық байланыста бірлескен, соның негізінде топтық тұтастығы туындаған адамдар тобы. Шағын топқа жататындар: отбасы, әскери шағын бөлімшелер, көршілер қауымдастығы, достар компаниясы, т.б.
  • Микротоптар – шағын топтардың ішіндегі формалды емес топтар.
  • ұйымдасқан топтар – ішкі себептермен пайда болған (спонтандық) және өзінің ішіндегі қатаң және билеп-төстейтін коммуникативтік қатынастары бар топтар.
  • ұйымдаспаған топтар – ішкі себептермен пайда болған (спондандық) және өзінің ішіндегі қатаң емес және билеп-төстемейтін коммуникативтік қатынастары бар топтар.
  • Формалды емес (ресми емес) топтар – тұлғалық таңдаулар мен қызығушылықтар негізінде қалыптасқан.
  • Ресми топтарға құрылымы сырттан, ресми түрде берілген топтар жатады. Ресми топтар алдын ала қоғамның белгіленген мақсаттарымен, ережелерімен, нұсқауларымен, жарлығымен сәйкес қызмет етеді.
  • °лсіз дамыған топтар – белгілі бір топтардың өмір тіршілігінің бастапқы кезеңіндегі формасы.
  • Жоғары дамыған топтар – жалпы мақсаттары мен қызығушылықтары бұрыннан қалыптасқан, қарым-қатынастары жоғары даму жүйесінде ұйымшылдығымен жоғары деңгейде ерекшеленетін топ. °детте, жоғары дамыған топтарға ұжым жатады.
  • Референттік топтардың қызығушылықтарын, тұлғалық құндылықтарын және бағалауларын бағдарға ала отырып, үлгі тұтады.
  • Референттік емес топтарға адамдар оның мүшесі болып нақты түрде кіреді.
  • Реалды топтар – бұл адамдардың іс-әрекеттері мен күнделікті өмірлері бірге өтетін топтар.
  • Шартты топтарбір жалпы, мысалы, жас, жыныс, т.б. белгілерімен біріккен топтар.
  • Бастапқы топтар – адамдардың қоғамдағы тікелей алғашқы қарым-қатынасымен өзара әрекеттес болатын топтар.
  • Екінші қайтара топтар – олардың барлық мүшелерімен байланыстары жоқ және топ басшылығының жетекшілігімен өзара қатынастары туындайтын топтар. Мысалы, мектеп ұжымы нақты сынып ұжымына қарағанда екіншілік топ болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет