Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет152/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Жұбановтану жалғастығы 
(«Жұбановтану» зертханасының қызметі жайында) 
Профессор Қ.Қ.Жұбановтың ғылымда қалдырған мол мұрасы ғалым 
ақталғаннан кейін ғалымның тілге, әдебиетке, мәдениетке, өнерге қатысты 
еңбектері әртүрлі қырынан қызу зерттеле бастады. Дегенмен қазақ тіл 
білімінің негізін салуға жанқиярлық еңбек етіп, басқа да ғылым салаларында 
алғашқылардың бірі болып ғылыми мақалалар жазған, қоғам тіршілігіне 
белсене араласа отырып, тамаша публицистикалық шығармалар тудырған 
Қ.Жұбановтың мұрасын жүйелі зерттеуді жолға қойып, әрі қарай да зерделеу 
ісін жалғастыратын орталық, ұйым қажет болды. Осындай мекеме – 
«Жұбановтану» 
зертханасын 
құру 
идеясы 
1990 
жылы 
Ақтөбе 
пединститутына Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың (1899-1938) есімі 
берілгеннен кейін көтерілген еді.
Осындай игілікті істі бастауға 1991 жылы Ақтөбе пединститутының 
ректоры, профессор Мұхтар Ғалиұлы Арынов бастама болып, Құдайберген 
Жұбановтың ғылыми мұраларын зерттеу және идеяларын тарату мақсатында 
ғылыми-зерттеу зертханасын ашу үшін осы оқу орнына Қ.Жұбановтың 
баласы, түрколог-ғалым, сол уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық 
ғылым академиясының Тіл білімі институтында аға ғылыми қызметкер 
болып қызмет атқарып жүрген Есет Құдайбергенұлы Жұбанов (1928-2007) 
жұмысқа шақырылады. 
Қазақ тіл білімінде өзіндік орны бар, филология ғылымдарының 
докторы, профессор Е.Қ.Жұбанов алғашқыда жаңадан құрылған Қазақ тіл 
білімі кафедрасын, ал 1992 жылы іргесі қаланып, қазіргі уақытта да жоғарыда 
аталған университетте қызмет етіп келе жатқан ғылыми бөлімше –
«Жұбановтану» зертханасын өмірінің соңына дейін басқарды. 
Тәжірибелі жетекші, беделді ғалым Е.Қ.Жұбанов сезімтал педагогке 
тән шеберлікпен жоғары оқу орнында ғылыми жұмыстар жүргізу мәдениетін 


304 
қалыптастырды, ал сол уақыттары филология факультетінде ғылыми 
кадрлардың жетіспеуі мәселесі шешімін таппаған және қазақ тілі бойынша 
ғылыми дәрежесі бар оқытушылар жоқтың қасы болатын. Біліктілігі мен 
ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Есет Жұбанов ғылыми жетекші, 
ғылыми кеңесші, ұйымдастырушы-ғалым, автор, бірлескен автор және 
«Жұбановтану» 
тақырыбына 
қатысты 
ғылыми 
және 
қоғамдық-
публицистикалық жарияланымдардың ғылыми кеңесшісі ретінде бірнеше 
ғылыми ұрпақ буынын дайындап, ғылыми орта қалыптастырды, әрі 
факультет пен университеттің ғылыми деңгейін көтерді. 
Проф. Қ.Жұбановтың ғылыми мұраларын таратуды, идеяларын әрі қарай 
дамытуды көздеген ғылыми зертхана алдына: 

жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес көпсатылы 
(дипломалды, дипломнан кейінгі, кәсіби) мамандар даярлау; 

ғылыми зерттеулерге жаңа тиімді әдіс-тәсілдер дайындау, енгізу және 
апробация жасау; 

ғылыми 
конференциялар, 
ғылыми-әдістемелік 
семинарлар 
ұйымдастыру және студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамға 
кеңестер беру сияқты мақсаттар қойды. 
«Жұбановтану» зертханасының негізгі қызметі ғылыми-зерттеулерге 
арналғандықтан: 

тілдің жаңашыл теорияларының жекелеген проблемаларын; 

лингвомәдениеттанымдық зерттеу мәселелерін (тілді және мәдениетті 
қарастырудағы семиотикалық модель, лингвомәдениеттанымдық құзырет 
т.б.); 

түркология және қазақ тіл білімінің мәселелерін (этногенез және 
лингвогенез проблемалары, қазақ тілінің тарихи лексикологиясы); 

орыс тілі және типологиялық тіл білімі мәселелерін; 

роман-герман тілдері теориясы мәселелерін (индоевропеистика); 

тілдік жағдаяттың аймақтық мәселелерін (лингвистикалық зерттеулер 
жарияланымы, аймақтық микро және макротопонимдерге этимологиялық 
экскурс); 

Қ.Жұбановтың 
лингвистикалық, 
мәдениеттанымдық, 
әдебиеттанушылық, қоғамдық-тарихи ғылыми мұраларын қарастыруға 
белсене кірісті. 
Аталған іс-әрекетті қолға алған күннен бастап, зертхана Қ.Жұбанов 
атындағы АПИ-ның Ғылыми кеңесінің шешімімен жоғары оқу орны ректоры 
мен Ғылыми кеңеске тікелей есеп беріп, күнделікті ғылыми зерттеу 
жұмыстарын ғылыми істер жөніндегі проректордың жетекшілігімен жүргізіп 
келеді.
Ғалым мұраларын зерттеудің тек оның тұлғасын дәріптеу үшін ғана 
емес, айтқан ойларының осы уақытта да өзекті екенін танытуда маңызы зор 
екендігін терең түйсінген «Жұбановтану» зертханасы негізгі қызметтерін 
үнемі жоғары сапада атқарып қана қоймай, жас ұрпақты ғылымға баулу 
жұмыстарын да жетілдіруді мақсат етті. Осы орайда ғылыми зертхана 


305 
Қ.Жұбанов атындағы АқМУ студенттерінің курстық, дипломдық жұмыстары 
мен жобаларына, оқытушылардың және ғылыми қызметкерлердің магистрлік 
зерттеулеріне көпбейінді мамандандырылған құрылымдық бөлім ретінде зор 
ықпал жасап отырады. Ғылыми зерттеу тақырыптарымен филологиялық, 
қоғамдық және әлеуметтік пән мамандары ғана емес, сонымен бірге жоғары 
оқу орнының әртүрлі кафедраларының мүшелері де айналысты. Күндізгі 
және сырттай аспирантура ашылған соң аспиранттар мен ізденушілер саны 
көбейіп, зертхана жұмысы кең қарқын алды. 
АПИ студенттері мен түлектері (кейінгі Қ.Жұбанов атындағы АқМУ) 
ғалымның ғылыми мұралары негізінде рефераттық және курстық жұмыстар 
жазылып, Жұбановтану бойынша қазақ филологиясы, сонымен қатар 
ағылшын филологиясы, педагогика және психология мамандықтары 
студенттерінің ондаған дипломдық жұмыстар қорғауы осы ұйымның 
Қ.Жұбанов мұрасын зерттеуге қосқан үлесі болумен қатар, ғалым аруағы 
алдындағы парызын адал өтеп келе жатқандығының белгісіндей.
Осы зертхананың бастамасымен 1991-1992 оқу жылынан бастап 
филология мамандығы студенттері «Жұбановтану» арнаулы курсын оқи 
бастауы ғалым мұрасын зерттеуде басқа да оқу орындарына үлгі болады деп 
ойлаймыз. Аталмыш курстың 1998-1999, 1999-2000 оқу жылдарында 
«Қ.Қ.Жұбановтың рухани мұрасы» атауымен филология факультетінің орыс 
бөлімдерінде оқытылуы да зертхана ұжымының өлшеусіз еңбегінің нәтижесі 
деп бағалауымыз керек.
Проф. Е.Қ.Жұбанов «Жұбановтану» зертханасын басшылық жасаған 
кезеңде Қ.Жұбановтың ғылыми мұрасының тілдік, публицистикалық, 
психологиялық қырларынан зерттелуіне қажымай еңбек етті. Сөзіміздің 
дәлелі ретінде Е.Қ.Жұбановтың жетекшілігіне қорғалған диссертациялардың 
тізімін келтіре кетуді жөн көрдік:
1. Тектіғұл Ж.О. Қ.Жұбанов және қазақ тілі тарихи грамматикасының 
проблемалары. –10.02.06. – түркі тілдері (Алматы, 1994, кандидаттық 
диссертация), Қазақ тіліндегі түркі негізді есім қосымшалардың тарихи 
дамуы. –10.02.06. – түркі тілдері (Алматы, 2003, докторлық диссертация). 
2. Миров М.О. Профессор Құдайберген Жұбановтың ұлттық ғылым 
тілін жасаудағы рөлі. –10.02.02. – қазақ тілі (Алматы, 1999, кандидаттық 
диссертация). 
3. Садуақас Н.Ә. Профессор Қ.Жұбанов және қазақ тілінің фонетикасы. 
–10.02.02. – қазақ тілі (Алматы, 1999, кандидаттық диссертация). 
4. Жұбанова А.Е. Фразеосочетания в казахской устно-поэтической речи.
10.02.02. – қазақ тілі. (Алматы, 1992, кандидаттық диссертация, ғылыми 
жетекшісі – ф.ғ.д., профессор М.Серғалиев, кеңесшісі – ф.ғ.д., профессор 
Е.Қ.Жұбанов). 
5. Жұбанова А.А. Общелингвистическая концепция К.Жубанова.
10.02.20. – салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл 
білімі (Алматы, 1999, кандидаттық диссертация, ғылыми жетекшісі – ф.ғ.д., 
профессор Э.Д.Сүлейменова, кеңесшісі – ф.ғ.д., профессор Е.Қ.Жұбанов). 


306 
6. Доспағанбетова М.К. Лексикографиялық деректердегі космонимдер 
(түркі тілдері бойынша). –10.02.20 – салыстырмалы-тарихи, типологиялық 
және салғастырмалы тіл білімі (Алматы, 2006, кандидаттық диссертация). 
7. Сұлтан Ж.И. Тілтанымдағы антропологиялық парадигманың 
Қ.Жұбанов мұраларындағы көрінісі. –10.02.02. – қазақ тілі (Алматы, 2007, 
кандидаттық диссертация). 
8. Жазықова М.Қ. Құдайберген Жұбановтың әдістемелік мұрасы. –
13.00.02. – оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта 
және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі) (педагогика). (Алматы, 2008, 
кандидаттық 
диссертация, 
ғылыми 
жетекшісі 
–ф.ғ.д., 
профессор 
Е.Қ.Жұбанов және ф.,ғ.,д., профессор Ф.Ш.Оразбаева). 
9. Оралбай Ә.Ә. Құдайберген Жұбановтың публицистикасы. –10.01.10. – 
журналистика (Алматы, 2007, кандидаттық диссертация, ғылыми жетекшісі –
ф.ғ.д., профессор Н.О.Омашев және кеңесшісі –ф.ғ.д., профессор 
Е.Қ.Жұбанов). 
10. 
Қарабалина 
А.Ә. 
Қ.Жұбановтың 
жалпылингвистикалық 
тұжырымдамаларындағы психологиялық ой-пікірлері. –19.00.01. – жалпы 
психология, жеке адам психологиясы, психология тарихы, этнопсихология 
(Атырау, 2007, (ғылыми жетекшісі –п.ғ.д., профессор С.М.Жақыпов және 
кеңесшісі –ф.ғ.д., профессор Е.Қ.Жұбанов). 
Осы орайда Ж.О.Тектіғұл докторлық диссертациясының негізінде 
«Тарихи грамматика танымдары» атты монография жариялағанын атап өтуге 
тиіспіз. 
Жұбановтануды 
жалғастыруда 
жарқын 
жақтарымен, 
елеулі 
еңбектерімен көзге түскен ғылыми зертхананың ҚР Білім және ғылым 
министрлігі талаптарына сәйкес «Жұбанов тағлымы» атты алты халықаралық 
ғылыми-теориялық конференцияның өткізілуіне атсалысуы абыройлы іс 
болды. Осы конференциялардың мазмұны мен маңызына аз-кем тоқталып 
өту артық болмас. 
 
1991жылдың қазан айында өткізілген конференцияға республиканың 
барлық облыстарынан дерлік ғылым және ағарту ісінің қайраткерлері 
қатысса, 1994жылдың қазан айында өткізілген конференцияға Ақтөбе 
қаласының ЖОО мен ОАОО-нан және облыс орта мектептерінен өкілдер 
шақырылды. Бұл конференция Қ.Жұбановтың туғанына 95 жыл толу 
қарсаңына арналғандықтан, форумға облыс және қала әкімдіктерінің 
басшылары қатысты. ҚР жоғары оқу орындары мен Ғылым академиясының 
белгілі ғалымдарының баяндамаларында ғалым мұрасы жаңаша қырынан 
ашыла түсті. Ал 1996жылдыңқазан айында Ақтөбе пединститутының 
Қ.Жұбанов атындағы университет болып қайта құрылуына байланысты, 
«Жұбанов тағлымына» Ресей қалаларынан (Оренбург, Орск т.б.), Алматы, 
Қызылорда, Атырау және Ақтөбеден ғалымдар арнайы шақырылып, 
Қ.Жұбановтың қазақ ғылымындағы орны тағы бір рет асқақтата баяндалды. 
«Жұбановтану» зертханасының күш-жігерінің арқасында бұл үш 
форумның материалдары 1997-1998 жылдары Ақтөбе университетінен екі 


307 
жинақ болып басылып шықса, Қ.Жұбановтың 100 жылдығына (1999) 
арналған халықаралық конференция материалдарының 3-жинағы 2004 жылы 
жарық көрді. Бұл жинақтың кейбір мақалалары «АУ Хабаршысы» беттерінде 
де жарияланды (№1, 2, 1998-1999 жж.). 
«Жұбанов 
тағлымы» 
дәстүрлі 
конференциясының 
төртінші 
сессиясы1999жылы өтті. Ақтөбе қаласында басталған көлемді форум 
ғалымның туған жері Мұғалжар ауданының орталығы – Қандағаш қаласында 
жалғасын тауып, оған Алматы, Астана, Қызылорда, Орал, Қарағанды, 
Атырау және Ақтөбе қалаларынан келген белгілі қонақтар ғалым аруағына 
тағы бір рет тағзым жасады. Қандағашта форум өтіп жатқан уақытта, 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде ғалымның 100 
жылдық мерейтойына арналған конференция қазақ тілі, жалпы филология, 
педагогика және әдістеме секциялары бойынша жүргізілді. 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде 2002 
жылдың 4-5 қазанында өткен «Жұбанов тағлымы» республикалық 
конференциясының бесінші сессиясында: 
- «Жұбанов тағлымы» республикалық конференциясына алтыншы 
жиыннанбастап халықаралық дәрежеге беру керек деп танылды; 
- қазіргі «Жұбановтану» зертханасы негізінде ғылыми-зерттеу 
орталығын құру қажеттілігі көрсетілді.
Осы ғылыми жиыннан кейін халықаралық мәртебе алған «Жұбанов 
тағылымы» ғылыми конференциясының алтыншы сессиясы 2004 жылдың 
18-20 қарашасы аралығында өтті. Аталған сессия жұмыстарына Қазақстан 
және Ресейден (Оренбург, Уфа қалалары) ғалымдар қатысуы аталған 
конференцияның мәртебесін айғақтап тұрды. Конференция материалдары 
жеке жинақ ретінде 2004 жылы жарияланды. 
2009 жылдың 4-6 желтоқсаны аралығында өткен «Жұбанов тағылымы» 
халықаралық ғылыми конференциясының кезекті жетінші сессиясына да 
Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларынан және шетелдерден (Қырғызстан, 
Түркия) ғалымдар шақырылды. Конференцияда қозғалған ғылыми өзекті 
мәселелер тек секция отырысында ғана емес, қорытынды дөңгелек үстел 
жиынында да қызу талқыланды. Конференция материалдары екі томдық 
жинақ ретінде басылып шықты. 
2013 жылғы 4-5 наурызда өткен кезекті «Жұбанов тағылымы – VІІІ: 
Қазақстан түркі өркениеті мен тарихы тоғысында» атты халықаралық 
ғылыми 
конференция 
«Қ.Қ.Жұбановтың 
жалпылингвистикалық 
концепциясындағы уақыт пен кеңістік категориясы (Қазіргі Қазақстан 
қоғамының тілдік саясаты. Мемлекеттік тіл: мәселелері, міндеттері мен 
шынайылығы. Тілдердің үш тұғырлығы – Қазақстанның алдыңғы қатарлы 
әлемдік қауымдастыққа интеграциялануының маңызды шарты. Түркі-ғұн 
тілдері, тарихы мен дамуы. Қазіргі қазақ тіл білімінің заманауи бағыттары 
мен мәселелері)», «Әдеби шығармалардың жеке ұлттардың қалыптасуына 
дейінгі ауызекі-поэтикалық дәстүрінен ұлттық әдебиет пен мәдениетаралық 
модельдеріне дейін (Әдебиеттанудың өзекті мәселелері: міндеттері мен 


308 
зерттеу әдістері)», «Түркі философиясы мен тарихы, мәдениеті: өткені мен 
бүгіні (Түркі-ғұндардың этносаралық байланыстары, таралу аймағы мен 
мәдени қатынасы. Баба қазақ, қазақ мемлекеті: өткені мен бүгіні. 
Қ.Қ.Жұбановтың өмір сүрген кезеңі, ұстаздары мен замандастары (Алаш-
Орда))», «Педагогика, психология және оқыту технологиясының өзекті 
мәселелері Қ.Қ.Жұбановтың дидактикалық көзқарастары мен бүгінгі заман 
талаптары тұрғысынан», «Жұбановтану – түркі өркениетіндегі қазақтың 
мәдени және тілдік әлем бейнесін зерттеудің ғылыми-аналитикалық жолы 
(Ғалымның ғылыми мұрасы – адамзаттың тарихы мен дүниеге көзқарасын, 
табиғатын танудағы ақпараттық ресурс, құнды білім көзі)» атты ауқымы кең 
бағыттарды қамтыды.
«Жұбановтану» зертханасының ұжымы республикамыздың басқа да 
қалалары мен өңірлерінде проф. Қ.Жұбановқа, зертхананың алғашқы 
басшысы проф. Е.Жұбановқа байланысты өткізіліп жатқан іс-шаралардан тыс 
қалған емес. Мысалы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында 
Е.Жұбановтың 80 жылдығына арналып 2011 жылдың наурыз айында 
өткізілген «Эпос тілін зерттеудің өзекті мәселелері» атты халықаралық 
дөңгелек үстелді ұйымдастыруда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік 
университеті 
тарих-филология 
факультетінің 
профессор-оқытушылар 
құрамы ерекше белсенділік танытты.
«Жұбановтану» зертханасы аталған ғылыми-ұйымдастырушылық 
жұмыстармен қатар тұрақты түрде ғылыми семинар ұйымдастырады. Бұл 
семинар филология, гуманитарлық және қоғамдық мамандықтар ғалымдары 
мен 
тілші-оқытушылардың 
бірлескен 
ғылыми 
шығармашылығын 
насихаттауды мақсат етеді. Семинарда талқыланатын және тыңдалатын 
мәселелердің 
тақырыптары 
зертхана 
жүргізетін 
ғылыми-теориялық 
жұмыстар (монография, диссертация, проблемалық мақалалар т.б.) негізінде 
айқындалады.
Сонымен қатар «Жұбановтану» зертханасы Ақтөбе қаласының және 
облыстың орта мектептері мұғалімдеріне университеттің профессор-
оқытушылар құрамымен бірге Жұбановтану мәселелері, сондай-ақ 
фольклористика, салғастырмалы тіл білімі (ф.ғ.к. А.Е.Жұбанова) салалары, 
тілді оқыту әдістемесі (п.ғ.к., доцент М.К.Жазықова, п.,ғ.,к., доцент 
Р.Б.Куспаева) мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп 
отырады.
«Жұбановтану» зертханасы Қ.Жұбановтың ғылыми мұрасына қатысты 
қорғалған диссертациялары негізінде Жұбановтану бойынша элективті және 
арнаулы курстар ұйымдастырған. Қазіргі уақытта тарих-филология 
факультетінде оқылатын «Қ.Жұбановтың когнитивтік зерттеулері» 
(Ж.И.Сұлтан) және «Қ.Жұбанов – фольклор және әдебиет зерттеушісі» 
(Ә.Ж.Ұлықпанова), 
жаратылыстану 
факультетінде 
жүргізілетін 
«Жұбановтанудың 
психологиялық-педагогикалық 
аспектісі» 
(А.А.Қарабалина) атты арнаулы курстар республикамыздағы бірден-бір 
бастама болып табылады. 


309 
Сонымен қатар 2012-2013 оқу жылында университеттің барлық 
факультеттерінде 
Жұбановтану 
зертханасының 
қазіргі 
жетекшісі 
А.Е.Жұбанованың 
ұйымдастыруымен 
университеттің 
барлық 
факультеттерінде «Жұбановтану: тарих және тұлға» атты элективті курс пен 
филология 
және 
гуманитарлық 
мамандықтарға 
«Қ.Жұбановтың 
лингводидактикалық көзқарастары» атты арнаулы курс енгізілді және 
аталмыш арнаулы курстар бойынша әдістемелік оқулықтар дайындалған.
«Жұбановтану» зертханасы жоғарыда аталған қызметтермен қатар 
ғылыми-баспа ісін де жолға қойды. Осындай іс-шараның нәтижесінде 
зертхананың қолдауымен және тапсырысымен төмендегідей ғылыми және 
ғылыми-танымдық басылымдар жарық көрді: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет