Lfb 5B019 kz мазмұны Сақтық шаралары мен кеңес, 2



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі1,82 Mb.
#9547

LFB 5B019

KZ

Мазмұны 

Сақтық шаралары мен кеңес, 2

Жалпы қауіпсіздік

Қоқысқа тастау

Қуатты үнемдеу және қоршаған ортаны құрметтеу



Орнату - көмек, 3-4-5

Орнату және түзулеу

Су мен токты қосу

Бірінші жуу циклына қатысты кеңес 

Құрылғыны алғаш рет қосу 

Техникалық деректері

көмек

Құрылғы сипаттамасы, 6

Жалпы шолу

Басқару тақтасы

Тартпаларды жүктеу, 7-8

Төменгі тартпа 

Жоғарғы тартпа 

Жоғарғы тартпаның биіктігін реттеу

Үшінші тартпа*

Қосу және пайдалану, 9

Ыдыс жуу машинасын іске қосу

Жуғыш затты өлшеу

Жуу циклдары, 10

Жуу циклдарының кестесі

ЭКОДИЗАЙН ТАЛАБЫ

Шаюға көмекші зат және тазаланған тұз, 11

Шаюға көмекші затты өлшеу

Тазаланған тұзды өлшеу

Күтім көрсету және техникалық қызмет 

көрсету, 12

Су мен токты өшіру

Ыдыс жуу машинасын тазалау

Жағымсыз иістердің алдын алу

Тозаңдатқыш өзекшелерді тазалау

Судың кіріс сүзгісін тазалау

Сүзгілерді тазалау

Машинаны ұзақ уақыт пайдаланбауға қалдыру



Ақаулықтарды жою, 13

Қазақша, 1

Пайдалану нұсқаулығы

ЫДЫС ЖУУ МАШИНАСЫ

2

KZ

*

 



Тек кейбір үлгілерде бар.

Сақтық шаралары мен кеңес

Бұл  құрылғы  ағымдағы  халықаралық  қауіпсіздік 

стандарттарына  сай  құрылған  және  өнідірілген. 

Төмендегі  ақпарат  қауіпсіздік  мақсатында  берілген, 

сондықтан оны мұқият оқып шығу қажет.

Бұл  нұсқаулықты  кейін  қарау  үшін  жоғалып 

қалмайтындай  бір  жерге  сақтап  қойыңыз.  Құрылғы 

сатылса, тегін берілсе немесе жылжытылса, нұсқаулық 

машинамен бірге болатынын қамтамасыз етіңіз.

Осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: оның ішінде 

орнату, пайдалану және қауіпсіздік туралы ақпарат бар.

Бұл  құрылғы  үйде  немесе  соған  ұқсас  жағдайда 

қолдануға арналған, мысалы:

-  дүкендердегі,  кеңселердегі  және  басқа  жұмыс 

орындарындағы қызметкерлердің ас бөлмесінде;

- фермадағы үйлер;

- қонақ үйлеріндегі, мотельдердегі және басқа да қонақ 

күту орындарындағы қонақтардың пайдалануы үшін;

- кіші қонақ үйлерінде.

Жалпы қауіпсіздік

•  Қауіпсіздігіне  жауапты  адам  құрылғыны  қолдану 

бойынша  кеңес  не  нұсқау  бермеген  жағдайда 

физикалық,  сезімталдық  және  психикалық 

қабілеттері төмен адамдар (оның ішінде балалар), 

тәжірибесіз немесе өнімнен хабары жоқ кез келген 

адам құрылғыны қолданбауы тиіс.

•  Құрылғымен  ойнауға  мүмкіндік  бермейтін  ересек 

адам балаларды әрдайым бақылауы тиіс.

•  Құрылғы  үйде  қолдануға  арналған,  оны 

коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда қолдануға 

болмайды.

•  Құрылғы  үйдегі  ыдыс-аяқты  осы  нұсқаулықтағы 

нұсқауларға  сәйкес  жуу  үшін  ересек  адамдармен 

қолданылуға арналған.

•  Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау 

қажет.  Құрылғыны  жауын  мен  найзағай  астында 

қалдыру өте қауіпті

•  Жалаң аяқ болған кезде құрылғыға тимеңіз.

•  Құрылғыны  токтан  ажыратқан  кезде,  розеткадан 

әрдайым  айырынан  ұстап  тартыңыз.  Кабелінен 

ұстап тартпаңыз.

•  Құрылғыны тазаламас немесе оған қызмет көрсетпес 

бұрын  су  шүмегін  жабу  және  айырды  розеткадан 

ағыту керек. 

•  Құрылғы  бұзылып  қалса,  ешбір  жағдайда  өз 

бетіңізбен жөндеу мақсатында ішкі бөліктерге тиюші 

болмаңыз. 

•  Құрылғының ашық есігіне сүйенбеңіз немесе оған 

отырмаңыз: бұл құрылғыны аударып түсуі мүмкін.

• Есікті ашық қалдырып кетуге болмайды, себебі ол 

қауіпті кедергі болып табылады.

•  Жуғыш зат пен шаюға көмекші затты балалардан 

аулақ ұстаңыз.

•  Орама  материалын  бала  ойыншығы  ретінде 

қолдануға болмайды.



Қоқысқа тастау 

•  Орама материалын қоқысқа тастау: ораманың қайта 

пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті заңды 

қадағалаңыз.

•  Қоқыс электр және электрондық жабдыққа (

WEEE

қатысты  2012/19/EC  Еуропалық  директива  үй 

құрылғылары әдеттегі қала қоқысына тасталмауын 

мәлімдейді. Қоршаған орта мен халық денсаулығына 

тиетін  зиянның  алдын  ала  отырып,  машина 

ішіндегі  материалдарды  қайта  пайдалану  мен 

өңдеу  дәрежесін  оңтайландыру  мақсатында 

жарамсыз  құрылғылар  бөлек  жиналуы  керек. 

Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жәшігі белгісі 

өнім иелерінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты 

міндетін еске салады.

  Үй  құрылғыларын  тиісті  түрде  қоқысқа  тастау 

туралы қосымша ақпарат алу үшін ие адамдар тиісті 

мекемеге  немесе  жергілікті  құрылғы  сатушысына 

хабарласуы мүмкін.

Қуатты үнемдеу және қоршаған ортаны 

құрметтеу

Су мен қуатты үнемдеу

•  Ыдыс жуу машинасы толған кезде ғана жуу циклын 

бастаңыз.  Ыдыс  жуу  машинасының  толуын  күту 

барысында жағымсыз иістердің алдын алу үшін Суға 

салып  қою  циклын  қолданыңыз 

(«Жуу  циклдары» 

бөлімін қараңыз)

.

•  Жуу  циклдарының  кестесін  пайдалана  отырып, 



ыдыс-аяқ түріне және ластану дәрежесіне қолайлы 

жуу циклын таңдаңыз:

  - орташа ластанған ыдыстар үшін Эко жуу циклын 

пайдаланыңыз,  ол  қуат  пен  судың  төмен  деңгейі 

қолданылатынын қамтамасыз етеді.

  - Жүктеме әдеттегіден аз болса, Жартылай жүктеу 

опциясын* 

қосыңыз («Қосу және пайдалану» бөлімін 

қараңыз).

•  Егер ток жеткізу келісім-шартында токты үнемдеуге 

арналған  уақыт  аралықтары  болса,  төмен  баға 

қолданылатын  кезде  жуу  циклдарын  орындаңыз. 

Кешіктіріп бастау түймесі *

(«Қосу және пайдалану» 

бөлімін  қараңыз)

  жуу  циклдарын  тиісті  түрде 

ұйымдастыруға көмектеседі.

Фосфат  пен  хлорды  қамтымайтын, 

құрамында ферменттері бар жуғыш заттар

•  Фосфаттарды немесе хлорды қамтымайтын жуғыш 

заттарды  пайдаланған  жөн,  себебі  бұл  өнімдер 

қоршаған ортаға зиянды. 

•  Ферменттер 50°C шамасындағы температураларда 

ең тиімді түрде әрекет етеді. Сондықтан, қалыпты 

65°C  жуу  циклындағыдай  нәтижеге  қол  жеткізу 

үшін  ферменттер  қамтитын  жуғыш  заттарды 

температурасы төмен жуу циклдарында қолдануға 

болады. 


•   Жуғыш  зат  ысырап  болмауы  үшін  өнідірушінің 

кеңестеріне,  су  қаттылығы,  ластану  деңгейі  және 

жуылатын ыдыс-аяқ мөлшеріне байланысты өнімді 

тиісті  мөлшерлерде  пайдаланыңыз.  Биологиялық 

түрде ыдырайтын болса да, табиғаттың тепетеңдігіне 

әсер етуі мүмкін 

заттарды қамтиды.


KZ

3

Құрылғыны жылжыту керек болса, оны тік ұстаңыз; аса 

қажет болса, оны артқа қарай еңкейтуге болады.

Орнату және түзулеу

1.  Құрылғыны  барлық  орамасынан  босатыңыз  және  ол 

тасымалдау  кезінде  зақымдалмағанын  тексеріңіз.  Ол 

зақымдалған  болса, сатушыға хабарласыңыз  және орнату 

үдерісін тоқтатыңыз.

2. Ыдыс жуу машинасының жандары немесе артқы панелі 

жақындағы  шкафтармен  немесе  қабырғамен  тиетіндей 

реттеңіз. Бұл құрылғыны тіпті бір үстелдің үстіңгі тақтайының 

астына  да  кіргізуге  болады

*

 



(Орнату  бойынша  нұсқаулық 

парағын қараңыз).

3.  Ыдыс  жуу  машинасын  тегіс  әрі  қалыпты  еденге 

орналастырыңыз. Еден тегіс болмаса, құрылғының алдыңғы 

аяқтарын  реттеп,  оны  көлденең  қалыпқа  жеткізу  керек. 

Құрылғы дұрыс түзуленсе, ол қалыпты болады және жұмыс 

істеп  тұрған  кезде  жылжу  немесе  діріл  мен  шуыл  шығару 

мүмкіндігі аз болады.

4

*

. Артқы аяқтың биіктігін реттеу үшін ыдыс жуу машинасының 



құрылғының алдыңғы жағындағы төменгі орта бөлігінде 8 мм 

тесігі бар алты бұрышты гайка кілтін (қызыл түсті) бұраңыз. 

Сағат тілі бағытымен бұрсаңыз биіктік артады, ал сағат тіліне 

қарсы бағытта бұрсаңыз, биіктік азаяды 

(осы құжаттамада 

берілген Ендіру нұсқаулығын қараңыз.)



Су мен токты қосу

Су мен токты тек білікті маман қосуы тиіс.

Ыдыс  жуу  машинасы  су  түтіктерінің  немесе  ток 

сымдарының үстінде тұрмауы керек.

Құрылғыны  су  жеткізу  желісіне  жаңа  түтіктермен  қосу 

қажет.


Ескі түтіктерді қолданбаңыз.

Судың кіріс және шығыс түтіктерін, сондай-ақ, ток сымын ең 

жақсы орнатуға қол жеткізу үшін құрылғының оң немесе сол 

жағынан өткізуге болады.



Судың кіріс түтігін жалғау

•  Қолайлы  суық  суды  жалғау  нүктесіне:  түтікті  жалғамас 

бұрын, судағы қалдықтар құрылғыны бітеп тастамауы үшін, 

су тап-таза болғанша, оны ағызып алыңыз; бұл әрекетті 

орындағаннан кейін, кіріс түтігін шүмекке ¾ газдық бұранда 

қосылымымен мықтап бұраңыз.

•  Қолайлы  ыстық  суды  жалғау  нүктесіне:  температурасы 

60°C-тан аспаса, ыдыс жуу машинасына желіден ыстық 

су  беруге  болады  (радиаторлары  бар  орталық  жылыту 

жүйеңіз болса). 

Суық суды қосуда айтылғандай, түтікті шүмекке бұраңыз.

Кіріс түтігінің ұзындығы жеткіліксіз болса, мамандырылған 

дүкенге  немесе  куәландырылған  маманға  хабарласыңыз 

(

«Көмек» бөлімін қараңыз.)



Судың  қысымы  Техникалық  деректер  кестесінде 

көрсетілген  мәндер  аралығында  болуы  тиіс 

(қасындағы 

ақпаратты қараңыз.)

Түтікті майыстыруға немесе оған қысым салуға болмайды.

Судың шығыс түтігін жалғау

Шығыс  түтігін  (майыстырмай)  диаметрі  ең  азында  4  см 

болатын су ағызу түтігіне жалғаңыз. 

Шығыс  түтігі  еденнен  немесе  ыдыс  жуу  машинасы  тұрған 

беттен 40-80 см аралығында болуы тиіс (А).

Судың  шығыс  түтігін  шұңғылшаның  ағызу  түтігіне  қоспас 

бұрын, пластикалық тығынды алып тастаңыз (В).

Су алып кетуден қорғау

Су алып кетуіне жол бермеу үшін, ыдыс жуу машинасы:

-  қалыпсыз  жағдайларда  немесе  құрылғының  ішінен  су 

ағып  кеткен  кезде  су  көзін  бұғаттайтын  арнайы  жүйемен 

жабдықталған.

Сондай-ақ, кейбір үлгілер 



New Acqua Stop

*

 деп аталатын 

қосымша қауіпсіздік құралымен жабдықталған, ол тіпті кіріс 

түтігінің жыртылып кеткенінде де су алып кетуден қорғайды.



ЕСКЕРТУ: ҚАУІПТІ КЕРНЕУ!

Судың кіріс түтігін ешбір жағдайда қиюшы болмаңыз, себебі 

онда ток өтетін электр бөліктер бар.

Токқа жалғау

Айырды  розеткаға  қоспас  бұрын,  мына  жағдайларға  көз 

жеткізіңіз:

•  Розетка  жерге  тұйықталған  және  ағымдағы  ережелерге 

сәйкес келеді.

•  розетка құрылғының ең көп қуатына шыдай алады. Бұл 

мән есіктің ішкі жағында орналасқан деректер тілімшесінде 

көрсетілген ( 

 

(«Құрылғы сипаттамасы» бөлімін қараңыз);



•  Ток  желісінің  кернеуі  деректер  тілімшесінде  көрсетілген 

мәндер ауқымында жатыр.

•  Розетка  құрылғының  штепсельдік  ұшына  сәйкес  келеді. 

Олай  болмаса,  куәландырылған  маманды  шақыртып, 

айырды ауыстырыңыз (

«Көмек» бөлімін қараңыз

); ұзарту 

кабельдерін немесе бірнеше розетканы қолданбаңыз.

Құрылғы орнатылғаннан кейін, ток сымы мен розеткаға 

оңай қол жеткізу мүмкін болуы тиіс.

Сымды  майыстыруға  немесе  оған  қысым  салуға 

болмайды.

Ток  сымы  зақымдалса,  барлық  ықтимал  қатерлерден 

сақтану үшін оны өндіруші немесе оның Техникалық көмек 

көрсету қызметі ауыстыруы керек 

(«Көмек» бөлімін қараңыз.)



Орнату 

*

 



Тек кейбір үлгілерде бар.

4

KZ

Конденсациядан қорғайтын лента

*

Ыдыс  жуу  машинасын  орнатқаннан  кейін,  есікті  ашып, 

түзілуі мүмкін конденсациядан қорғау үшін желімді мөлдір 

лентаны ағаш тартпаның астына жабыстырыңыз.



Бірінші жуу циклына қатысты кеңес

Орнатқаннан  кейін  тартпалардан  тығындарды  және 

бар  болса,  жоғарғы  тартпада  қалған  эластикалық 

элементтерді алып тастаңыз.

Алғашқы рет жуудан бұрын, тұз диспенсерін сумен толық 

толтырыңыз да, содан кейін ғана оған шамамен 1 кг тұз 

қосыңыз («Шаюға көмекші зат және тұз» деп аталатын 

тарауды қараңыз). Су асып төгілуі мүмкін: бұл қалыпты 

жағдай  және  проблема  емес.  Су  қаттылығының  мәнін 

таңдаңыз («Шаюға көмекші зат және тұз» деп аталатын 

тарауды  қараңыз).  -  Тұз  машинаға  құйылғаннан  кейін, 

ТҰЗ АЗ индикатор шамы

*

 сөнеді.


Тұз  контейнері  толтырылмаса,  нәтижесінде  су 

жұмсартқышы мен жылыту бөлігі зақымдалуы мүмкін.



Құрылғыда  пайдаланушыға  пәрмен  қолданылғанын 

білдіруге  арналған  сигнал/үндер  жиыны  бар 

(ыдысы 

жуу  машинасының  үлгісіне  байланысты

):  қосу,  цикл 

соңы, т.б. 

Басқару  тақтасындағы/дисплейдегі  таңбалардың/

индикатор шамдарының/диодтардың түсі әр түрлі және 

жыпылықтай  немесе  тұрақты  жарығы  болуы  мүмкін 

(ыдыс жуу машинасының үлгісіне байланысты)

.

Дисплейде жуу циклының түрі, кептіру/жуу циклының 

кезеңі,  қалған  уақыт,  температура  және  т.б.  қатысты 

пайдалы ақпарат беріледі.

Көмек

Көмек қызметіне хабарласпас бұрын:

•  Проблеманы Ақаулықтарды жою нұсқаулығын 

қолдана отырып шешуге болатынын, не 

болмайтынын тексеріңіз («Ақаулықтарды жою» 



бөлімін қараңыз).

•  Бағдарламаны қайта іске қосыңыз да, проблема 

кеткенін тексеріңіз.

•  Проблема шешілмесе, Куәландырылған 

техникалық көмек беру қызметіне хабарласыңыз.

Куәландырылмаған мамандарға қызмет 

көрсеткізбеңіз.

Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:

•  Проблеманың түрі

•  Құрылғының моделі (Мод.).

•  Сериялық нөмірі (С/н).

Бұл ақпаратты құрылғының деректер тілімшесінде 

табуға болатын («Құрылғының сипаттамасы» 



бөлімін қараңыз).

KZ

5

Құрал:

Ыдыс жуу машинасы



Сауда атауы

Өндірушінің сауда белгісі

Үлгі

LFB 5B019



Дайындаған

Indesit Company



Өндірілген елі

Польшада жасалған



Сыйымдылығы

13 дастархан жабдығы



Өлшемдері

Ені 60 см

Биіктігі 85 см

Тереңдігі 60 см



Ток желісіндегі кернеудің немесе кернеулер 

ауқымының номиналды мәні

220-230 В ~



Электр токтың стандартты түрі немесе 

айнымалы токтың номиналды жиілігі

50 Гц


Су қысымы

0,05-1 МПа (0,5-10 бар) 7,25-145 фунт/шаршы дюйм



Сақтандырғыш

Жабдықтың техникалық деректер кестесін қараңыз



Жуу сыныбы

A

Кептіру сыныбы

A

Қуат тұтыну сыныбы

A

Электр ток тұтынуы

1,04 кВт/сағат

Стандартты жуу циклының су тұтынуы

11 литр


Электр токтан қорғау сыныбы

I қорғау сыныбы

 

 

 



IPX0

Қарастырылудағы құрал бойынша сәйкестік 

куәліктері туралы қосымша ақпарат немесе сәйкестік 

куәлігінің көшірмесі қажет болса, cert.rus@indesit.com 

электрондық пошта мекенжайына сұрау жіберуіңізге 

болады.


Жабдық төмендегі Еуропа экономикалық 

қауымдастығының директиваларына сәйкес келеді:

- 2006/95/EC (“төмен кернеу”)

- 2004/108/ЕС (“электр магниттік үйлесімділік”)

- 2009/125/EC (“Comm. Reg. 1016/2010”) (Экодизайн)

- 97/17/EC (Белгілеу)

- 2012/19/ЕU («Қоқыс электр және электрондық жабдық») 

 «Орама мен оның бөлшектері тағамға тимеуі тиіс»

Осы құралдың өндірілген күнін штрих-кодта 

көрсетілген сериялық нөмірден табуға болады (S/N 

XXXXXXXXX * XXXXXXXXXXX), яғни:

- Сериялық нөмірдегі 1-сан жылдың соңғы санын білдіреді.

- Сериялық нөмірдегі 2- және 3-сан айдың реттік нөмірін 

білдіреді.

- Сериялық нөмірдегі 4- және 5-сан айтылған ай мен 

жылдың күнін білдіреді.

Өндіруші:

Indesit Company S.p.A.

Viale A. Merloni 47, 60044 Fabriano (AN), Италия

Импорттаушы:

ООО Indesit RUS



Сұрақтарыңыз бар болса, мына мекенжайға 

хабарласыңыз (Ресейде):

01.01.2011 күніне дейін: Павильон 46, ВВЦ, проспект 

Мира, 129223 Мәскеу, Ресей

01.01.2011 күнінен кейін: корпус 1, 12-үй, Двинцев көшесі, 

127018 Мәскеу, Ресей


6

KZ

Жалпы шолу

Құрылғы сипаттамасы

*** 


Тек толығымен ішке салынатын үлгілерде 

Тек кейбір үлгілерде бар.



Ыдыс жуу машинасының үлгісіне байланысты жуу циклдарының саны мен түрі және опциялар әртүрлі 

болуы мүмкін.

Басқару тақтасы

Түйме мен 

индикатор 

шамдары Бастау/

Тоқтата тұру

Түйме және 

индикатор шамы

Қосу-өшіру/қайта 

орнату

Цикл таңдау тұтқасы 

Индикатор шамы Шаюға 

көмекші зат 

Индикатор шамы Тұз аз 

Индикатор шамы Жуу 

Индикатор шамы Кептіру

 

Индикатор шамы Жуу циклы аяқталды

1. 

Жоғарғы тартпа



2. 

Жоғарғы тозаңдатқыш өзекше



3. 

Қайырмалы диспенсерлер 



4. 

Жоғарғы тартпаның биіктігін реттеу



5. 

Төменгі тартпа



6. 

Төменгі тозаңдатқыш өзекше



7. 

Жуу сүзгісі



8. 

Тұз диспенсері 



9. 

Жуғыш зат диспенсері, шаюға көмекші зат 

диспенсері және озон құралы

*

10. 

Деректер тілімшесі

11. 

Басқару панелі

***


KZ

7

Тартпаларды жүктеу 

Кеңестер     

Тартпаларды  жүктемес  бұрын,  ыдыс-аяқтан  барлық  тамақ 

қалдықтарын  тазалаңыз  және  стақандар  мен  ыдыстардан 

сұйықтықтарды  төгіңіз. 



Ағын  су  астында  алдын  ала 

шаюдың қажеті жоқ.

Ыдыс-аяқ мықтап орнында ұсталып тұратындай және құлап 

кетпейтіндей  орналастырыңыз;  және  ыдыстарды  ауызын 

төмен  қаратып,  дөңес  бөліктерін  еңкейтіп  қойыңыз,  сонда 

су барлық беттерге тиіп, еркін түрде ағады.

Қақпақтар,  тұтқалар,  науалар  және  табалар  тозаңдатқыш 

өзекшелердің  бұрылуына  кедергі  келтірмейтініне  көз 

жеткізіңіз.     Кіші заттарды ыдыс-аяқ себетіне қойыңыз.

Пластмасса  ыдыстар  мен  жабыспайтын  табаларда  су 

тамшылары  көбірек  қалатындықтан,  олар  керамикалық 

немесе  тот  баспайтын  болаттан  жасалған  ыдыстарға 

қарағанда сондай жақсы кеппейді.

Пластмассадан жасалған ыдыстар сияқты жеңіл заттарды 

жоғарғы тартпаға қойып, жылжымайтындай орналастырылуы 

тиіс.

Құрылғыны жүктегеннен кейін, тозаңдатқыш өзекшелер еркін 



жылжи алатынына көз жеткізіңіз.

Төменгі тартпа

Төменгі тартпаға кастрөлдерді, қақпақтарды, тәрелкелерді, 

салат ыдыстарын және т.б. салуға болады. Үлкен тәрелкелер 

мен қақпақтарды тартпаның шет жақтарына қойған жөн.

Қатты ластанған табақтар мен кастрөлдерді төменгі тартпаға 

қою керек, себебі бұл жерде су қатты шашырайды да, жуу 

өнімділігі жоғары болады.

Бірнеше ыдыс жуу машинасы қайырмалы бөлімшелермен 

жабдықталған*.

Оларды табақтарды орналастырған кезде тік күйде немесе 

табалар  мен  салат  ыдыстарын  оңай  орналастыру  үшін 

көлденең күйде (төменгі) қолдануға болады.  



Ыдыс-аяқ себеті

Төменгі тартпадағы орынды оңтайлы пайдалану үшін модульді 

себетті сырғытуға болады. Ол ыдыс-аяқты орналастыруды 

жеңілдететін үстіңгі торлармен жабдықталған. 

    

Өткір жиектері бар пышақтар және басқа құралдар төмен 



қаратылып ыдыс-аяқ себетіне салынуы керек немесе оларды 

жоғарғы тартпадағы қайырмалы бөліктерге көлденең қоюға 

болады.

Жоғарғы тартпа

Бұл тартпаға стақандар, шыныаяқтар, табақшалар мен тайпақ 

салат ыдыстары сияқты нәзік әрі жеңіл ыдыс-аяқтар салыңыз. 

Бірнеше ыдыс жуу машинасы қайырмалы бөлімшелермен 

жабдықталған

*

. Шай/десерт табақшаларын орналастырған 



кезде  оларды  тік  күйде  немесе  кеселер  мен  тағам 

контейнерлерін салу үшін төменгі қалыпта қолдануға болады.

*

Нөмірлері мен позициялары әр түрлі таңдаулы үлгілерде 



ғана бар.

8

KZ

Жоғарғы тартпаның биіктігін реттеу

Ыдыс-аяқты  реттеуді  жеңілдету  үшін  жоғарғы  тартпаны 

жоғары немесе төмен жылжытуға болады.

Жоғарғы  тартпаның  биіктігі  ТАРТПА  БОС  БОЛҒАНДА 

реттелуі керек.

Тартпаны  тек  бір  жағынан  көтеріп  немесе  төмендетіп 

қоюшы болмаңыз.

Тартпа 


Көтеру

 

құралымен

*

 (суретті қараңыз)

 жабдықталған 

болса, оны екі жағынан ұстап көтеріңіз. Төменгі позицияға 

қайтадан қою үшін тартпаның шеттеріндегі тұтқаларды (

A

басып, тартпаны төмендетіңіз.



Лайықсыз ыдыс-аяқ

•  Ағаштан жасалған ыдыс-аяқ пен ас құралдары.

•  Безендірілген нәзік стақандар, қолдан жасалған бұйымдар 

және көне ыдыс-аяқ. Олардың әшекейі төзімді емес.

•  Жоғары  температураға  төзімді  емес  синтетикалық 

материалдан жасалған бөліктер бар ыдыс-аяқ.

•  Мыс пен қалайыдан жасалған ыдыс-аяқ.

•  Күл, балауыз, майлайтын май немесе сиямен ластанған 

ыдыс-аяқ.

Жуу  процесі  барысында  әсем  шыны  мен  алюминий/күміс 

заттардың түсі өзгеріп, өңіп кетуі мүмкін. Сондай-ақ, бірнеше 

рет жуғаннан кейін кейбір шыны түрлері (мысалы, хрусталь) 

бұлыңғыр болып кетуі мүмкін. 

Шыны мен ыдыс-аяқтың зақымдалуы

Себебі:


•  Шыны мен шыны шығару процесінің түрі.

•  Жуғыш заттың химиялық құрамы.

•  Шаю циклындағы су температурасы.

Кеңестер:

•  Өндіруші  ыдыс  жуу  машинасында  жууға  болатынына 

кепілдік берген шыны мен фарфорды қолданыңыз.

•  Ыдыс-аяққа қолайлы нәзік жуғыш зат қолданыңыз.

•  Стақандар мен ыдыс-аяқ жуу циклы аяқталған кезде дереу 

ыдыс жуу машинасынан шығарып алыңыз.

Жоғарғы тартпаның биіктігін қажеттіліктерге қарай реттеуге 

болады: үлкен ыдыс-аяқты төменгі тартпаға қою үшін жоғарғы 

позиция және жоғары жақта көбірек орын қалдыру арқылы 

қайырмалы  бөліктерді  барынша  пайдалану  үшін  төменгі 

позиция.


Позициясы реттелетін қайырмалы бөліктер

Ыдыс-аяқты тартпа ішінде оңтайлы түрде реттеу үшін шеткі 

қайырмалы бөліктерді үш биіктікке орналастыруға болады.

Шарап  бокалдарын  аяғын  тиісті  тесікке  салу  арқылы 

қайырмалы бөліктерге қауіпсіз түрде орналастыруға болады.

Ыдыс-аяқ науасы

*

Кейбір  ыдыс  жуу  машина  үлгілері  ас  құралдарын 

немесе кіші шыныаяқтарды ұстап тұруға қолданылатын 

сырғымалы  науамен  жабдықталған.  Жуу  өнімділігі 

оңтайлы  болуы  үшін  үлкен  ыдыс-аяқты  науаның  дәл 

астына қоймаңыз. 

Ыдыс-аяқ науасын алып тастауға болады 

(Суретті көріңіз).

Науаға  ыдыс  қоймас  бұрын 

тіректер  жоғарғы  тартпаға 

дұрыс 

бекітілгеніне 



көз 

жеткізіңіз 

(Суретті көріңіз).

*

 



Тек кейбір үлгілерде бар.

KZ

9

Қосу және пайдалану

Жуғыш затты өлшеу

Жақсы жуу нәтижесі жуғыш заттың дұрыс мөлшері 

қолданылғанына  да  байланысты  болады. 

Белгіленген мөлшерден көп қолдану жуу тиімділігін 

арттырмайды  және  қоршаған  ортаны  көбірек 

ластауға әкеледі.

Заттардың  ластану  дәрежесіне  байланысты,  ұнтақ 

немесе  сұйық  жуғыш  заттардың  мөлшерін  реттеп 

отыруға болады.

Орташа  ластанған  заттар  үшін  шамамен  35  г  (ұнтақ 

жуғыш зат) немесе 35 мл (сұйық жуғыш зат) қолданыңыз. 

Таблеткалар қолданылса, біреуі жеткілікті.

Ыдыс-аяқ  аз  ластанған  болса  немесе  ыдыс  жуу 

машинасына салынбас бұрын шайылған болса, жуғыш 

заттың мөлшерін азайтыңыз. 

Жуу нәтижесі жақсы болуы үшін жуғыш зат қорабындағы 

нұсқауларды да орындаңыз.

Қосымша сұрақтарыңыз болса, жуғыш зат өндірушісінің 

тұтынушыларға қолдау көрсету бөліміне хабарласыңыз.

Жуғыш  зат  тартпасын  ашу  үшін  «А»  ашу  құралын 

пайдаланыңыз.

 

Жуғыш затты тек «В» құрғақ тартпаға салыңыз. Алдын 

ала жууға арналған жуғыш затты тікелей құрылғының 

ішіне салыңыз.

1. Жуғыш зат мөлшерін өлшеген кезде, дұрыс мөлшерін қосу 

үшін Жуу циклдарының кестесін қараңыз. 



В бөлігінде әрбір 

циклда қосуға болатын сұйық немесе ұнтақ жуғыш мөлшерін 

ең көп мөлшерін көрсететін белгі бар.

2. Тартпаның шетіндегі жуғыш зат қалдықтарын сүртіп алып, 

қақпақ «тық» еткенше итеріп жабыңыз.



3. Жабу құралы орнына бекітілгенше жуғыш зат тартпасының 

қақпағын жоғары көтеріп жабыңыз.

Жуғыш  зат  тартпасы  жуу  циклына  сәйкес  тиісті  уақытта 

автоматты түрде ашылады.

Әмбебап  жуғыш  заттар  қолданылса,  TABS  опциясын 

пайдаланған жөн, себебі ол циклды әрдайым ең жақсы жуу 

және кептіру нәтижелеріне қол жеткізетіндей реттейді.

Ыдыс жуу машиналарына арналып жасалған жуғыш 

заттарды ғана қолданыңыз.

Қ ол м е н   ы д ы с   ж у у ғ а   а р н а л ғ а н   с ұ й ы қ т ы қ т ы 

ҚОЛДАНБАҢЫЗ.

Шамадан тыс жуғыш затты пайдалану цикл аяқталғанда 

құрылғы ішінде көбіктің қалуына әкелуі мүмкін. 

Таблеткаларды  тек  БІРНЕШЕ  ФУНКЦИЯСЫ  БАР 

ТАБЛЕТКАЛАР опциясы бар үлгілерде қолданған жөн.

Әрбір жуу және кептіру циклынан ең жақсы нәтиже алу 

үшін ұнтақ жуғыш зат, шаюға көмекші сұйықтық пен тұз 

қолданылуы керек.

Ыдыс жуу машинасын іске қосу

1. Шүмекті ашыңыз. 

2. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз:  басқару тақтасындағы 

барлық индикатор шамдар бірнеше секунд жанады.

3.  Есікті  ашып  жуғыш  заттың  қолайлы  мөлшерін  құйыңыз 

(«Жуғыш затты өлшеу» бөлімін қараңыз).

4.  Тартпаларды  жүктеңіз 

(«Тартпаларды  жүктеу»  бөлімін 

қараңыз)

, одан кейін есікті жабыңыз.

5. ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ тұтқасын сағат тілі бағыты бойынша 

бұру арқылы жуу циклын таңдаңыз: тұтқадағы кетікті қажетті 

жуу  циклын  білдіретін  санға  немесе  таңбаға  дәлдеңіз. 

БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы жыпылықтайды.

6. Жуу опцияларын* таңдаңыз 

(«Арнайы жуу циклдары мен 

опциялары» бөлімін қараңыз).

7. БАСТАУ түймесін басу арқылы циклды бастаңыз; индикатор 

шамы  жыпылықтауын  тоқтатып,  қалыпты  түрде  жанып 

тұратын  болады.  Жуу  кезеңіне  сәйкес  келетін  индикатор 

шамы  жанады,  солайша  ол  жуу  циклының  басталғанын 

білдіреді.

8. Жуу циклының соңында СОҢЫ индикатор шамы жанады 

(қалыпты  шам).  ҚОСУ/ӨШІРУ  түймесін  басу  арқылы 

құрылғыны  өшіріңіз,  одан  кейін  шүмекті  жабыңыз  да, 

құрылғының айырын розеткадан ағытыңыз.

9.  Қолыңызды  күйдіріп  алмау  үшін,  ыдыс-аяқты  бірнеше 

минуттан кейін ғана алыңыз. Тартпаларды төменнен бастап 

босатыңыз.

-  Токты  барынша  аз  тұтыну  үшін  құрылғы  ұзақ 

белсенсіздік кездерінде автоматты түрде өшеді.

АВТО  ЖУУ  ЦИКЛДАРЫ

*

:

  ыдыс  жуу  машинасының 



кейбір үлгілері ластану дәрежесін өлшеп, ең тиімді әрі үнемді 

жуу  циклын  автоматты  түрде  таңдауға  мүмкіндік  беретін 

арнайы  датчикпен  жабдықталған.  Датчиктің  жұмысына 

байланысты авто жуу циклдарының ұзақтығы әртүрлі болуы 

мүмкін.

Орындалып жатқан жуу циклын өзгерту

Жуу  циклын  таңдау  барысында  қате  кеткен  болса,  цикл 

жаңа ғана басталған болған жағдайда, оны өзгерту мүмкін: 

жуу  циклын  өзгерту  үшін,  жуу  циклы  басталғаннан  кейін 

ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басып ұстап тұру арқылы құрылғыны 

өшіріңіз. Сол түйменің көмегімен оны қайтадан қосып, қажетті 

жуу циклы мен опцияларды таңдаңыз.

Қосымша ыдыс-аяқ қосу

Қосу/тоқтата  тұру  түймесін  басып,  шыққан  буға  тимеуге 

тырысып  есікті  ашыңыз  да,  ыдыс-аяқты  ыдыс  жуу 

машинасының ішіне қойыңыз. Бастау/тоқтата тұру түймесін 

басыңыз:  Ұзақ  сигнал  берілгеннен  кейін  цикл  қайтадан 

басталады. 

Кешіктіріп  бастау  орнатылған  болса,  кері  санақтың 

соңында жуу циклы басталады. Ол Тоқтап тұру режимінде 

қалады.

Құрылғыны тоқтатып қою үшін Бастап/тоқтата тұру; жуу 



циклы тоқтайды.

Бұл кезде жуу циклын өзгерту мүмкін емес.



Кездейсоқ тоқтаулар

Жуу  циклы  орындалу  барысында  есік  ашылса  немесе 

ток  өшіп  қалса,  цикл  тоқтайды.  Есік  жабылғаннан  немесе 

ток  қосылғаннан  кейін  ол  тоқтаған  жерінен  қайтадан  іске 

қосылады.


10

KZ

Жуу циклдары

 

Жуу циклының дерегі EN-50242 Еуропалық стандартына сәйкес зертханалық жағдайда өлшенеді. 



Әр түрлі қолдану шарттары негізінде жуу циклының ұзақтығы мен дерегі өзгеруі мүмкін. 

Ыдыс жуу машинасының үлгісіне байланысты жуу циклдарының саны мен түрі және опциялар әртүрлі болуы 

мүмкін.

Жуу циклын таңдау және жуғыш зат 

мөлшерін анықтау нұсқаулары

Жуу циклы

Кептіруді 

қамтитын 

жуу 

циклдары

Опциялар

Жуу 

циклдарының 

шамамен 

есептелген 

мерзімі

Кастрөлдер мен табақтарға қолайлы, қуатты 

тұтыну деңгейлері төмен, экологиялық 

тұрғыдан зияны аз жуу циклы 

27 г/мл + 6 г/мл** – 1 таблетка

Эко


Иә

Жоқ



3:10’

Қатты ластанған табақтар мен кастрөлдер 

(нәзік заттар үшін пайдаланылмауы тиіс).

30 г/мл – 1 таблетка

қарқынды

Иә

Жоқ



2:30’

Орташа ластанған кастрөлдер мен табақтар. 

Стандартты күнделікті жуу циклы.

27 г/мл + 6 г/мл** – 1 таблетка

қалыпты

Иә

Жоқ



2:00’

Күнделікті ластанудың шектеулі мөлшері  (4 

кісілік жинақтар + 1 кастрөл + 1 таба.) 

25 г/мл – 1 таблетка

жылдам жуу

Жоқ


Жоқ

1:00’


Кірлену деңгейі орташа аз ыдысты жууға 

қолайлы цикл. 

25 г/мл – 1 таблетка

Жартылай жүктеп жуу

Иә

Жоқ


1:20’

** Алдын ала жуу кезінде қолданылатын жуғыш зат мөлшері.

ЭКОДИЗАЙН ТАЛАБЫ

 

ЭКО жуу циклы – қуат белгісіндегі деректер нұсқап тұрған стандартты цикл. Оны ластану дәрежесі орташа ыдыс-аяқты жуу 



үшін қолдануға болады және осы ыдыс-аяқ түріне қуат пен суды ең тиімді түрде жұмсайды.

Тұтынуды одан әрі азайту үшін ыдыс жуу машинасын тек толтырып жұмыс істетіңіз.

Күту күйіндегі тұтынуы: Қосылып тұру режиміндегі тұтынуы:   5 Вт - Жуу өшірулі режиміндегі тұтынуы:   0,5 Вт

Негізгі циклдарға арналған тұтыну деректерінің кестесі

*

Цикл деректері EN 50242 Еуропалық стандартқа сәйкес, зертханада алынған мәндерді көрсетеді.



**

 Деректер құрылғыны пайдаланушының ыдыс-аяқтарымен жүктеп, жұмыс істету арқылы жазылған мәндерден алынған.

Стандартты шарттар

*

Пайдаланушы шарттары



**

Қуат тұтыну 

(кВт/цикл)

Су тұтыну 

(л/цикл)

Мерзім 


(мин/цикл)

Қуат тұтыну

(кВт-сағ/цикл)

Су тұтыну 

(л/цикл)

Мерзім 


(мин/цикл)

ҚАРҚЫНДЫ


1,50

15

150



1,30

14

135



ҚАЛЫПТЫ

1,20


15

120


1,05

14

110



Ескертпелер: 

«Жылдам»  және  «Тез  30'»  циклдарын  қолданған  кезде,  оңтайлы  нәтижеге  ыдыс-аяқтың  белгіленген  мөлшерін  жуу 

арқылы қол жеткізуге болады.

Тұтынуды азайту үшін ыдыс жуу машинасын тек толтырып жұмыс істетіңіз. 



Сынақ  зертханаларына  арналған  ескертпе:  салыстырмалы  EN  сынақ  жағдайлары  үшін  төмендегі  мекенжайға 

электрондық хат жіберіңіз: ASSISTENZA_EN_LVS@indesitcompany.com



KZ

11

M

A



X

Шаюға көмекші  

зат және тазаланған тұз

Ыдыс  жуу  машиналарына  арналып  жасалған 

өнімдерді ғана қолданыңыз.

Ас  тұзын,  өндіріс  тұзын  немесе  қолмен  ыдыс  жууға 

арналған сұйықтықты пайдаланбаңыз.

Орамада берілген нұсқауларды орындаңыз.

Бірнеше функциясы бар өнімді қолданатын болсаңыз, ешбір 

шаюға көмекші затты пайдаланудың қажеті жоқ. 

Дегенмен, 

тұз қосқанды жөн санаймыз, әсіресе суы қатты немесе 

өте қатты жерде тұратын болсаңыз. 

(Орамада берілген 

нұсқауларды орындаңыз). 

Тұз немесе шаюға көмекші затты қоспасаңыз, ТҰЗ АЗ* 

және  ШАЮҒА  КӨМЕКШІ  ЗАТ  АЗ  индикатор  шамдары 

жанып тұра береді.

Шаюға көмекші затты өлшеу

Шаюға көмекші зат ыдыс-аяқты кебуін  жеңілдетеді,  себебі 

су  беттерінен  жылдамырақ  ағып  кетеді  және  сондықтан 

сызықтар немесе дақтар қалдырмайды. Шаюға көмекші зат 

диспенсері мына жағдайларда толтырылуы тиіс:

•  Басқару  тақтасындағы  ШАЮҒА  КӨМЕКШІ  ЗАТ  АЗ 

индикатор  шамы*  жанған  кезде  1-2  циклға  жететіндей 

шаюға көмекші зат қоры әлі де болады;

1. Қақпақтағы тетікті басып, тарту арқылы «D» диспенсерін 

ашыңыз;


2.  Толтыратын  жердің  ең  жоғарғы  белгісіне  дейін  шаюға 

көмекші затпен абайлап толтырыңыз - төгіп алмаңыз. Бұл 

орын  алса,  төгілген  сұйықтықты  құрғақ  шүберекпен  дереу 

сүртіп алыңыз.

3. Жабу үшін қақпақты «тық» еткенше басыңыз.

Шаюға  көмекші  затты  құрылғының  ішіне  тікелей 

ЕШҚАШАН құюшы болмаңыз.

Шаюға көмекші зат диспенсерінің параметрі

Кептіру нәтижесіне толығымен қанағат болмасаңыз, шаюға 

көмекші заттың мөлшерін реттеуіңізге болады. ҚОСУ/ӨШІРУ 

түймесінің көмегімен ыдыс жуу машинасын қосыңыз, одан 

кейін 10 секунд күтіңіз де, ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінің көмегімен 

оны өшіріңіз. Бастау/Тоқтата тұру түймесін 4 рет басыңыз. 

Шаюға көмекші зат индикатор шамдары жанады 

(зауыттық 

деңгейге орнатылған)

Шаюға  көмекші  зат  беру  деңгейін  ЖУУ  ЦИКЛЫН  ТАҢДАУ 

тұтқасының көмегімен реттеңіз. Әрбір жуу циклы үшін шаюға 

көмекші зат деңгейі бар (0-ден 4-ке дейін).

Параметрді сақтау үшін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз.

Шаюға  көмекші  зат  деңгейі  НӨЛ  (ЭКО)  болып  орнатылса, 

шаюға көмекші зат қосылмайды. Шаюға көмекші зат таусылса, 

ШАЮҒА КӨМЕКШІ ЗАТ АЗ индикатор шамы жанбайды.

Ыдыс жуу машинасының үлгісіне байланысты ең көбі 4 деңгей 

орнатуға болады. 

•  Ыдыс-аяқта сызықтар бар болса, реттеу құралын төменірек 

санға орнатыңыз (1-2).

•  Ыдыс-аяқта  су  тамшылары  немесе  қақ  дақтары  болса, 

реттеу құралын одан жоғары санға орнатыңыз (3-4).



Судың қаттылығын орнату

Әрбір ыдыс жуу машинасы, дәл осы құрылғы түріне арналған 

тазаланған  тұзды  пайдалана  отырып  ыдыс-аяқты  жуу 

үшін  пайдаланылатын  қақсыз  суды  қамтамасыз  ететін  су 

жұмсартқышымен жабдықталады.     

Бұл ыдыс жуу машинасы қоршаған ортаны ластауды азайтуға 

көмектесетін  параметрді  ұсынады  және  мекеніңіздегі 

судың  қаттылығының  деңгейіне  сәйкес  жуу  өнімділігін 

оңтайландырады. Бұл ақпаратты жергілікті су жеткізушісінен 

алуға болады. 

- ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінің көмегімен құрылғыны өшіріп, есікті 

ашыңыз. 


- ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ тұтқасын 

5 жуу циклына, одан кейін 1 

жуу циклына және одан кейін қайтадан 



5 жуу циклына орнатыңыз. 

- ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз; жуу циклының кезеңінің 

индикатор шамдары жыпылықтайды. Енді судың қаттылық 

деңгейін таңдауға болады. Әрбір жуу циклына сәйкес келетін 

судың қаттылық деңгейі бар:

Мысалы: 1 жуу циклы, су қаттылығының 1-деңгейі

2 жуу циклы, су қаттылығының 2-деңгей, с.с., 5

*

 деңгейге дейін.



(су жұмсартқышы орташа деңгейге орнатылған).

Параметрді сақтау үшін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз.

Тіпті бірнеше функциясы бар таблеткаларды қолдансаңыз 

да, тұз диспенсері толтырылуы тиіс.

(°dH  =  Герман  дәрежелерінде  өлшенген  қаттылық  -  °f  = 

Франсуз дәрежелерінде өлшенген қаттылық – ммоль/л = бір 

литрдегі миллимоль)



Тазаланған тұзды өлшеу

Жуу циклын қолдануда барынша жақсы нәтижеге қол жеткізу 

үшін, тұз диспенсері ешқашан бос болмайтынын қамтамасыз 

етіңіз.  Тазаланған  тұз  суды  қақтан  тазалайды,  осылайды 

ыдыс-аяқта тұнбалардың пайда болуына жол бермейді. 

Тұз  диспенсері  ыдыс  жуу  машинасының  төменгі  бөлігінде 

орналасқан 

(«Сипаттама»  бөлімін  қараңыз)  және  мына 

жағдайларда толтырылуы тиіс:

•  Жасыл  қалтқы*  тұз  диспенсерінің  үстінен  жай  ғана 

қарағанда көрінбейтін кезде;

•  ШАЮҒА  КӨМЕКШІ  ЗАТ  АЗ  индикатор  шамы  басқару 

тақтасында жанған кезде *;

1.  Төменгі  тартпаны  шығарып  алып, 

қақпақты  бұрап  шығарып  алыңыз  (сағат 

тіліне қарсы бағытта).

2.  Мұны  бірінші  рет  орындаған  кезде:  су 

ыдысын шетіне дейін толтырыңыз.

3.  Шұңғыманы  қойып* 

(суретті қараңыз)

  , 

тұз диспенсерін шетіне дейін толтырыңыз 



(шамамен 1 кг). Аз мөлшерде судың ағуы қалыпты жағдай.

4. Шұңғыманы алып тастап*, тесіктен тұз қалдықтарын сүртіп 

алыңыз; қақпақты су ағыны астында шайыңыз да, қақпақтың 

(жасыл қалтқысы бар қақпақ*) төменгі жағындағы (жұлдыз 

пішініндегі)  төрт  кетіктен  су  ағып  кетуі  үшін,  бетін  төмен 

қаратып бұраңыз.



Диспенсерге  тұз  қосқан  сайын  бұл  процедураны 

орындаған жөн.

Жуу  циклы  барысында  контейнерге  жуғыш  зат  кіріп 

кетпейтіндей  қақпақ  мықтап  жабылғанына  көз  жеткізіңіз 

(әйтпесе, су жұмсартқышы жөндеуге келмейтіндей бұзылуы 

мүмкін).

Қажет кезде, жуу циклынан бұрын тұзды өлшеп алыңыз, 

солайша тұз диспенсерінен шыққан кез келген тұз ерітіндісі 

жойылады.

*

 Тек кейбір үлгілерде бар.



Су қаттылығының кестесі

Тұз диспенсерінің 

сыйымдылығының 

орташа мерзімі**

деңгей

°dH

°fH

ммоль/л

ай

1

0 - 6

0 - 10

0 - 1

7 ай


2 6 - 11 11 - 20

1,1 - 2

5 ай


3 12 - 17 21 - 30

2,1 - 3

3 ай


4 17 - 34 31 - 60

3,1 - 6

2 ай


5

*

34 - 50 61 - 90

6,1 - 9

2/3 апта


0°f мен 10°f аралығындағы мәндер үшін тұзды қолдану 

ұсынылмайды. 

«5» параметрі цикл мерзімін ұзартуы мүмкін. 



** 

күніне 1 жуу циклы.



12

KZ

Күтім көрсету және 

техникалық қызмет көрсету

Су мен токты өшіру

•  Су ағып кетпеуі үшін әрбір жуу циклынан кейін су шүмегін 

жауып отырыңыз.

•  Құрылғыны  тазалаған  кезде  және  техникалық  қызмет 

көрсету  жұмыстарын  орындаған  кезде  оны  токтан 

ажыратыңыз.



Ыдыс жуу машинасын тазалау

•  Құрылғының сыртқы беттері мен басқару тақтасын сумен 

ылғалданған,  абразивті  емес  шүберекпен  тазалауға 

болады.  Еріткіштер  немесе  абразивті  ерітінділер 

қолдануға болмайды.

•  Құрылғының ішіндегі кез келген салтақ іздерді сумен және 

аздап сіркемен ылғалданған шүберекпен кетіруге болады.

Жағымсыз иістердің алдын алу

•  Құрылғының  іші  дымқылданып  кетпеуі  үшін  оның  есігін 

әрдайым біраз ашып ұстаңыз.

•  Есік  айналасындағы  бекіткіштер  мен  жуғыш  зат 

диспенсерлерін мерзімді түрде ылғал губкамен тазалап 

отырыңыз. Мұның нәтижесінде бекіткіштерде тамақ тұрып 

қалмайды,  ал  бұл  жағдай  жағымсыз  иістердің  пайда 

болуының негізгі себебі.



Тозаңдатқыш өзекшелерді тазалау

Тамақ қалдықтары тозаңдатқыш өзекшелердің бетіне қатып 

қалып,  су  шашатын  тесіктерді  бітеуі  мүмкін.  Сондықтан, 

өзекшелерді  мерзімді  түрде  тексеріп,  металсыз  щеткамен 

тазаланып тұрғаны жөн.

Екі тозаңдатқыш өзекшені де шығарып алуға болады.

Жоғарғы  тозаңдатқыш  өзекшені 

шығарып алу үшін пластмассадан 

жасалған  құлыптау  сақинасын 

сағат  тіліне  қарсы  бағытта 

бұраңыз.     Жоғарғы тозаңдатқыш 

өзекшені тесіктері көбірек жағын 

жоғары қаратып қайтадан орнына 

қою керек.

Төменгі  тозаңдатқыш  өзекшені 

бүйірлердегі  шығыңқы  жерлерді 

басып,  оны  жоғары  қарай  тарту 

арқылы шығарып алуға болады.



Судың кіріс сүзгісін тазалау*                    

Су түтіктері жаңа немесе ұзақ уақыт бойы қолданылмаған 

болса, жалғамас бұрын олар арқылы су өткізіп, таза әрі ішінде 

қалдықтар  жоқ  екеніне  көз  жеткізіңіз.  Бұл  сақтық  шарасы 

орындалмаса,  судың  кіріс  бітеліп,  ыдыс  жуу  машинасы 

зақымдалуы мүмкін.

Шүмек  жағындағы  судың  кіріс  сүзгісін  мерзімді  түрде 

тазалап отырыңыз. 

- Су шүмегін жабыңыз.

- Судың кіріс түтігінің шетін босатып алыңыз, одан кейін сүзгіні 

алып, оны су ағыны астында жақсылап тазалаңыз.

- Сүзгіні орнына қойып, су түтігін орнына бұраңыз.



Сүзгілерді тазалау

Сүзгі  жинағы  суды  тамақ  қалдықтарын  тазалайтын  және 

одан кейін суды қайта айналдыратын үш сүзгіден тұрады. 

Әрбір жууда ең жақсы нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе, оларды 

тазалау керек.

Сүзгілерді мерзімді түрде тазалап отырыңыз.

Ыдыс жуу машинасын сүзгісіз немесе сүзгі босап кеткен 

кезде пайдалануға болмайды.

•  Бірнеше  рет  жуғаннан  кейін,  сүзгі  жинағын  тексеріңіз 

және  қажет  болса  оны  металсыз  щеткамен  әрі  төмендегі 

нұсқауларды орындай отырып, су ағыны астында жақсылап 

тазалаңыз: 



1. Цилиндрлік C сүзгісін сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз 

да, суырып алыңыз 

(1-сурет).

2. Шыныаяқ B сүзгісін жиектері аздап басу арқылы шығарып 

алыңыз 


(2-сурет);

3. Тот баспайтын болат тілімше A сүзгісін суырып алыңыз. 

(3-сурет).



4. Тұзақты қарап шығыңыз да, кез келген тамақ қалдықтарынан 

тазартыңыз. Жуу циклы сорғысының қорғау құралын (қара 

түсті зат) 

ЕШҚАШАН АЛУШЫ БОЛМАҢЫЗ 

(4-сурет).

Сүзгілерді тазалағаннан кейін, сүзгі жинағын орнына қойып, 

оны дұрыстап бекітіңіз; бұл ыдыс жуу машинасының тиімді 

жұмысы үшін өте маңызды.

Машинаны  ұзақ  уақыт  пайдаланбауға 

қалдыру 

•  Құрылғыны токтан ағытып, су шүмегін жабыңыз.

•  Құрылғы есігін сәл ашық қалдырыңыз.

•  Қайтып келген кезде, ыдыс жуу машинасын бос ұстап жуу 

циклын іске қосыңыз. 

*

 



Тек кейбір үлгілерде бар.

KZ

13

Ақаулықтарды жою

Құрылғы дұрыс жұмыс істемей қалған кезде, Көмек қызметіне телефон соқпас бұрын төмендегі тізімнен шешімді іздеңіз.

*

 

Тек кейбір үлгілерде бар.



Ақаулық:

Ықтимал себептері / шешімдері:

Ыдыс жуу машинасы іске 

қосылмайды немесе оны басқару 

мүмкін емес.

• Құрылғыны ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы өшіріңіз, одан кейін оны 

бір шамамен бір минуттан кейін қосып, циклды қайта орнатыңыз. 

• Құрылғы розеткаға дұрыс қосылмаған.

• Ыдыс жуу машинасының есігі дұрыс жабылмаған. 

Есік жабылмайды.

• Құлып босатылған. «Тық» еткен дыбыс естілгенше есікті қатты итеріңіз.



Ыдыс жуу машинасынан су 

ағызылмайды.

• Ыдыс жуу машинасының циклы әлі аяқталмаған.

• Су ағызу түтігі майысқан («Орнату» бөлімін қараңыз).

• Ағызу түтігі бұғатталған.

• Сүзгі тамақ қалдықтарымен бітеліп қалған.

Ыдыс жуу машинасы шамадан 

тыс шуыл шығарады.

• Табақтар бір-біріне немесе тозаңдатқыш өзекшеге тиіп тарсылдайды.

• Тым көп көбік түзілген: жуғыш зат дұрыс өлшенбеген немесе ол ыдыс жуу 

машиналарында қолдануға қолайлы емес («Іске қосу және пайдалану» 

бөлімін қараңыз). 

Табақтар мен стақандардың 

бетінде ақ түсті қабықшамен 

немесе тат қалдықтарымен 

қапталған.

• Тазаланған тұз мөлшері аз немесе мөлшерлеме параметрі судың 

қаттылығына дұрыс қойылмаған («Шаюға көмекші зат және тұз» бөлімін 

қараңыз).

• Тұз диспенсерінің қақпағы дұрыс жабылмаған.

• Шаюға көмекші зат таусылған немесе оның мөлшерлемесі тым төмен.



Табақтар мен стақандар 

сызылған немесе реңгі 

көкшіл.

• Шаюға көмекші заттың мөлшерлемесі тым жоғары.



Ыдыс-аяқ дұрыс 

кептірілмейді.

• Кептіру циклы жоқ жуу циклы таңдалған.

• Шаюға көмекші зат таусылған немесе оның мөлшерлемесі тым төмен 

(«Шаюға көмекші зат және тұз» бөлімін қараңыз).

• Шаюға көмекші зат параметрі қолайлы емес. 

• Ыдыс-аяқ жабыспайтын материалдан немесе пластиктен жасалған.



Ыдыс аяқ таза емес.

•  Тартпаларға тым көп ыдыс салынған («Тартпаларға ыдыс салу» бөлімін 

қараңыз).

•  Ыдыс-аяқ дұрыс реттелмеген.

•  Тозаңдатқыш өзекшелер еркін бұрыла алмайды.

•  Жуу циклы тым нәзік («Жуу циклдары» бөлімін қараңыз).

•  Тым көп көбік түзілген: жуғыш зат дұрыс өлшенбеген немесе ол ыдыс жуу 

машиналарында қолдануға қолайлы емес («Іске қосу және пайдалану» 

бөлімін қараңыз). 

•  Шаюға көмекші зат бөлігіндегі қақпақ дұрыс жабылмаған. 

•  Сүзгі кір немесе бітеліп қалған («Күтім көрсету және техникалық қызмет 

көрсету» бөлімін қараңыз).

•  Тазаланған тұз деңгейі төмен («Шаюға көмекші зат және тұз» бөлімін 

қараңыз).



Ыдыс жуу машинасына су 

кірмейді - Шүмек өшірулі 

дабылы

(қысқа сигналдар естіледі)

*

(Кептіру және Соңы индикатор 



шамдары жылдам жыпылықтайды).

• Жүйеде су жоқ.

• Судың кіріс түтігі майысқан («Орнату» бөлімін қараңыз).

• Шүмекті ашыңыз, сонда құрылғы бірнеше минуттан кейін іске қосылады.

• Құрылғының құлпы белсендірілген, себебі сигнал берілгенде ешбір әрекет 

жасалмаған

*

. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінің көмегімен құрылғыны өшіріңіз, 



одан кейін шүмекті ашыңыз да, дәл сол түймені 20 секундтан кейін басу 

арқылы құрылғыны қайтадан қосыңыз. Құрылғыны қайта бағдарламалап, 

жуу циклын қайтадан бастаңыз.

Судың кіріс түтігінің 

дабылы / Судың кіріс сүзгісі 

бұғатталған

(келесі индикатор шамдары жылдам 

жыпылықтайды: Жуу циклы, Кептіру 

және «Соңы»)

• ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы құрылғыны өшіріңіз. Су ағып кету 

қаупін жою үшін шүмекті жабыңыз және айырды розеткадан суырып 

алыңыз. 

Судың кіріс сүзгісін қалдықтар бітеп тастамағанына көз жеткізіңіз («Күтім 

көрсету және техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз.)


14

KZ

KZ

15

16

KZ

195113603.00

04/2013  jk  - Xerox Fabriano




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет