Ұлы дала ұбт білім беру орталығының Биология пәнінің мұғалімі: Абылқасымова Зере Биология пәнінен Қоректену бөлімі



Pdf көрінісі
бет16/16
Дата09.11.2022
өлшемі1,13 Mb.
#48903
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
В6 дәрумені (пиридоксин): Негізінен нәруыздардың алмасуын реттейді. Ағзаның 
темірді пайдалануына, эритроциттердің жетілуіне әсер етеді.Майлардың алмасуын, 
бауыр мен терідегі дұрыс зат алмасуын қамтамасыз етеді.
337. 
В6 дәруменін ішек микрофлорасы синтездейді.
338. 
В6 дәруменінің жетіспеуі анемия, дерматит және тырыспа ауруын тудырады.
339. 
В12 дәрумені (цианкобаламин): Қан түзілу үшін қажет. Ол бауырдың қызметін 
реттейдіжүйке ұлпасы жасушаларының жаңаруына қатысады.
340. 
В12 дәрумені жетіспесе қатерлі анемия ауруын тудырады.
341. 
Бауыр, бүйрек, балық, жұмыртқа В12 дәруменіне бай. Ішек микрофлорасы шамалы 
мөлшерде синтездейді. 
342. 
РР дәрумені (никотин қышқылы немесе ниацин): Асқазан, ішек жұмысына әсер 
етеді.  
343. 
РР дәруменнің жетіспеуінен жалпы әлсіздік байқалады, адамның көңіл күйі 
өзгереді, пеллагра (итальян тілінен сөзбе сөз аударғанда – қатпарланған, тері ауруы дамиды.
Теріде көпіршіктер мен дақтар пайда болады.  
344. 
Ниацинге жануартекті өнімдер мен ашытқы бай. Ол ет, жұмыртқа, қара нан, 
жержаңғақ құрамында болады 
345. 
Е дәрумені (токоферол): Бұл дәруменнің жетіспеуі бедеулікке, бұлшық ет 
дистрофиясына, анемияға, балаларда көру қабілетінің бұзылуына, кейде семіздікке себеп 
болады.
346. 
Е дәрумені көгөністерде, өнген дақылдарда, өсімдік майында, жұмыртқада болады 
347. 
К дәрумені (филлохинон): Бұл дәруменнің жетіспеуі қан ұюының бұзылуына
соның салдарынан қан жоғал туға апарып соғады. Ішек микрофлорасы синтездейді. 
348. 
К дәрумені саумалдық (шпинат), қалақай, түсті қырыққабат, асқабақ, сәбізде және 
т.б. көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет