Үлгілік оқу бағдарламасы «бекітемін»


Пәннің тақырыптық жоспарымен мазмұны



бет5/6
Дата25.11.2023
өлшемі32,31 Kb.
#127215
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Үлгілік бағдарлама пропед каз образец

Пәннің тақырыптық жоспарымен мазмұны
1. Тақырып. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәніне кіріспе.
Жалпы медициналық білім берудегі ішкі аурулар пропедевтикасының маңызы. Ішкі аурулар пропедевтикасының негізгі мақсаттары мен міндеттері.
2.Тақырып. Тыныс алу мүшелерінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері.
Тыныс алу түрлері, жиілігі, тыныс алу тереңдігі мен ырғағы. Тыныс алу тереңдігі мен ырғағының бұзылуы, терең – Куссмауль, аритмикалық – Чейн-Стокс және Биот, ентігудің объективті белгілері. Диагностикалық мәні. Кеуде қуысының пальпациясы.Диагностикалық мәні.
3. Өкпе перкуссиясы, аускультациясы
Салыстырмалы перкуссия: қалыпты және патологиядағы кеуде торының симметриялық аймақтарында перкуторлы дыбыстың сипаты
(айқын өкпелік, тимпаниялық, қорапты, тұйықталған, тұйық, тұйықталған-тимпаникалық). Топографиялық перкуссия: Өкпенің жоғарғы шекарасын анықтау: алдыңғы және артқыөкпе ұшының биіктігі, Крениг кеңістігінің енін.
4. Тыныс алу мүшелері аурулары кезінде науқастарды зерттеудің қосымша әдістері.
Қақырықты, плевра сұйықтығын тексеру, микроскопия, бактериоскопия, рентгеноскопия, өкпенің рентгенографиясы, компьютерлік томографиясы, бронхоскопиясы әдісімен тексеру.Сыртқы тыныс алу қызметін тексеру: спирометрия, спирография, пикфлоуметрия
5. Тыны алу мүшелерінің кезіндегі жетекші клиникалық синдромдар.
Бронхиалды обструкция синдромы немесе бронхоспастикалық синдром. Өкпе тінінің инфильтративті немесе ошақтық тыгыздалу синдромы.
6. Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бар науқастарды тексеру әдістері.
Қарау ерекшеліктері. Жалпы қарау. Тері жабындарының түсі.Ісіну, олардың пайда болу механизмі, орналасуы, таралуы, айқындылық дәрежесі. Анасарка. Бұл өзгерістердің диагностикалық мәні.Перифериялық тамырларды қарау. Ұйқы артериялары мен басқа да тамырлардың пульсациясы. Тамырдың ісінуі және пульсациясы диагностикалық мәні.
7. Жүрек пальпациясы, перкуссиясы, аускультациясы
Пальпация: жүрек соғуын және жүрек жүрек ұшы түрткісін анықтау. Систолалық және диастолалық дірілді анықтау.Шынтақ және ұйқы артериаларынан тамыр соғуын анықтау. Тамыр соғуының сипаттамасы (толуы, кернеуі, көлемі, тамыр соғуының формасы, тамыр соғуының жетіспеушілігі).
Перкуссия:Жүректің салыстырмалы және абсолюттік тұйықтық шекарасын, тамыр шоғырының көлденең енін анықтау.
Аускультация: Тікелей және жанама аускультация. Жүректі тыңдау нүктелері және кеуде торындағы клапандардың шынайы проекциясы. Жүректі тыңдау тәртібі.
8. Жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бар науқастарды зерттеудің қосымша әдістері
Зертханалық тексеру әдістері:Ферменттердің, жалпы ақуыз және ақуыз фракцияларының, С-реактивті ақуыз, холестерин және липопротеидтердің белсенділігін анықтау, тропонинді тест.
Аспаптық зерттеу әдістері:Электрокардиография (ЭКГ). ЭКГ техникасы. ЭКГ-ны 12 шықпаларын тіркеу (стандартты, кеуделік, бір полюсті). Қалыпты ЭКГ. ЭКГ шифрын талдау. Фонокардиография. Эхокардиография. Әдістер туралы жалпы түсінік. Бұл зерттеудің тағайындалуы. Диагностикалық мәні.Жүректі рентгенологиялық тексеру. Радиоизотоптық тексеру әдістері.
9. Кардиологиядағы негізгі клиникалық синдромдар
Артериялық гипертензия синдромы. Жедел коронарлық синдромы немесе жедел коронарлық синдром (ЖКС).Өкпе ісінуі.Ателектаз синдромы
10. Қан шығару жүйесі мүшелерінің аурулары бар пациентеттерді зерттеу әдістері. Қан түзілу патологиясының клиникалық синдромдары
Сұрастыру. Сұрастыру ерекшеліктері. Зерттеудің обективті әдістері. Тексеру . Пальпация .Анемия.Анемияның жалпы белгілері.Геморагиялық синдром
11. Асқазан және өңеш аурулары бар науқастарды тексеру әдістері
Қарау: ауыз қуысын, аңқасын, бадамшаларын тексеру. Ауыз қуысындағы тілдің орналасуы, ісінудің болуы, ылғалдылығы, емізікше қабатының сипаты мен айқындылығы, жабындардың, жаралардың болуы. Тістің, қызыл иектің, жұмсақ және қатты таңдайдың жағдайы.
Науқастың ішін көлденең және тік күйде қарау.
Пальпация: іштің беткейлік бағдарлы пальпациясы әдістемесі, терең - жылжымалы Образцов - Стражеско әдісі бойынша пальпация жүргізу. Асқазанды пальпациялау.Асқазанның перкуссиясы, асқазанның төменгі шекарасын анықтау.
Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері (ЖАК, құсық массасын зерттеу, асқазанды зондтау, ФГДС, асқазанның рентгенографиясы). Диагностикалық мәні.
12. Ішек аурулары бар науқастарды тексеру әдістері
Пальпация: ішті пальпациялау әдісі. Образцов және Стражеско әдісі бойынша терең жылжымалы пальпация. Пальпация жүргізу реттілігі: асқазан, сигма тәрізді ішек, соқыр, мықын ішек, көлденең-тоқ ішек, тоқ ішектің өрлемелі және төмендеу бөлімдері. Пальпация мәліметтері: орналасуы, қозғалғыштығы, ауыруы, консистенциясы, көлемі, бетінің сипаты, шұрылдаудың болуы
13. Бауыр, өт қабы және ұйқы безі аурулары бар науқастарды тексеру әдістері
Ішті қарау. Іштің ұлғаюы (асцит). Қабырға асты томпаюы (бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы). Алдыңғы құрсақ қабырғасында көктамыр коллатералдарының болуы.
Пальпация: бауыр мен өт қабын пальпациялау әдісі.
Перкуссия, бауырдың тұйық шекарасын анықтау. Қосымша зерттеу әдістері: Пигментті алмасу, май алмасу, көмірсу және ақуыз алмасу көрсеткіштерін анықтау. Ферменттерді зерттеу. Дуоденальды зондтау. қан мен несептегі ұйқы безі ферменттерінің белсенділігін анықтау, нәжісті зерттеу.Бауыр пункциясы, лапароскопия. УДЗ. Радиоизотоптық зерттеу. Сканерлеу. Бауырдың компьютерлік томографиясы. Дуоденальды зондтау, ЭРХПГ, лапароскопия, биопсия.
14. Зәр шығару жүйесі аурулары бар науқастарды негізгі тексеру әдістері.
Қарау: бүйрек аурулары бар науқастың бет алпеті. Ісінуі және бел аймағының қызаруы. Ісінудің таралу ерекшеліктері. Терідегі қасыған іздердің және мочевина кристалдарының болуы.
Пальпация: бүйректі пальпациялау әдісі. Бүйрек перкуссиясы: Пастернацкий белгісін анықтау
15. Зәр шығару жүйесінің аурулары бар науқастарды зерттеудің қосымша әдістері
Несептің жалпы талдауы: несептің салыстырмалы тығыздығы, несептің реакциясы, мөлдірлігі. Протеинурия, глюкозурия, билирубинурия, уробилинурия, ацетонурия. Несеп шөгіндісін микроскопиялық зерттеу және оның диагностикалық маңызы.
Нечипоренко Сынамасы. Зимницкий бойынша зәрді зерттеу.
Аспаптық тексеру әдістері:Бүйректі рентгенологиялық зерттеу әдісі: көктамырішілік және ретроградты пиелография. Нефроангиография. Қуық пен несепағардың цистоскопиясы және катетеризациясы. Бүйректі сканерлеу.Радиоизотоптық нефрография. Бүйрек биопсиясы.
Бүйректі ультрадыбыстық зерттеу
16. Қан түзу жүйесі аурулары кезінде науқастарды тексеру әдістері.
Қарау: тері және шырышты қабықтың түсінің өзгеруі, перифериялық лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Қан кету, көгеру, петехия.
Пальпация: аймақтық лимфа түйіндерін пальпаторлық анықтау, олардың өлшемдері, консистенциясы, қозғалғыштығы, қоршаған тіндермен және өзара дәнекерленуі.Көкбауыр пальпациясы.
Перкуссия: сүйектерден кейінгі ауырсыну.Бауыр мен көкбауыр мөлшерінің ұлғаюын анықтау. Зертханалық және аспаптық тексеру әдістер: қанның жалпы талдауы, қанның морфологиясы, эритроциттер. Эритроциттер мен гемоглобин санының азаюы және артуы. Түсті көрсеткіш. Ретикулоциттер. Эритроциттердің патологиялық түрлері. Лейкоциттер. Қалыпты лейкоцитарлы формула. Лейкоциттердің патологиялық түрлері. Тромбоциттер. Тромбоциттер санының өзгеруі. ЭТЖ өсуі. Рентгенография, радиоизотоптық зерттеу әдістері.
17. Эндокриндік жүйе және зат алмасу аурулары бар науқастарды тексеру әдістері
Қарау: гипергидроз, гиперпигментация, стрияның болуы. Тері асты май қабатының жағдайы (семіздік, салмақ жоғалту). Ісінудің, экзофтальманың, периорбитальды ісінудің, қабақтың гиперпигментациясының болуы.Қалқанша безін пальпациялау әдісі.Қан түзу жүйесін зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері:Қан мен несептегі қантты және несептегі ацетонды зерттеу.Қант профилі (гликемиялық қисық). Негізгі алмасу және оны анықтау әдістері.Қалқанша безін радиоизотоптық зерттеуі.Май және көмірсу алмасуының биохимиялық көрсеткіштері.
18. Тірек-қимыл аппараты, аллергялық және коллагеноздыаурулары бар науқастарды тексеру әдістері.
Буындар мен бұлшықеттерді қарау: саусақтардың қысқаруы, сүйектердің деформациясы, Арқаның өзгеруі, жүрістің өзгеруі, омыртқаның қисаюы.Буындарды пальпациялау: бұлшықет күшін анықтау, динамометрия, буындардың қозғалысының шектелуі.
Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері: қанды зерттеу, буындарды рентгенологиялық зерттеу, синовиальды сұйықтықты зерттеу. Қаңқа сүйектерін УДЗ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет