СОЦИОМЕТРИЯ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЖАСАЛЫНҒАН СЫНЫПТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КАРТАСЫ Есіңде сақта! Социометриялық әдіс - сыныптың статустық құрылымын анықтау үшін қолданылады. Бұл әдістің түрлері көп, сондықтан алдын-ала ақпараттанып алыңыз. Қазір нұсқаулық бойынша әрекет етіңіз!
Біріншіден, сыныптағы қатысушы оқушылардың нақты санын анықтаңыз. Сонан соң әрбір оқушыға жеке-жеке: «Сен өз сыныптастарың ішінен кімнің қасына отырар едің, кіммен саяхатқа шығар едің, кіммен бірге сабаққа дайындалар едің?» деген секілді сыныптың жағдайына қарай сұрақ қойыңыз. Сұрақты қояр алдында оқушылардың қызығушылықтарын есепке алу және дұрыс болжамдау маңызды. Аты-жөнінің көп аталу санына байланысты оқушыларды топтаңыз. Нәтижесі кестеге жазылуы тиіс.