Ұлы дала ақын-жырауларының тағылымдық МҰралары



Pdf көрінісі
бет3/30
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Elubaeva Akin Jirau

 
ISBN 978-601-7440-12-1                                                       © Елубаева М.С., 2019 
                                                                                         © Тараз, 2019                                                                                          



 
АЛҒЫ СӨЗ 
 
Төрткүл дүние Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басты. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  «Төртінші 
өнеркәсіптік  революция  жағдайындағы  дамудың  жаңа  мүмкіндіктері» 
Қазақстан  халқына  кезекті  Жолдауындағы:  «Барлық  жастағы  азаматтарды 
қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. 
Білім  беру  бағдарламаларының  негізгі  басымдығы  өзгерістерге  үнемі  бейім 
болу  және  жаңа  білімді  меңгеру  қабілетін дамыту болуға тиіс. Педагогтарды 
оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады» 
–  деп көрсетілген 7-ші бағытының басты идеясы адами капиталды дамытуға 
бағытталған.  
Елбасының  Жолдауында  атап  көрсетілгендей,  тәуелсіздіктің  көк  туын 
көтеріп,  еркіндіктің  кең  өрісіне шыққан Қазақстан елінің алдында  қоғамның 
идеалына айналатын елге тірек, нағыз ұлттық тұлға тәрбиелеу міндеті тұр. Ол 
үшін  барлық  жастағы  азаматтарды  қамтитын  білім  беру  ісінде  бүкіл  қазақ 
халқын  әсіресе,  жастарын  өз  ұлтының  тарихи-мәдени  қайнарларынан 
сусындатып,  тағылымды  мұраларынан  нәр  алдырып,  ғылыми  дүниетаным 
негіздері мен рухани адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу ұлттық тәрбие 
жүйесінде жүзеге асырылуы тиіс.  
Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдістері өткен тарихымызды 
объективті  тұрғыдан  дұрыс  бағалауға,  ұлттық  мәдениет  саласында  талай 
ғасырлар  бойы  жинақталған  тәлім-тәрбиелік  мұраларды  бүгінгі  күн 
талаптарына сай пайдалануға қолайлы жағдайлар тудырып отыр. 
Мәселен, елдің әлеуметтік тіршілігін, дәуір шындығын халық тағдыры мен 
арман-мұратын,  ой  санасы  мен  дүниетанымын  көркем  бейнелі  тілмен  бере 
білген ақын-жыраулар поэзиясындағы игі дәстүрлер тәлім-тәрбие қазынасына 
айналуда.  
Жер-жаһанда ұлттың, халықтың құрылу, дербес мемлекет болып өмір сүру, 
Отан  қорғау  тарихында  қазақтай  ақын-жыраулары  беделді  екінші  бір  ел 
болмағаны анық. Қазақ жыраулары өткен ғасырларда мемлекет пен ел билеуде, 
ішкі-сыртқы саясатты белгілеп жүргізуде хандардың оң қолы, белді де беделді 
сүйеніші болған. 
Жаугершілік заман болып, ел басына күн туғанда, жорықшы жыраулардың 
рөлі ханнан да, батырдан да, бектен де асып түскен. Олар өздерінің отаншыл, 
патриоттық жалынды жырларымен елдің басын біріктіріп, күреске көтерген. 
Жырау – ел ішінде ағартушылық қызмет атқарып, елдің елдігі, азаматтың 
азаматтығы,  адамдар  арасында  адамгершілік  нормаларын  қалыптастырып, 
оның озығын насихаттап, тозығын шенеп, әділдік үшін алысып, қиянатқа жол 
бермеуге тырысқан, зорлықшылар мен парақорларды бетке тура айтып, аямай 
әшкерелеген, халықты адалдыққа, еңбекқорлыққа, азаматтыққа шақырған. 
Білімдік,  танымдық,  тәрбиелік  мәні  зор  ақын-жыраулар  мұралары 
жайындағы  бұл  оқу  құралында  ақын-жыраулар  мұраларының  тәрбиелік                   
ой-пікірлерін ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерделеп ұсындық. 



 
Оқу  құралы  үш  тараудан  тұрады.  Оның  алғашқы  тарауында  қоғам 
шындығын  қозғайтын,  өз  кезіндегі  басты  мәселелерге  үн  қосып,  өзекті 
сұрақтарға жауап беруге атсалысқан асыл сөз иесі ақын-жыраулардың өзіндік 
ерекшеліктеріне  тоқталсақ,  екінші  тарауда  жыраулар  поэзиясының  дәуір 
шындығы  негізінде  туындағаны  жайында  айтылды.  Ал  үшінші  тарауда                
ақын-жыраулардың тәлім-тәрбиелік идеялары қарастырылды.  
Оқу құралы педагогикалық жоғары оқу орнының барлық мамандықтары 
бойынша білім алып жатқан студенттеріне арналады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет