189
ұшыраған дыбыс басқалығы жалқы есім үшін сирек нәрсе. Мысалы,
әлдеқалай екі түрлі айтылып кеткен бір жалқы есім кейде екі кісіге ат бола
кетеді
(
Ғали, Әли, Қали, Қалима, Мұханбет, Махамбет
т.б.);
кейде бір
аттың (есімнің) кіші формасы да өз алдына дербес ат болып кетеді
(
Мұқан,
Мұқаш, Шонан, Шонтық, Шонай
т.б.)». Бұл жерде ғалымның жалқы
есімдердің «басқалығын білдіру шарт» дегенін, орысша терминмен айтқанда,
«индивидуализация» туралы айтып отыр деп санаймыз.
Ал «жуықтық тенденциясына» тән жалпы
лексикада жиі кездесетін
туынды сөз құбылысына қарама-қайшы «аулақтық тенденциясына» сай
жалқы есімдер формалды түрде туынды сипатқа ие болғанмен олардың
әрқайсысы жеке есім болатындығын көреміз.
Яғни ол жалқы нақты
объектінің, тұлғаның дербес атауы (есімі) ретінде қолданылатындығы туралы
ғалымның сонау ғасырға жуық уақыт бұрын пайымдаулары жоғары ғылыми
сезімталдығы мен көрегендігінің куәсі.
Достарыңызбен бөлісу: