ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС
МАҚСАТЫ:
Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік білім стандартын меңгерту.
МІНДЕТТЕРІ:
1.Әр сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау.
2.Мемлекеттік білім стандартын меңгерте отырып, жыл бойы жұмыс жүргізу арқылы үлгерімін жоғарылату.
3.Үлгерімі төмен оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
НЕГІЗГІ ПРИНЦИП:
Нақты баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату.
БОЛЖАМДАП ОТЫРҒАН НӘТИЖЕ:
Оқу бағдарламасына сай білімді өз дәрежесінде меңгерген, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыруға мүмкіндігі қалыптасқан тұлға
1.Нашар үлгермеуші оқушылардың пән бойынша әр сыныптан анықтау, жүргізілетін жоспарды құру
2.Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар. (көшіру, есте ұстау арқылы көшіру, т.б.)
3.Диктанттар (ескерту, іріктету, түсіндіру, шығармашылық, ерікті, т.б.)
4.Компьютерде сурет салу бойынша әңгіме.
5.Сөздік жұмысын жүргізу.
6.Оқушылардың оқыған ғылыми әңгімелеріне байланысты компьютерде мәтін жазу және жеңіл есептер шығару
Достарыңызбен бөлісу: |