Ұлы дала ақын-жырауларының тағылымдық МҰралары



Pdf көрінісі
бет21/30
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26192
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
Байланысты:
Elubaeva Akin Jirau

 
 
Үмбетей жырау 
 
ХVІІІ 
ғасырда 
Целиноград 
облысы, 
Ерейментау 
ауданында                          
1706-1778  жылдар  шамасында  өмір  сүрген,  әскери  жорықтарға  қатысып, 
батырлығы  да,  ақындығы  да  қатар  жүрген,  ел  тыныштығын  көксеп  өткен 
жалынды ақын Үмбетей жырау – дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлерінің 
бірі. Жырау мақалдап, мәтелдеп, халық даналығына сүйене отырып толғайды. 
Оның  жастайынан  сөз  өнеріне  ден  қоюына  ауыз  әдебиеті  мен  ән  өнерінен 
хабары  бар,  ел  тарихына  қанық  өз  әкесінің  септігі  тиді. Әкеден бағыт алған 
Үмбетей  жырау  халық  шежірелерінен,  шешендік  сөздерінен,  халық 
даналықтарынан тағылым алған. 
Жырау  жырларын  оқи  отырып,  өзінің  әділетті,  ақылды  кісі  болғанын 
аңғарасың.  Мәселен,  «Бәкеге»,  «Жауқашарға»  өлеңдерінде  әділетсіздікті 
әшкерелеп,  «тоқымы  кеппей  топтанып,  ел  тонауға  аттанып»  жүрген  тоғыз 
тентек Жауқашардың ұлын сынға алады, оларға араша түскен Бәкеге: 
Не бетіңмен қорғайсың 
Жауқашардың тоғызын? 
... 
Көрші жұртты шулатып, 
Жаудай шапқан не сұмдық –  
деп  жаман  әрекетін  әшкерелеп,  жауыздықтарын  беттеріне  басады.  Жақсы 
қылыққа, адамгершілікке, адалдыққа үндеген жырау Жауқашарға: 
Бұрала біткен емендей 


80 
 
Қисық туған адамсың –  
деп, оның адами қасиеті мен мінезіндегі оғаш қылықтарды ащы да өткір сынап, 
адамдыққа шақырады. 
Жалпы жырау жырларында адамды азаматтыққа, адамгершілікке, ізгілікке, 
ешкімге қиянат жасамауға үндеген. 
Жырау  жырларынан  жанұя  мүшелеріне  қандай  талаптармен  қарағанын 
аңғарасың. 
Ұл он беске келгенше, 
Қолға ұстаған қобызың, 
Ұл он бестен асқан соң, 
Тіл алмаса доңызың –  
деп  саралап,  сын  таразысына  сала  отырып,  адамның  жаманының  қандай 
болатынын нақты түйіндейді. Жырау «Бұқарға» деген арнауында: 
Үйіңдегі ұлың жаман болса, 
Есіктегі құлмен тең, 
Қойныңдағы қатының жаман болса, 
Қаңтардағы мұзбен тең 
... 
Арқаңа артқан тұзбен тең! –  
деп  оқырманға  өрелі  ой  тастайды.  Жанұядағы  азаматтың,  әйелдің,  ұлдың 
міндет-мұраттарына  зиялы  өрнектермен  тоқталған.  Жанұя  бірлігін, 
сыйластығын,  татулығын,  құрметін  тілеп,  әр  адамның  жаман  кесірлі 
қылықтардан аулақ, жақсы істерге жақын болуын уағыздаған. 
Үмбетей жыраудың шағын толғауларының өзінен көпке ақылшы, кеңесші, 
білгені, көргені мол, қонақжай, мейірімді келбеті елестейді. Оған: 
Кісіні көрсең есікке, 
Жүгіре шық, кешікпе, 
Қарсы алмасаң мейманды 
Кесір болар несіпке! –  
деуі дәлел. 
Үмбетей  жырау  көпшіліктің,  көптен  шыққан  батырлардың  ақылшысы 
болған.  Мәселен,  Қазбекұлы  Бекболат  биге  айтқан  арнауында  адамгершіл 
ақылдар беріп, байсалды басшы болуын қалаған. 
Батырлар да бір-бірімен бақталастыққа барып қалады. Осындай батырлар 
арасындағы  егеске  де  төрелік  жасап,  ақыл  айтып,  бітімге  келтірген,  бейбіт 
өмірді көксеген. Үмбетей жырау «Ей, Ақтамберді» деп басталатын 13 жолды 
өлеңінде алмас қылыштай өткір сөздері арқылы батырларды бітімге келтірген. 
«Бәкеге»,  «Жауқашарға»,  «Бұқарға»,  «Бекболат  биге»,  «Ақтамбердіге» 
атты  арнаулары  барымташы  шапқындарға  тыйым  салуға,  адамгершілікке 
үндейтін мәнді шығармалар. 
Үмбетей  жырау  мұраларында ханнан гөрі қауым мен батыр бейнесі мол 
бейнеленген. 
Тарихта «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» атанған аумалы-төкпелі 
заманда  өмір  кешкен  Үмбетей  жырау  –  Бөгенбай  батырдың  сенімді  серігі, 


81 
 
жалынды  жыршысы,  қарулас  досы  болған.  Алғаш  рет  қалмақтарды  қирата 
жеңіп, тойтара соққы берген Бөгенбай батырдың қолы еді. Жыраудың даңқын 
шығарған  «Бөгенбай  өліміне»,  «Бөгенбайдың  өлімін  Абылай  ханға  естірту» 
деген толғауларында Бөгенбай бастаған халық батырларын дәріптеп, ұрпағына 
өнеге еткен. 
«Қалмақ  қолы  жеңілмейді  –  мыс»  деген  жалған  лақаптың  күлін  көкке 
ұшырған,  жоңғарларға  қарсы  күресте ел қорғаны болған Бөгенбайдың тұлға 
тұрпатын ерекше даралап: 
Қолтығы ала бұғының, 
Пәйкесіндей Бөгенбай. 
Жалаңқия жерлерден 
Жазбай түсіп түлкі алған, 
Білегі жуан бүркіттің 
Тегеурініндей Бөгенбай, –  
деп  оны  асқар  Алатауға  теңеп,  тегеурінді  бүркітке  балайды.  «Болмашыдай 
анадан болат тудың, Бөгенбай» деп қастерлейді. Жырау Бөгенбай батырдың 
қайтпас қайсарлығын:  
Ақ Шәуліге қос тігіп 
Ауыр қол жидырып алдырдың, 
Қалмаққа ойран салдырдың. 
Қабанбай мен Бөгенбай 
Арғын менен Найманға 
Қоныс қылып қалдырдың! –  
деп, елін жаудан қорғау жолындағы қайратты ерлігін: 
«Қайтпаған қандай ұрыстан» деп дәріптейді. Ол жоңғардың бетін қайыруда 
қол бастаған жойқын батырдың қаһармандық істерін үлгі етеді. 
Атамекенін, халқымыздың ұлан-байтақ жерін, бүкіл Сарыарқа атырабын 
жаудан қорғап, аман алып қалған батырдың ерлігін: 
Қалмақты қуып қашырдың, 
Қара Ертістен өткізіп, 
Алтай тауға асырдың! –  
деп сүйсіне суреттейді. Жырларында халықты береке-бірлікке, батырын ерлікке 
үндейді. 
Жырау әлуетті батыр, атақты қолбасшының өлімін Абылай ханға естірту 
кезінде Абылайдың жайы, оның «Сарыарқаны жерім деп, қалың қазақ елім» деп 
Үргеніштен келгендігі, Төле бидің түйесін баға жүріп, ер жетіп, ойраттармен 
күрес кезінде көзге түскенін, ерлік ісін: 
Жиырма жасың толғанда, 
Қалмақпен соғыс болғанда, 
... 
Жау қашты деп айғайлап, 
Абылайлап шапқанда... –    
деп термелей отырып, осы сырт жауларға қарсы шыққан жорықтардың кейбір 
сәттерін ондағы батырлардың көрсеткен қайратын сөз етеді. 


82 
 
Жырау Бөгенбайды ғана емес, Абылай тұсында ханның атағын шығарған, 
халықтың  береке-бірлігін  ойлап,  намысты  қолдан  бермей,  Отанын  жау 
құрсауынан  қорғаған  батырлар  мен  билердің  ерлік  мінезін  саралай, даралай 
бейнелеп, оларға тәкәппарлықпен қараған Абылайға: 
Аруағыңа болысқан, 
Әділ билік қылысқан, 
Қашпаған қандай ұрыстан... 
Кейі батыр, кейі би, 
Тәңірім берген сондай сый, 
Ұмыттың ба соны, Абылай! –  
немесе, 
Қара керей Қабанбай, 
Қанжығалы Бөгенбай – 
Сары, Баян мен Сағынбай, 
Қырмап па еді жауыңды, 
Қуантпап па еді қауымды, 
Ұмыттың ба соны, Абылай! –  
деп, Абылайдың өткен өміріндегі ауыр күндер мен жеңісті жорықтарды есіне 
салып,  ескерту  жасап,  тәубәсіне  келтіреді.  Жырау  өзі  қаралы  хабаршы 
екендігін, атақты батырлардың бірі дүниеден өткендігін жеткізеді. 
Уай, Абылай, Абылай 
Абылай ханым бұл қалай? 
Дұшпаныңды мұқатқан, 
Жауыңа қарсы оқ атқан, 
Аруағың табысқан 
Батырың өтті Бөгенбай –  
деп, ел сүйіктісі Бөгенбай өлімін, оған деген халық қайғысын әсерлі термелеп, 
«Асылыңнан айрылдың, батырың өлді – бақаның сынды, ордаң шайқалды» – 
деп тебірене: 
Бөгенбай батыр өлген соң,  
Көзімнің жасы көл болды-ай! –  
деп, көңіл айта естіртеді. Батыр дүниеден қайтқанда жанында болған жырау 
«Батырды қолдан өткіздім, сәлемін міне жеткіздім» дей отырып, қол бастаған 
жойқын  батырдың  қаһармандық  істерін  толғап,  өшпес  бейнесін  жасап, 
мадақтайды. 
Жырау  жырларын  зерделей  келе,  ел бірлігін, ынтымақ, тыныштығының 
тірегі бола білген батырлар бейнесі арқылы әр адамның бойына елжандылық, 
отаншылдық, отансүйгіштік қасиеттерді дарытуға ұмтылғанын көреміз. 
Қайғы хабаршысы Абылайды жұбатып, көңілін бекітеді. 
Көзіңнің жасын тыя көр, 
Жақсылық бата қыла көр, 
Тағы да талай бақ берсін, 
Балаңа алтын тақ берсін, 
Бөгенбайдай жас берсін, 


83 
 
Өлшеусіз мал мен бас берсін! 
Жыр халыққа бақ-береке, тыныштық тілеумен аяқталады. 
Жауынгер,  патриот  ақынның  Бөгенбай  батырға  арнаған  толғаулары  – 
адамдыққа, адалдыққа, елін сүйер ер болуға үндеген, деңгейі биік туындылар. 
Үмбетей  жырау  –  замандастары  мен  ұрпағының  намыс,  ар-ождан, 
адамгершілік  қасиеттерін  ұрпақтың  ұрпағына  аманат  етіп,  толғаған  жыр 
жолдарымен  қазақ  рухани  мәдениет  даму  саласында  өшпес  із 
қалдырушылардың бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет