283
пайдалану қай кезде де оқу үдерісін ізгілендіру талаптарын жүзеге асыруға,
оқушыларды оқу әрекетін өз бетімен жоспарлауға, өзін-өзі бақылауға және
толықтыруға үйретеді.
Құдайберген Жұбанов сынды әмбебап ғалымның, алып ойшылдың
оқыту
ісіне
байланысты
лингводидактикалық
және
әдістемелік
тұжырымдарын тиянақтап, жүйелеу, оның еңбектеріндегі өміршең
идеяларды жаңа уақыт тұрғысынан зерделеп, таныту қазіргі заман талабына
лайық ұлт зиялылары қалыптастырған қағидаларды қайта жаңғыртып
қолдану бағытындағы ұтымды жол болып табылады. «Сүйер ұлың болса, сен
сүй, сүйінерге жарар ол», – деп Абай айтқандай, даналығымен даралығын
танытқан, тереңдігімен тұшымды тұжырым жасаған, ұлтының болашағын
тәрбиелеуге қатысты қарымды да құнды ой қалдырған Құдайберген
Жұбановтың педагогикалық еңбектерін зерделеу нәтижесінде ұлттық
педагогика ғылымының қазынасы одан сайын толыға берері даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: