288
2. Ғылыми мәтін.
«Если в
равнобедренном прямоугольном треугольнике один катет
находится на плоскости
М, а другой катет образует с ней угол в 45 градусов,
то гипотенуза образует с плоскостью
М угол в 30 градусов» (140).
Аудармасы: «
Тең бүйірлі тік бұрышты үшкілдің бір катеті М
жазықтығында да, екіншісінің ол жазықтықпен арасы 45 градус болса, онда
гипотенуздың жазықтықпен арасы 30 градус болады».
3. Публицистикалық мәтін (газеттен).
а) «Настоящим доказательством в этом и подобных вопросах может быть
только «практика» (141).
Аудармасы:
«Бұл мәселеде, бұл сияқты мәселелерде нағыз «ыспат» тек
тәжірибеде ғана бола алады».
Немесе, «
Бұл мәселеде, бұл сияқты мәселелердің бәріне де нағыз «сыпат»
бола алатын тек қана практика».
Немесе, «
Бұл мәселеде, бұл сияқты мәселелердің бәрінде де дәлел болуға
практика ғана жарайды».
б) «Не мешает поэтому рассмотреть коротко те планы организации
войны, которые вынашиваются теперь в кругах буржуазных политиков»
(141).
Аудармасы: «
Сондықтан буржуа саясатшыларының қазіргі жасап
жатқан соғысты ұйымдастыру жоспарларын қысқаша қарап өтуге
болмайды».
Немесе, «
Сондықтан соғысты болдырудың буржуа саясатшылары
кәзірде жасап жатқан жоспарларын қысқаша қарап өтуіміз артық емес».
Немесе, «
Сондықтан соғысты болдырудың жоспарын қысқаша шолып
өтуіміз артық болмас; ол жоспарларды кәзір де буржуа саясатшылар
жасап жатыр».
Немесе: «
Соғысты болдырудың жоспарларын кәзірде буржуа
саясатшылар жасап жатыр; ол жоспарларды біздің қысқаша шолып
өтуіміз артық болмас».
Немесе, «
Сондықтан соғысты болдырудың жоспарларын, – буржуа
саясатшылардың кәзірде жасап жатқан жоспарларын, – шолып өтуіміз
артық та болмас» (71, 532-534).
Мұнда Қ.Қ.Жұбанов көркем шығарма,
публицистикалық стиль және
ғылыми стильде жазылған үш мәтінді мысалға ала отырып, олардың
әрқайсысын аударудың өзіндік ерекшеліктері бар екендігін атап көрсетеді
және аударманы кезінде белгілі бір ретпен орындау қажеттігін ескертеді.
Жоғарыда аталған жайттар Қ.Жұбановтың қазақ аударма теориясын
лингвистикалық тұрғыдан алғаш қарастырған ғалым екендігін дәлелдейді.
Ғалым аударманың лингвистикалық
проблемаларын шешуде, әсіресе,
фразеологизмдерді аудару, аударма дәлдігіне жету, мәнмәтін және
мәнмәтіндік эквиваленттер, лексика-семантикалық және грамматикалық
трансформацияларды орынды пайдалану сияқты
өзекті мәселелерді шешуге
тырысады.
289
Қорыта айтқанда, Қ.Жұбановтың қазақ аударма теориясы жайындағы
пайымдаулары әлі түбегейлі тексеруді талап ететін және зерттеушінің зерделі
ізденістерінің қатарында бағаланатын қазынамыз болып саналады. Оның
бұлтартпас логикаға негізделген ойлары мен нәрлі де әрлі тілі, өзінің сөз
саптауына
тән стилі, заманынан озып, ғылым болашағын ойлайтын асқан
білімдарлығы әлі талай ізденістерге үлгі бола берері анық.
Достарыңызбен бөлісу: