Мектеп пен ата – аналар арасындағы байланысты нығайту, балаларды тәрбиелеу ісінде бірігіп жұмыс істеу
Ата – аналар балаларды тәрбиелеуде өздерін алшақ ұстауы және мектептің ата – аналардың мінез – құлқын жөндеу мүмкіншілігінің болмауы
Үлгерімі төмен оқушыларға арналған ереже: 1. Үлгермейтінге бірден жағдаятты сұрақ қойып, тез жауабын талап етуге болмайды.;
2. Оқушының ойлану мен дайындалуына жеткілікті уақыт беру;
3. Міндетті түрде жауаптың жазбаша болғаны жақсы;
4. Аз уақыт ішінде үлкен материалды меңгеріп алулары мүмкін емес, сондықтан қиын материалды шама шарқынша бөлімдерге бөліп беру керек;
5. Жаңа өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берулерін талап етпеу керек, одан да келесі сабаққа қалдыру керек;
6. Оқу қызметінің жетістігін қамтамасыз ету үшін мұғалім жұмыс жүйесін ойластыруы керек;
7. Мұндай оқушылардың өзіне деген, біліміне, күшіне деген сенімділігін қалыптастыру.