Ұлы дала ақын-жырауларының тағылымдық МҰралары



Pdf көрінісі
бет4/30
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Elubaeva Akin Jirau

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
І тарау.  ЖЫРАУ – АСЫЛ СӨЗ, АДАМИ ИДЕАЛДАР ИЕСІ 
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті 
қыры»  мақаласында:  «Төл  тарихын  білетін,  бағалайтын  және  мақтан  ететін 
халықтың болашағы зор болады. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай 
білу  және  болашаққа  оң  көзқарас  таныту  –  еліміздің  табысты  болуының 
кепілі»
1
  деп  атап  көрсеткендей,  өскелең  ұрпақты  ұлттық  рухта  тәрбиелеп, 
олардың бойында рухани-адами құндылықтарды қалыптастыру міндеті тұр. 
Қазіргі  қазақ  халқының  рухани  жағынан  қайта  даму  кезеңінде жастарға 
ұлттық  тәрбие  көздерімен  сусындата  білім  беру  –  еліміздің  өркениеті  мен 
экономикасын  тұрақтандыруда,  патриоттық  сезімін  арттырып,  дәстүрімізді 
дәріптеуде, тілін құрметтеп, парызы мен арын таза ұстауда, ұлт намысын биік 
ұстап, ұлттық қалпымызды сақтауда, халқының көңілінен шығып, қауымның 
үмітін  ақтайтын,  нағыз  ұлттық  тұлға  етіп  тәрбиелеуде  өз  нәтижесін  берері 
анық. 
Ұрпақ бойына ұлттық адами құндылықтарды ұялатар (ата-ананы сыйлау; 
туған  жерін  сүю;  тілін,  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрін  құрметтеп,  мақтан  тұта 
қорғай  білу;  білім  мен  білігін,  ақылы  мен  парасатын  ел  игілігіне  жұмсау, 
атамекен  мүддесіне  арнау;  елінің  өткенін  өрімдеп,  есесін  түгендейтін  өр, от 
жүректі намысқой, адалдықты ту етер арлы, жүрегі таза, иманды да парасатты 
адами  қасиеттерді  қалыптастырар)  рухани  күш  –  тағылымды  асыл 
мұраларымыз. 
Талай ғасырлар тарих тағдырын басынан кешірген қазақ халқының да әр 
дәуірде кейінгі ұрпаққа мирас болған мәдени мұралары мен тағылымды асыл 
қазыналары болған. 
Тарих қойнауындағы халқымыздың санғасырлық рухани мұрасын, әсіресе 
оның  тәлім-тәрбиеге  байланысты  асыл  қазыналарын  ғалымдар  зерттеп, 
зерделеп  ұлттық  сипатын,  қоғамдық  мәнін  айқындап,  оның  бүгінгі  тәрбие 
мәселесімен өзектестігін көрсетуде. 
Біз  қарастырып  отырған  мәдени  мұраның  арналы  саласы  –                            
«XV-XVIII ғасырлардағы ақын-жыраулар мұрасы» – қазақ хандығы құрылып, 
дербес  мемлекеттің  нығая  бастаған  дәуірдегі  әлеуметтік  жағдайларға 
байланысты туып, дамыды. Жыраулар мұрасында сол дәуірдегі талай тайпалар 
басынан  өткерген  тарих  іздері,  әр  дәуірдің  ірі,  іргелі  оқиғалары,  көрнекті 
тұлғалары, сол замандағы оқиғалар хақындағы деректер анық байқалады. Осы 
кезден  бастап  қазақтың  төл  әдебиетінің  іргетасы  қаланып,  жыраулар  мен 
ақындардың есімдері белгілі болып, авторлар сақталды.  
Тәуелсіздік  дәуірінде  жыраулар  шығармашылығын,  тарихын  ғылыми 
түрде  зерттеу  –  оның  философиясының  әлеуметтік-мәдени  және 
дүниетанымдық негіздерін түсінуге, толғаулардың қыр-сырын ашуға, жыраулар 
дүниетанымын танып-білуге, тағдыры мен дамуындағы жыраулардың орны мен 
рөлін, маңызын айқындауға мүмкіндік берді.  
Мәселен, қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетті ғалым М.Мағауин түбегейлі 
зерттеп,  зерделеген,  көпшілік  жыраудың  ғұмырбаян  деректерін  тұңғыш  рет 



 
жұртшылық  назарына  ұсынған.  Өз  кезіндегі  тарихи-әлеуметтік  мәселелерді 
толғап,  қоғам  мүддесін  көтеріп,  жыраулық  дәстүрді  дамытқан,  жыраулар 
поэзиясын теориялық тұрғыда тұжырымдаған. 
Уақиға  сырын,  замана  бағыт-бағдарын,  ақыл  таразысына  салып  сынай, 
салмақтай  толғаған,  халық  қайғырғанда  демеп,  қуанғанда  қанат  бітіріп, 
қоғамның мінін ашық айтып, өз кезіндегі басты мәселелерге үн қосып, өзекті 
сұрақтарға жауап беруге атсалысқан асыл сөз иесі ақын-жыраулар ел арасында 
ерекше құрметке ие болған, олардың дарынын халық толығымен мойындап, 
қадірлеген. Шығармаларында ұстанған батырлық, елдік, еркіндік, бостандық, 
теңдік, адамгершілік, ар-ождан, сөзге беріктік, өмір, мораль, замана хақындағы 
адами  идеялары  халқының  дүниетанымының,  өмірлік  ұстанымдарының 
қалыптасуына  әсері  мол  болып,  сол  заманның  тәрбие  құралына  айналған. 
Жалпы  алғанда  жыраулар  шығармаларында  патриоттық-отансүйгіштік, 
адамгершілік,  эстетикалық  тәрбиеге  қатысты  ойлар  бір-бірімен  астасып,                      
тәлім-тәрбиелік  жүйе  құрылған.  Мәселен,  жорыққа  шығар  алдында  олар  өз 
толғаулары арқылы халықтың патриоттық сезімін оятып, өз ұрпағы, елі, жері 
үшін  жауапкершіліктерін  естеріне  салу  арқылы    шабыттандырып,  рухын 
көтеріп отырды.  
Ақын-жыраулардың  шығармаларының  тақырыптары да әр алуан. Саяси 
мәселелерден бастап күнделікті тұрмыста тәлім-тәрбиелік мәні бар мәселелерге 
дейін өз шығармаларына арқау етті.  
Жыраулық поэзиядағы толғауларда ойды тереңнен қозғап, философиялық 
түйінді  тұжырымдарды,  қоғамдық,  саяси-әлеуметтік  мәселелерді  шешуді, 
отаршылдық әрекеттерге қарсы күреске шығуды талап ететін болса, ақындар 
поэзиясындағы  толғауларда  дүние  жалғанға,  қоғамға,  тағдырға,  өз  өміріне 
деген  кейістігін,  қынжылысын,  ренішін  психологиялық  тебіреніс,  толғаныс 
сезімде құрып, жеке басының тағдыр-талайын жырға айналдырады. 
Ақындық  поэзия  мен  жыраулық  толғаулардың  дәуір  көрінісін,  өмір 
шындығын  суреттеуде  көркемдік  тәсілдері  мен  жанрлық  ерекшеліктері, 
тақырып  аясындағы  өзіндік  елеулі  өзгешеліктері  ғалымдар  зерттеулерінде 
қарастырылған. 
Мәселен,  Ш.Уәлиханов,  Х.Досмұхамедов,  А.Байтұрсынов,  М.Әуезов, 
С.Сейфуллин,  С.Мұқанов,  Ә.Марғұлан,  Б.Кенжебаев,  Қ.Жұмалиев, 
Ә.Қоңыратбаев,  М.Мағауин,  Х.Сүйіншәлиев,  Ы.Дүйсебаев,  З.Ахметов, 
К.Келімбетов, Ә.Дербісәлин, Қ.Өмірәлиев, С.Негимов т.б. ғалымдар еңбегінде 
ой-пікірлері айтылып, түйінді тұжырымдары, анықтамалары беріліп, ғылыми 
тұрғыда жан-жақты зерделенген. 
Профессор Е.Ысмайылов жырау мен ақындар ерешеліктерін жете зерттеп 
берді. Ол жыраулар да ақын, көркем сөз шығарушы өнерпаз, қазақ әдебиетінің 
көне өкілдері деп танытты. Жыраудың ақыннан өзгешелігі – шығармаларының 
сарыны  мен  тақырыбы  бірыңғай  болып  келуінде.  Адам  баласы  басындағы 
қайғыны,  зарды,  ел  ішіндегі  ауыртпалықты  толғау,  әлеуметтік,  елдік 
мәселелерді  көтеру,  тағы  басқа  әртүрлі  өткен-кеткен  күйлерді  шерту, 
болашақты  болжап,  ақыл  айтып,  батагөйлік  ету,  шешендік  түйіндер  жасап, 



 
терең  ой  қозғау  –  жыраулардың  дәстүрлі  ерекшеліктері.  Бірыңғай  тарихи 
тақырыптарды,  әлеуметтік  қоғамдық  мәселелерді,  қолбасы  батырлар  мен  ел 
басы  хандар  ісін,  халықтың  жай-күйлерін,  қонысын,  өткені  мен  болашағын 
толғап,  осы  мәселелер төңірегіндегі өкініштер мен өксіктерге бой ұра, кейде 
тіпті  зарыға  жыр  толғап  отыру  –  жырауларға  тән  қасиет.  Олар  өздерінің 
болжамдарын, ақыл-өсиеттерін қобыздың зарлы үніне қосып ұзақ толғаған
2
 
Халқымыздың асыл өнері – сөз өнерінің жетекші өкілдері ақын-жыраулар 
туралы  кезінде  ұлы  жазушы  М.Әуезов:  «Жыраулардың  ақын  атаулыдан, 
жыршыдан  бөлек  өз  жанры  бар»
3
,    –  дей  келіп,  жыраулардың  мақсаты  мен 
міндетін  саралап, дәл басып сипаттаса, З.Ахметов: «Жыраулар өз жырларын 
қазақ халқының көне поэтикалық үлгісі  – толғау арқылы айтып таратқан»
4
 – 
деп тұжырымдаған. 
Шындығында, жыраулар шығармалары негізінен толғау түрінде  болады. 
Толғаудың басқа фольклорлық жанрлардан ерекшелігі – онда әртүрлі мәселерге 
ой  жүгіртіп,  талдаумен қатар, үлгі көрсету, өсиет айту орын алды. Толғауда 
маңызды қоғамдық-әлеуметтік, саяси-философиялық тақырыптар, азаматтық 
әуендер кеңінен орын алады.  
Жыраулардың  ерекше қасиеті – сөзіне жауапкершілікпен қарауы, халық 
алдындағы ашықтығы, әділеттілігі, турашылдығы, күрескерлігі. Олар – адами-
рухани құндылықтарды дәріптеп, іске асырушы. 
Ақын-жыраулардың  қоғамдағы  рөлі  мен  жыраулық  поэзияның  өзіндік 
ерекшеліктерін, табиғатын ашып тануда зерттеушілердің ой-тұжырымдары мен 
пікірлерінің мәні зор. 
Жыраудың  қоғамдағы  рөлі,  жыраулық  ерекшелігі  туралы  ойын 
Ә.Марғұлан:  «Жырау  ру  басы  ақсақал,  халықтың  көкейкесті  арманының 
мұңшысы.  ...Жыраулар  халыққа  күш-жігер  беріп,  оқиғаның  немен  тынарын 
болжап,  тебірене  жыр  толғайтын  болған. Болашақты барлап, болжам айту  – 
көреген  де  білгір  жыраулардың  поэтикалық  өнерінің  басты  тәсілі  болып 
саналған»
5
  –  деп  түйсе,  ғалым  әрі  ақын  Ә.Тәжібаев:  «Жырау да  – ақын. Ал 
жыраулық ертеден келе жатқан халық поэзиясының үлкен бір дәстүрлі саласы»
6
 
– деп, жыраулық дәстүрді жеке сала ретінде алып қарастырған. «Бұл жанр – ел 
қамын ойлаған қаһарман батырлардың өмірі мен ерлік істерін дәріптеп жырлау, 
оларды бүкіл халыққа насихаттау, жас ұрпақты ел-жұртын сүйген қайсарлық 
рухта тәрбиелеу, ерлік дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу үшін туған жанр»
6
 – 
деп жазған. 
XV-XVIII  ғасырлардағы  ақын-жыраулар  –  заманының  ойлы  перзенті 
ретінде қоғам мүддесін толғап, өмірдің сан алуан мәселелерін сарапқа салып, 
философиялық-дидактикалық  тұжырым  жасап,  елдікті,  ерлікті,  бірлікті 
жырлаған. Жыраулар көбінесе елдік мәні үлкен, келелі мәселелердің тұсында, 
халық  пен  ханға  бірдей  ақылшы,  көпті  көрген  кемеңгер  ойшыл  ретінде 
көрінеді,  айтпақ  ойларын  толғау  түрінде  философиялық,  дидактикалық 
түйіндер  арқылы,  өмір  құбылыстарын,  тарих  пен  кейінгі  өмірді,  жақсы  мен 
жаманды,  адамдық  пен  жауыздықты,  өмір  мен  өлімді  салыстыру  арқылы 
психологиялық параллелизмдер негізінде, патетикалық рухта жеткізеді»
7
 



 
Яғни, жыраулар әлеуметтік мәні зор, келелі мәселелерді жырласа, ақындар 
күнделікті  өмірдегі  сан  қилы  тақырыпта  бетпе-бет  өлеңдер  шығарған.  Ол 
туралы академик С.А.Қасқабасов «Жырау, жыршы, ақын» еңбегінде: «Жырау 
хандық мемлекеттің бас идеологі ретінде толғанса, ал ақын адамның тіршілігі 
мен  сезімін  суреттейді»
8
  –  деп  жазған.  Ал  Е.Ысмайылов:  «Ақын  өмірдегі 
құбылысты,  тарихи  оқиғаны  өзінің  ой-өрісі  дәрежесінде  таниды.  Ақынның 
сезінуі, ол сезгенін қабылдауы шапшаң, ол тез көріп, тез әсер ала біледі, алған 
әсерін  ұғып,  есіне  сақтауы  да  күшті,  тұрақты.  Ақын  естігенінен  гөрі,  көзі 
көргенін  тез  сезіп,  жылдам  жырлап  кетеді»
9
  –  деп  ақындық  дарынның 
ерекшелігін атап көрсеткен. Шындығында, ақын кішігірім мәнді әрекеттер мен 
адамның көңіл-күйі мен сезімін бейнелеу шебері. Оны Тәтіқара, Көтеш, Шал 
ақын  туындыларынан,  XIX  ғасырдағы  ақындар  шығармаларынан  байқауға 
болады.  
Сонымен, ақындық поэзияда тақырып ауқымы кең, сезімге бай, лирикалық 
сипаты  басым  болса,  жыраулық  поэзияда  қоғам  тынысын,  заман  жайын 
суреттеумен  бірге,  өз  ой-болжамын  білдіре,  ақыл  айта,  терең  ой  қозғау, 
эпикалық үн басым болған.  
Қазақ  ақындары  мен  жыраулар  мұралары  –  ғасырлар  бойы  шыңдалып, 
жылдар өткен сайын жаңа арнаға түсіп, ақындық өнердің озық үлгісін өмірге 
әкелуде. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет