Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет147/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

1. Көркем мәтін
а) «Надо было иметь большую, чем Кристоф, привычку к этим глазам, из 
глубины которых смотрела скорее раса, чем индивидуум, чтобы разглядеть 
под их влажной и пламенной дымкой истинную душу находившейся перед 
ним женщины» (139). 
Аудармасы: «Алдында тұрған әйелдің шыны кім екенін көзінің буы мен 
жалыны аралас түтінінен айырып тану үшін, бұл аржағынан (түбінен) бір 
адам емес, бүтін ұрулы ел қарап тұрған екі көзге Кристофшыламай әбден 
үйреніп алу керек еді». 
б) «Эта была душа всего еврейского народа». 
Аудармасы: «Бұл бүтін жәбрей халқының жан үрейі еді». 
в) «Это он смотрел на Кристофа из этих горевших мрачным огнем очей, 
не знавших и сами, что они в себе таили». 
Аудармасы: «Өзінің ішінде не бар екенін өзі де білмей, оттай жанып, 
түнерген ол екі көзбен Кристофқа қарап отырған сол бүтін халық еді». 


288 
2. Ғылыми мәтін
«Если в равнобедренном прямоугольном треугольнике один катет 
находится на плоскости М, а другой катет образует с ней угол в 45 градусов, 
то гипотенуза образует с плоскостью М угол в 30 градусов» (140). 
Аудармасы: «Тең бүйірлі тік бұрышты үшкілдің бір катеті М 
жазықтығында да, екіншісінің ол жазықтықпен арасы 45 градус болса, онда 
гипотенуздың жазықтықпен арасы 30 градус болады». 
3. Публицистикалық мәтін (газеттен). 
а) «Настоящим доказательством в этом и подобных вопросах может быть 
только «практика» (141). 
Аудармасы: «Бұл мәселеде, бұл сияқты мәселелерде нағыз «ыспат» тек 
тәжірибеде ғана бола алады». 
Немесе, «Бұл мәселеде, бұл сияқты мәселелердің бәріне де нағыз «сыпат» 
бола алатын тек қана практика».
Немесе, «Бұл мәселеде, бұл сияқты мәселелердің бәрінде де дәлел болуға 
практика ғана жарайды». 
б) «Не мешает поэтому рассмотреть коротко те планы организации 
войны, которые вынашиваются теперь в кругах буржуазных политиков» 
(141). 
Аудармасы: «Сондықтан буржуа саясатшыларының қазіргі жасап 
жатқан соғысты ұйымдастыру жоспарларын қысқаша қарап өтуге 
болмайды». 
Немесе, «Сондықтан соғысты болдырудың буржуа саясатшылары 
кәзірде жасап жатқан жоспарларын қысқаша қарап өтуіміз артық емес». 
Немесе, «Сондықтан соғысты болдырудың жоспарын қысқаша шолып 
өтуіміз артық болмас; ол жоспарларды кәзір де буржуа саясатшылар 
жасап жатыр». 
Немесе: «Соғысты болдырудың жоспарларын кәзірде буржуа 
саясатшылар жасап жатыр; ол жоспарларды біздің қысқаша шолып 
өтуіміз артық болмас». 
Немесе, «Сондықтан соғысты болдырудың жоспарларын, – буржуа 
саясатшылардың кәзірде жасап жатқан жоспарларын, – шолып өтуіміз 
артық та болмас» (71, 532-534). 
Мұнда Қ.Қ.Жұбанов көркем шығарма, публицистикалық стиль және 
ғылыми стильде жазылған үш мәтінді мысалға ала отырып, олардың 
әрқайсысын аударудың өзіндік ерекшеліктері бар екендігін атап көрсетеді 
және аударманы кезінде белгілі бір ретпен орындау қажеттігін ескертеді. 
Жоғарыда аталған жайттар Қ.Жұбановтың қазақ аударма теориясын 
лингвистикалық тұрғыдан алғаш қарастырған ғалым екендігін дәлелдейді. 
Ғалым аударманың лингвистикалық проблемаларын шешуде, әсіресе, 
фразеологизмдерді аудару, аударма дәлдігіне жету, мәнмәтін және 
мәнмәтіндік эквиваленттер, лексика-семантикалық және грамматикалық 
трансформацияларды орынды пайдалану сияқты өзекті мәселелерді шешуге 
тырысады. 


289 
Қорыта айтқанда, Қ.Жұбановтың қазақ аударма теориясы жайындағы 
пайымдаулары әлі түбегейлі тексеруді талап ететін және зерттеушінің зерделі 
ізденістерінің қатарында бағаланатын қазынамыз болып саналады. Оның 
бұлтартпас логикаға негізделген ойлары мен нәрлі де әрлі тілі, өзінің сөз
саптауына тән стилі, заманынан озып, ғылым болашағын ойлайтын асқан 
білімдарлығы әлі талай ізденістерге үлгі бола берері анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет