Ақтамберді Сарыұлы
ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген жырау, қолбасшы батыр, қоғам
қайраткері Ақтамберді Сарыұлы туралы Қазақ Совет энциклопедиясының
1 томында: «Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген ...дәулетті
шаруаның семьясында туған»
60
, – десе, Қазақ ССР тарихында: «Ол –
жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқан батыр, ерлік қимылды аңсаған
қаһармандық күрестің жалынды жыршысы, замана қауымына танымал жырау,
аты әйгілі ақын»
61
– делінген.
Халық оны жоңғарларға қарсы жорықтар кезінде қол бастап, ерлік
көрсеткен батыр, өзінің өжет те өткір сөзімен қалың қауымға әсері күшті
болған жалынды жырау дейді.
Осындай заманының ірі қайраткер-азаматы, суырыпсалма өнерінің өкілі,
аты шулы ақын, жалынды жырау Ақтамберді Сарыұлы қазіргі Семейге қарасты
Аягөз өңірінде туып-өскен. Найман елінен шыққан әкесі – Сары, шешесі –
Сырбике. Ол 1675 жылы дүниеге келіп, 93 жыл жасап 1768 жылы дүниеден
қайтқан.
Оның толғауларының мазмұнынан өмірі жайлы, өмірден көрген өгейлікті
басынан кешкен қиын сәттерді өрнектеген, адамзаттың азаматтық борышы мен
адамгершілік қасиеттері жайлы тәлімдік ой тастап, өсиет айтқан, халық
тәуелсіздігін аңсап, ерлікті ерекше дәріптеген, халқының бақыты үшін алдына
қойған мақсатынан, берген серті мен арманынан нағыз ұлтжанды, патриот
жырауды танисың.
Ақтамберді жырау өзінің жырларында тарих айта бермейтін жағдаяттарды,
көкірегіне түйгенін салмақтап, саралап қана айта білген. Жыраудың:
Атадан тудым жалқы боп,
Жақыннан көрдім талқы көп,
Жасым жетпей он беске...
...
Жағама қолдың тигенін,
Жалғыздық, сенен көремін.
Жамаулы киім кигенім,
Жарлылық, сенен көремін –
деуінен атадан жалғыз болып, 15-16 жасқа дейін жоқтықпен өмір кешіп,
мейірімсіз жақындардың түрткісін көп көргенін аңғарасың. Пысық, елгезек,
жетелі жас бала:
73
Қазір әлсіз болсам да,
Үмітім бар ақырдан –
деп түбінде жақсылықтың жеңетіндігіне сенеді, мойымайтындығын ескертеді.
Жау қорлығын көрген еліне пана болуды арман еткен жырау өзі ер жетіп,
қайраты толған кезде ел мүддесін ойлауға серт береді, ел тағдырына толғанады.
Жаулардың көрсеткен қорлық-зорлығынан елін азат ету азаматтық борыш деп
түсінген Ақтамберді жырау 17 жасынан қалмақ шапқыншылығына қарсы
соғысқа қатысады.
Он жетіде құрсанып,
Қылыш ілдім білекке.
Жауға қарай аттандым
Жеткіз деп құдай тілекке! –
деген жыр үзіндісінен қазақ еліне, туған жеріне деген елжандылық сезімі
17 жасында толық қалыптасқаны байқалады. Жырау жырларындағы
елжандылық ой қазіргі қазақ жастарына рухани нәр болары анық.
Ақынның «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын толғауында жалаулы
найза қолға алып, елге қорған болар батыр үні естіліп, өзінің алдына қойған
асқан арман-мақсаты, өршіл ойы термеленеді.
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз,
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екенбіз.
Сырттан сауыт киген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол қашырар ма екенбіз.
Жалаулы найза қолға алып,
Жау қашырар ма екенбіз?!
...
Тұмар мойын ат мініп,
Қоныс та қарар ма екенбіз!
Ел жазылып жайлауда
Жақсылар кеңес құрғанда
Мұртымыз өрге шаншылып,
Бұрын да сөйлер ме екенбіз!
«Ақтамберді қолы» деп,
«Жанайдың салған жолы» деп,
Жақсы атанар ма екенбіз! –
деп жүйрік ат мінуді, сұлуды сүюді, жауын бытыратып атып, жеңіспен оралған
соң қоныс қарауды, жайлауда жазылып отырып кеңес құруды армандайды.
Жырау жырында ерекше леппен жауынгерлікке, ерлікке жау алдында
батылдыққа, табандылыққа үгіттеу идеясы бар. «Өз елін қорғап өлген ердің
арманы жоқ» деген ой-пікірді уағыздайды.
74
Елін, жерін, ауыл-аймағын, бала-шағасын, Хиуа, Қоқан хандықтары мен
қалмақ, қытай шапқыншыларының талан-таражынан қорғауы, бар өмірін еліне,
халқына, оның елдігінің бүтіндігін сақтап қалу жолына арнауы әрбір азаматтың
азаматтық борышы.
Садақтың оғын мол салып,
Бетпақтың ең бір шөлінен
Төтелеп жүріп жол салып,
Қолды бір бастар ма екенбіз?!
Майданда дабыл қақтырып,
Ерлердің жолын аштырып,
Атасы басқа қалмақты,
Жұртынан шауып бостырып, –
деп толғаған арынды жауынгер жыраудың екпінді леппен жеңісті айқасқа
үндеген арманы халық көкейіндегі арманды ойлармен қабысып жатыр.
Ақтамберді жырау толғауларындағы елін шапқыншы жаудан қорғауда жан
сауғаламай соғысуға үндеген жалынды насихат сарыны – «ел тірегі ерлерді»
ерлікке бастары анық.
Ақтамберді – «Елі үшін еңіреген» ерлердің бірі, ел шетіне қорған,
халқының кегін алып, «қатын-бала қамы үшін» қылышын сермеген, мақсаты
айқын, айбынды жырау.
Ерлер жортар мал үшін,
Қатын-бала қамы үшін,
Әркім өзі талпынбақ,
Басына бітер бағы үшін –
деген мақсатты соғыстың жеңіске жетуі – елін сүйген, намысты, елжанды
ерлердің арманының айғағы.
«Ерді намыс өлтіреді» демекші, жырда:
Жалтара шапсаң жау қашпас,
Жауды аяған бет таппас.
Уа, жігіттер, жандарың
Жаудан аяй көрмеңіз... –
деп ұран тастаған жырау үні естіледі.
Елін, жерін сүйетін патриот жырау өзінің арман-тілегін, жауға қарсы
аттанудағы мақсатын:
Кейде бір жерді жол қылсам,
Шөлді бір жерді көл қылсам,
Құрап жанды көп жиып,
Өз алдына ел қылсам, –
деп термелейді.
«Халық үшін жан пида» деп қол бастап жүрген батыр-жыраудың:
Жалынды жүрек қан қайнап,
Ел-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап –
75
деген жыр жолдарында елінің бас бостандығы үшін жаумен жан аямай,
кескілескен күреске шақыру, қазақ елінің ата-мекенін, кең қонысын, бейбіт
өмірін сақтап қалу идеясы жатқаны мәлім.
Ақтамберді жырау толғауларында «ермін» деген жігіттің әр тұста елі үшін
ерлік көрсетуін, заманы мұқтаж етіп отырған ер-азамат болуын уағыздайды.
Ел шетіне жау келсе,
Алдыңа сірә дау келсе,
Батырсыңған жігіттің
Күшін сонда сынаса! –
деп, жігіттің жігіттігі қиын қыстау кезінде сыналады дегенді меңзейді.
Ойраттармен арадағы соғыста асқан ерлігімен, жалынды жырымен, қазақ
жерін аман алып қалуда ерен батырлығымен көзге түскен Ақтамберді жырау
өзінің ерлік тұлғасын:
Сыртым – құрыш, жүзім – болат,
Тасқа да салсаң, майырылман! –
деп өрнектеуінен батырдың қайсар мінезін қапысыз танисың.
Жаудан қорғалған елдің бақ-дәулет, өмір қызығы бейбіт еңбек, тату-тәтті
бірлік, әділетті билікте деп ұғынған, «Жақсыдан әкім қойсаң, елді түзетер,
Жаманнан әкім қойсаң, елді жүдетер» деген халық даналығын негізге алған
жырау бұл тақырыпқа да жыр толғап, «Халқы тозып, кем болмас, әділ болса
ұлығы» деп халық тағдырын ел басқарған әкімдердің әділдігімен
байланыстырады.
Ел бастайтын, ел қамын ойлайтын, халыққа басшылық жасап, жол
көрсететін әкімдерді, білімді де білікті жалпы ақылды, жайдары, кішіпейіл, ары
таза, әділ азаматты ардақтай суреттеу арқылы кейінгі жастарға ізгіліктің үлгісін
көрсетіп, ақыл-кеңес береді.
Білімді туған жақсылар,
Аз да болса көппен тең.
Жақсысы кеткен ауылдың,
Артынан жақсы шықпаса,
Өртеніп кеткен шөппен тең, –
деп мақал-мәтел мақамымен әділдікті, білімділікті байыптай уағыздаған.
Жырау әділетсіз әкімнен, қайырымсыз байлардан аулақ болуға шақырып,
олардың пендешілік, өзімшілдік, тәкәппарлығын:
Мал-басы өскен адамның,
Алды-арты бұрқан бу болар.
Өзінен-өзі зор болар,
Жетім менен жесірге,
Қазары ылғи ор болар –
деп жирендіре сынайды.
Атадан жалғыз боп шерлене өскен жырау халық даналығындағы
«Жалғыздың аты шықпас, жаяудың шаңы шықпас» деген ойды өрбіте:
Атадан алтау туғанның
Жүрегінің бастары
76
Алтын менен бу болар.
Атадан жалғыз туғанның
Жүрегінің бастары
Сары да жалқын су болар,
Жалғыздық, сені қайтейін!.. –
деп ру ішіндегі көп ағайындылардың атадан аздарға зәбір, запа көрсетіп,
өктемдік етуін қапамен бейнелейді.
Жағаға дұшпан қолы тимеске
Артында туысқанның көбі игі...
Ағайының көп болса,
Улы шерік қолмен тең –
деп, береке-бірлігі ұйысқан ағайынның көптігін «Көпті жау алмайды» деген
оймен ұштастыра суреттеген.
Ақтамберді жырау мұсылман баласы үшін ата-ананы құрметтеу қасиетті
Меккеге бару парызынан да артық деген ойын:
Мекені іздеп нетесің,
Мекеге қашан жетесің,
Әзір Меке алдыңда,
Пейіліңмен сыйласаң,
Атаң менен анаңды! –
деп толғаған.
Сондай-ақ ақын адамгершілік идеяларына көңіл бөліп, адамның
артықшылығы оның мінезі мен ақылы, білімі мен біліктілігінде, жайдарлылығы
мен жомарттығында, шынайы шыншылдығы мен әділеттілігінде, арлылығы
мен еңбекқорлығында екенін өз жырларына арқау еткен.
Мінезді болса жолдасың,
Күнде сонар қызбен тең.
Жаман болса жолдасың,
Астыңнан өткен сызбен тең
немесе,
Өз мінін білген жігіттің,
Тәлімінде мін бар ма?! –
деп оқырманға тәлімдік ой тастайды.
Ақтамберді жырау жырлары – ақыл, нақыл, афоризмдік толғауларға
құрылған.
«Балаларға өсиет» деген өлеңі – келешек жастарды бірлікте, ынтымақта,
татулықта болуға уағыздаған, ақыл-нақылға толы дана сөздер. Мәселен,
Бірлігіңнен айрылма,
Бірлікте бар қасиет.
Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке,
Араз болсаң алты ауыз
Еліңе кірмес береке –
77
деп, ел келешегі жастарға ауыз бірліктің елді арман-тілегіне, мақсат-мүддесіне
жеткізетінін ескертіп, халқын алауыздықтан сақтандырады.
Халықтың іргелі ел, берекелі жұрт болуын армандаған Ақтамберді жырау
туралы: «Ақтамбердінің түйіндеуінде адам тірлігінің мұраты – жатқа
жақыныңды жылатпай, ағайын-туған арасында береке-бірлікте ғұмыр кешу»
62
–
делінген.
Енді бірде жырау адал кәсіппен айналысып, берекелі ел болып, бейбіт
тіршілік қамын ойлап, кәсіптің берекелі түрі мекен теуіп, егіншілікпен
шұғылдану тәрізді мәселелерді де жырларына арқау еткен.
Нашар қайтып күн көрер,
Егін салар құлқы жоқ.
Босып жүр әне тоқтамай,
Мекен еткен жұрты жоқ.
Жастарды тәрбиелеуде жүйрік тілді Ақтамберді жырау өмірі мен өрелі
ойлы өнерниетінің маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |