Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Ойсылқара , түйе атасы –  Зеңгі баба



Pdf көрінісі
бет114/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Ойсылқара
, түйе атасы – 
Зеңгі баба
, жылқы иесі – 
Қамбар ата
, қой 
малының иесі – 
Шопан ата
, ешкінің пірі – 
Шек-шек ата
деп атау сол 
кезден қалған

Ол заманда әйелдер құдайының аты 
Ұмай
болған. Кейіннен сөз 
басындағы қысаң 
ұ
дыбысы түсіп қалып, 
Май
деп айтылып кеткен. 
Қазақтың: «
От ана, Май ана, жарылқа!
» дейтін және «
Май әулие, 
майсыз жарылқайтын қай әулие?
» – деген мақалдары да осы ұғымнан 
туған
».
Проф. Қ.Жұбанов мифонимдерді сөз ете отырып, оларды ежелгі 
дәуірдегі адамдардың қарапайым ұғым-түсініктері, қоршаған ортаны 
қабылдау дәрежесі, яғни сол кездегі тілдік қауымның ұжымдық санасының 
жемісі, қоршаған «қарабайыр ғалам бейнесінен» (наивная картина мира) елес 
беретіндігін дәйектейді. Өз кезегінде ғалымның бұл пайымдауы қазіргі 
лингвомәдениеттаным тұрғысынан өзекті болып келеді. 
Анимистік атаулар
: «
Жаңа мағына демекші, бірқатар 
айуан, аң
– 
бұрынғы құдайымыз. 
Қасқырбай, Түйебай, Құлыншақ
деп ат қоюымыз – 
соларды ардақтап, қастерлегенімізден. Мұндай қылық орыстарда да бар – 
Cобакеевич, Волков
 т.б.
». 
Жан-жануар, аң атауларынан антропоним, топонимнің жасалу жолдары
ономастикада әмбебаптық сипатқа ие «ономастикалық универсалия» деген 
ұғыммен тікелей байланысты. Яғни жер бетіндегі кез келген халық 


188 
(Австралия, Африка, Америка, Азия құрлықтары болсын) алғашында кейбір 
халықтар мен этностар қазіргі кезде де табиғат қоршауында тіршілік жасаған. 
Сол халықтар өз экожүйесінде міндетті түрде жергілікті флора мен фауна 
әлемімен және ландшафт ерекшелігіне бейімделеді, тығыз байланыста 
болады және қоршаған табиғи нысандарға атау беру шаруашылық 
қажеттіліктен туындап отырған. Мұны «табиғи номинация» дейді және оның 
ішінде ең ежелгісі де айуан, аң әлеміне табыну, пір тұту сынды ескі 
анимистік идеялармен, наным-сенімдермен ұштасып жатыр. Ежелгі этностар 
тіршілік еткен кеңістігін жаппай мифологиялық тылсым күшке ие кеңістік 
деп ұғынған. Оның ішінде сакральды тотемдік энергетикалық кеңістікте 
олардың ерекше күш-қасиет иесі ретінде табынатын жан-жануар, тағы 
аңдарды қастерлеу барысында 
Қасқырбай, Бөрібай, Түйебай, Бүркітбай
және 
т.б. жалқы есімдер пайда болған. 
Қ.Жұбанов: «
Мұндай сөздердің өзі қалғанымен мазмұны жаңарып, 
өзгеріп отырады. Өйткені адамның өмірге көзқарасы, ұғымы үнемі өзгеріп 
отырады. Америка елінде кесірткеге тимейтін халық әлі бар. Адам 
табиғаттағы танып, білген нәрсесін актив, пассив деп жорамалдаған
», – 
дейді. Расында, «ғаламның тілдік бейнесі» бірегей жүйе ретінде
эволюциялық тұрғыдан жетіле түсіп, үнемі динамикалық өзгеріске ұшырап 
отырады. Проф. Қ.Жұбановтың жоғарыда келтірілген сөздерін зерттеуші 
С.А.Керімбаева былайша қостайды: «Мифонимы как языковые единицы, 
формирующие структуру языковой картины мира, могут представлять 
архаичные языковые картины мира, так как они (мифонимы) являются, 
реликтами и репрезентантами первобытного (мифопоэтического) типа 
мышления. Мифонимы как единицы и репрезентанты динамичной, 
меняющейся и эволюционирующей картины мира, представляют собой 
единицы культурно-генетических страт, восходящим к различным 
религиозным воззрениям и верованиям: политеизму, фетишизму, зоолатрии, 
зороастризму, демонологии, исламу, культу святых, тотемизму, культу 
предков и т.д.» (85, 24).
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет