107
бірдей ат қоймай, ала-бөле ортақ пен өзгеліктің қосылғанын бөліп алудың
орны жоқ
», – деген уәж айтады.
«Етістіктің түрлері» деп аталатын тараушада Қ.Жұбанов осы күні
тұйық етістік немесе қимыл есімі, қимыл атауы деп аталып жүрген
-у
тұлғалы етістіктерді «тұйықша» деген терминмен атап, бұл туралы: «
Мұның
мағынасы мезгілін ашпай, тұйық қалдырады, үстеуі (түбірлеуіші):
ұу, үу, у
(қара-у, жаз-ұу, кел-үу), мұның жіктелмеуі, тек септелетіні
», –
деп бұл
етістік формасының нақты семантикалық мағынасын дәл көрсетеді және
оның есімдерше септелетіні, етістік формасы бола тұра, етістіктерше
жіктелмейтіні туралы да айтады (8, 384).
Есімше, көсемшелерді де етістіктің түрлері тараушасында көрсетеді.
Ғалым есімшелерді ең алдымен «тел есімше» және «сүйеншек есімше» деп
жіктеп қарастырған. «
«Тел есімше» деген атау олардың жіктеле де, септеле
де алуына байланысты қойылды
», – дейді ғалым.
Қ.Жұбанов осы күні есімше формалары ретінде танылып жүрген
-ған/-
ген, -атын/-етін, -мақ/-мек, -ар/-ер
тұлғаларын
тел есімшеге
жатқызған.
Ғалым осы аталған есімше тұлғаларының әрқайсысының семантикалық
мәндеріне қарай оларды түрліше атаған. Мысалы,
-ған/-ген
қосымшасын –
өткен шақ тел,-мақ/-мек
қосымшасын –
келер шақ мақсат тел
,
-ар/-ер
–
болжалды келер шақ тел
деп шақтық әрі модалділік мағыналарына қарай
атау береді. Ал
-атын/-етін
қосымшасына
дағдылы тел
деп атауы оның
қимылдың өту сипатына қарай алынған. Сонымен қатар қазіргі дәстүрлі
аталып жүрген есімше тұлғаларынан басқа
-ғай/-гей, -қай/-кей
(
жазғай,
айтқай
) қосымшаларын
келершақ қосымша тел
деп атаған. Модальдық
мағынаны
негізге алып
қарғыс тел(-ғыр: оңбағыр
) деген есімше түрін де
қосқан. Бұдан Қ.Жұбановтың өзі атаған есімше түрлері атауларының
барлығының дерлік олардың түбір етістіктерге жалғанғанда үстейтін нақты
мағыналық реңтеріне қарай алынғандығын көреміз.
Ал
сүйеншек есімшелерге
ғалым қазіргі көсемше тұлғалары болып
қаралатын
-ғалы/-гелі, -ғанша/-генше
тұлғаларын жатқызған. Бұдан басқа да
тұлғалар сүйеншек есімше түрлері ретінде сараланып берілген. Ғалым
олардың қайсыбіріне болсын өз тарапынан
сол тұлғалардың мағыналық
реңкіне қарай шынайы терминдермен атаған. Нақты көрсетсек:
1)
Өткен шақ шектеуіш сүйеншек (-
ғалы/-гелі: мен оқы-ғалы екі ай
–
«оқығаннан бері» деген мағынада);
2)
Келер шақ мақсат сүйеншек (-
ғалы/-гелі: мен оқығалы келдім
–
«оқу мақсатымен келдім» деген мағынада);
3)
Келер
шақ
шектеуіш
сүйеншек
(-
ғанша/-генше:
сен
бастағаншамен де келермін
);
4)
Өткен шақ орынсыз сүйеншек (-
ғанша/-генше: онда барғанша
мұнда келсең болмады ма?
);
5)
Себеп-соңшыл сүйеншек (-
ғанмен: жазғанмен бітіре алмассың
)
(8, 385).
108
Осы күнгі көсемше құрамында қаралып жүрген
-ғанша, -ғалы
тұлғаларын ғалым есімше тобында бергенмен, сүйеншек есімшелердің
жіктелмейтінін, өздігінен
сөйлемді аяқтай алмайтынын, септелген сөздерше
басқа бір етістік, не басқа бір сөзге сүйеніп қана тұра алатынын айтқан.
Демек, ғалым бұл тұлғалардың көсемшелер сияқты сөйлемді аяқтай
алмайтындығын аңғарған. Сондай-ақ ғалымның бұл тұлғаларды тел есімше
мен көсемшелерден бөліп қарауының өзіндік мәні бар. Мәселен, ғалым
сүйеншек есімше
деп атап отырған жоғарыда аталған тұлғаларының барлығы
тікелей жіктелмейді және сөйлемді аяқтамайды. Ал тел есімше тұлғалары (
-
ған, -атын, -ар
) тікелей жіктеледі және сөйлемді аяқтайды.
Қ.Жұбановтың көсемшелерге
-ып/-іп, - а/-е/-й
жұрнақтарын
жатқызуы
қазіргі грамматикалармен сәйкес келеді. Қазіргі оқулықтарда ғалымның
жоғарыда атаған
-ғалы, -ғанша
тұлғалары көсемшелер парадигмасында
беріліп жүр. Ғалымның бұларды ажыратып көрсетуіне
-ып/-іп, -а/-е/-й
тұлғаларының жоғарыдағы
-ғалы, -ғанша-
лар сияқты сөйлемді аяқтай алмауы
және олардың (-
ып/-іп, -а/-е/-й
) тікелей жіктеле алуы себеп болған деп
ойлаймыз.
Ғалым көсемшеге жатқызған тұлғалардың барлығының мағыналық
реңктеріне
қарай атау беріп, көсемшенің бір түрі ретінде жіктеп көрсеткен.
Мысалы,
-ып/-іп
– өткен шақ көсемше,
-а/-е/-й
– дағдылы көсемше деп
атайды. Бұлардан басқа ғалым басқа да көсемшелер түрін атаған. Атап
айтқанда: шарт көсемше (-
са/-се
); жиекше (-
ды/-ді
); төтенше: а) бұйрық
төтенше (бұйрық райға қатысты 2, 3-жақты атайды); ә) көмекші төтенше
(
отыр, тұр, жүр, жатыр
етістіктеріне қатысты) (8, 386).
Қ.Жұбанов етістіктерді
дара
және
қосынды
етістік деп жіктеген.
«
Көмекші етістігі бар етістік
қосынды
етістік деп аталады
», – дейді
ғалым. Сонымен қатар ғалым бұл қосынды етістіктердің жасалу жолдарын да
көрсеткен. Қосынды етістіктегі негізгі мағынаны беретін етістік көсемше не
тел есімше формасында кездесетінін, ал жіктеліп, түрленіп отыратыны
көмекші етістік екенін айтқан. Көмекші етістіктерді
төтенше
(
отыр,
жатыр, жүр, тұр
),
кеміс
(
е, де, бол, шығар
),
толық
(
ал, сал, қал, жібер, бер,
қой, таста
т.б.) деп үшке бөліп береді. Ғалым толық көмекшілердің әрі
негізгі етістік, әрі көмекші етістік мәнінде жүре беретіндігі туралы: «
Толық
көмекші дегендер – әрі жай етісті болып, әрі көмекші болып жүре
беретіндер. Бұлар көп. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: