Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


ӨШПЕС МҰРА  (Қ.Жұбанов еңбектері бойынша қорғалған диссертациялар жайында)



Pdf көрінісі
бет150/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

ӨШПЕС МҰРА 
(Қ.Жұбанов еңбектері бойынша қорғалған диссертациялар жайында) 
Профессор Қ.Жұбановтың ғылыми мұрасы уақыт өткен сайын тосын 
қырларынан таныла түсуде. Ғалымның бастамасымен қазақ тіл білімі жалпы 
тіл білімінің құраушы бөлігі ретінде танылып, әлемдік лингвистика туралы 
қазақ оқырмандарының да ұғымы қалыптасты. Қ.Жұбановтың сонау өткен 
ғасырдың 20-30 жылдары ішінде танылған тілге деген шынайы табиғи әрі 
терең философиялық көзқарасы бүгінгі кездегі лингвистиканың жаңа, тың 
салаларымен астасып жатыр.
Өз тұсында ұлттық білім мен мәдениет құрылысына белсене атсалысып, 
өрелі ой мен биік мақсаттарды көздеген Қ.Жұбанов – айналдырған 5-6 
жылдың төңірегінде еуропалық деңгейдегі оқымысты лингвист ретінде сол 
күндері тіл білімі үшін беймәлім болып келген ғылыми танымдарға қол 
жеткізген. Осылайша, шын мәнісіндегі қазақ тіл білімінің теориялық негізін 
қалаған дарын иесінің аты жалпыға мәлім болды. Қ.Жұбанов – тіл 
ғылымының білгірі болумен ғана шектелмей, ұлтымыздың арғы-бергі 
тарихын, әдебиеті мен мәдениетін, дәстүрі мен өнерін, сонымен қатар, Орта 
Азия мен Шығыс, Батыс елдерінің де тұрмыстық салты мен рухани әлемін 
тереңнен таныған ғалым.
Ғалым артында қалған ғылыми мұрасымен, ұстаз жолын жалғастырар 
шәкірттерімен көрікті әрқашан. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында 
өлшеусіз ғылыми мұра қалдырған ғалымның ізбасарлары болмауы мүмкін 
емес-дүр. Белгілі кеңес түркологы, түркі тілдерінің тарихы мен теориялық 
мәселелерін этнографиялық, археологиялық, тарихи деректерімен тығыз 
байланыстыра, жіті зерттеген Николай Александрович Баскаков «Кеңес 


297 
түркологтарының тұңғыштарының бірі еді...» деген Құдайберген Жұбановқа 
арналған естелігінде талай жәйттан сыр шертеді. «Ленинградтың Тірі Шығыс 
тілдері институтын бітіріп, арнаулы лингвистикалық мамандық алған қазақ 
тілін зерттеушілердің алғашқыларының бірі ретінде Қ.Қ.Жұбанов өзінің 
жұмыстарында қазақ тілін зерттеуге қатысты ірі кеңес лингвист-
шығыстанушыларының жаңа лингвистикалық әдістерін кеңінен қолданып, өз 
шәкірттерінің ғылыми мектебін құрды, оның ізін қуушылар – қазақ тілі 
білімінің ірі өкілдері қалыптасты», – деп жазады (145).
Қ.Жұбанов «Лениншіл жас» газетінің 1935 жылғы 14 қаңтардағы 
нөмірінде «Он үш жас күш» деген мақала жариялап, онда өзінің үміт күтер 
шәкірттері жайында: «...Ысмайылұлы Есмағамбет, Алтынбекқызы Мырзай, 
Ғабдоллаұлы 
Мәлік, 
Байшымырұлы, 
Дайрабайұлы, 
Мейірбекұлы 
сияқтыларды біздің мәдени жұртшылығымыз біліп те қалған болатын. 
Бұлардың әдебиет сыны жөнінде мақалалары, өлеңдері, әңгімелері бар, 
баспадан да шықты. Бұлар мұндай еңбекті бұдан былай одан да гөрі өндірер 
деп сенеміз», – деп жылы лебіз білдірген болатын (146). Ерекше бөліп атаған, 
тізімнің басында тұрған Е.Ысмайылов араға екі жыл салып, сол ұстазы, 
Құдайберген Жұбанов туралы көлемді мақала жариялады (147). 
Қ.Жұбанов ҚазПИ-де профессор болып жүргенде, студенттер арасынан 
талапты, зерделі жастарды дұрыс танып, таңдап алып, олардың әрі қарай 
оқуларына, әдебиетке араласуларына барынша күш салады. Тіл білімінің 
майталмандары, белгілі ғалымдарымыз Мәулен Балақаев, Мұхаметжан 
Қаратаев, Белгібай Шалабаевтар Ленинградқа, аспирантураға осы жөнмен 
жіберілген болатын. 
Ғалым: «Беріде қазақтың өз ішінен шығып, қазақ тілін зерттегендер 
қазақтың ескі оқығандары болды. Олар – Байтұрсынұлы Ахмет, 
Кемеңгерұлы Қошке, Омарұлы Елдес, Шонанұлы Телжан, Досмұхамбетұлы 
Халел...», – дей келе, –Беріде жастардан Басымұлы Қажым, Аманжолұлы 
Сәрсен сияқты тіл мәселесіне белсене қатынасқандар шығып отыр. Бұлар, 
әрине, ілгері тілек жастар ғой, ілгеріде ауыз тұшығандай нәтиже берер деп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет