°леуметтік топтарды³ °леуметтік-психологияЛЫқ ұйымдастырылуы


Таптың психологиялық құрылымы



бет7/8
Дата01.05.2023
өлшемі153,5 Kb.
#88632
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
5 лек

Таптың психологиялық құрылымы

  • Таптың психологиялық құрылымы
  • Тап психологиясына оның қажеттіліктері, қызығушылықтары, құндылық бағдарлары, рөлдік түсініктері, мінез-құлық нормалары және басқа да әлеуметтік-психологиялық құбылыстары кіреді.
  • Тап қажеттіліктері – бұл таптың дамуы мен белсенділігін оятушы күштер. Таптар іс-әрекетінің ерекшеліктері олардың өкілдерінің кейбір қажеттіліктерін дамытады, кейбірін керісінше төмендетеді. Кәсіпкерлік іс-әрекет, мысалы буржуазия өкілдері бәсеке күресіне төтеп беруді қажетсінеді, өздерінің ақсүйектер табы құрамында болуын сақтауды және жаңа кірістерді алуды қамтамасыз етеді.
  • Тап қызығушылықтары – бұл да оның негізгі қозғаушы күші, осы қоғамның өндірістік жүйесінде шартталған обúективті қажеттілігі даму деңгейіне тәуелді кәмелет дәрежесімен ерекшеленеді. Тап қызығушылығын кемсітуге жасалған талпыныс, әсіресе, мемлекет тарапынан болған, оның өмірлік тұрақтылығына жасалған тонау әрекеті секілді қабылданады. Адамгершілік-этикалық насихат немесе гуманистікке шақыру арқылы, басқа таптардың қызығушылығын есепке ала отырып, бірде-бір тап, бірде-бір тапаралық топ өзінің қызығушылығын өз еркімен жеткізбейтіндігін әлеуметтік шынайы өмір көрсетіп отыр. Таптық қызығушылықтың дау-дамайы таптық күрестің болуына алып келеді.
  • Тап құндылықтары (құндылық бағдарлары) – бұл қоғам санасы мен өндіріс құралдарының меншік сипатына негізделген мұраттар (идеал). Таптық әрекет экономикалық жағдайларда обúективті құндылықтармен анықталады. Мысалы, меншік иелері - кәсіпкерлердің құндылық жүйелері, олардың бүкіл өмірі қатал бәсекелестік күресте өткендіктен, меншігіме қол сұқпа деген қағидаға негізделеді, бұл - тұлға табысының негізгі құралы және ұрпағының және өзінің тәуелсіздігіне жол ашады.
  • Таптың рөлдік түсініктері күнделікті әрекеттердің негізінде жасалған құндылық бағдарлары және өзінің қоғамдағы рөлін санадан өткізу нәтижесіндегі көзқарастары болып табылады.
  • Таптық мінез-құлық нормалары – оның өкілдеріне қойылатын нақты талап-үміт, тілектер, қағидалар. Таптық норма көмегімен таптар өз өкілдеріне әрекет пен қылықтарды бағалайтын және бағыттайтын, бақылайтын, реттейтін, мінез-құлықты қанағаттандыруы қажет талаптар қояды.
  • Тап дәстүрлері, салттары және әдеттері – тұрақталған ережелер, қағидалар және өмір стереотиптері мен тап мүшелерінің әрекеттері, мінез-құлықтарының негізгі реттеулері. Олардың көмегімен, сонымен қатар тап психологиясының басқа элементтерінің көмегімен ол адамдардың тұрақты және ұйымдасқан қауымдастығына айналады.
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет