Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет61/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

құра+ай.
Соңғы 
-ай
– 
шақыру қосымшасы. Түбірдегі 
құра
– моңғолша 
қозы
деген сөз. Моңғолдың 
құрақан
сөзі де осы 
құра
-мен байланысты, түбірлес. Соңғы 
-қан/-ған
 
кішірейту: 
ботақан, бұзауқан
. Сонда 
құра-ай
дегендегі 
құра
– қой 
мағынасында, 
ай
 – шақыру одағайы – 
әй
!; Алғашқыда 
қой-ай!
 деген қаратпа 
болған
» (8, 128). Қ.Жұбанов мұндай уәждемелік, этимологиялық талдауларды 
осы сияқты етіп, басқа да одағай түрлеріне қатысты жүргізген. Бұл 
айтылғандардан тіл білімінің соңғы кезеңдерінің жетістіктері болып 
табылатын уәждеме теориясы мен этимологиялық зерттеулер сабақтастығы 
сонау Қ.Жұбанов еңбектерінен бастау алатындығына көз жеткіземіз.
Сонымен қатар одағайлардың, әсіресе, көңіл одағайларының айтылуда 
интонацияға
негізделетінін дөп басып айтады. Ғалым оны «ән» деп атаған. 
«
Ән – тілде көңіл райын білдіру үшін қажетті амалдардың маңыздысы. 
Көңіл одағайы көңіл райын білдіруге арналған, демек, оның әнінің түрі де 
ала-бөле
» (8, 133). Көңіл одағайларының айтылу кезінде әртүрлі 
фонетикалық өзгерістерге түсетінін мысалдар арқылы дәлелдеп көрсеткен. 
Осындай дыбыстық өзгерістерден кейін түбірге кірігу құбылысын ғалым 
«ұмтыла үндесу» (
ә деген ай! – әттеген-ай!
) деп атайды. Қазіргі тілдік 
жүйеде бұл сөзжасамдық заңдылық «кіріккен сөздерге» қатысты 
қолданылады.


116 
Қ.Жұбанов – қандай да болсын тілдік құбылысты бүге-шүгесіне дейін 
зерттеп, тұжырымды пікір айтқан ғалым. Ол одағайлардың сөйлемде басқа 
сөздерден айырықшаланып тұратындығын жақсы аңғарған. Сол себепті де 
«Одағай сөздердің тынысқа қатыстылығы» деген арнайы тақырыпта 
одағайлардың сөйлемдегі 
орын тәртібі
мен 
тыныс белгілерін
қоюдың 
заңдылықтарын нақты мысалдармен дәйектеп, сипаттаған. 
Бұған қоса ғалымның одағайлардың шығу тарихы мен жасалу 
жолдарына қатысты ой-пікірлері қазақ тіл біліміндегі жаңа ғылыми 
парадигмада тұрған этнолингвистика, лингвомәдениеттану салаларының 
зерттеу нысандарымен сабақтасып жатыр. Бұған дәлел ретінде 
Қ.Жұбановтың «одағайлардың дені әуелде қаратпа сөз болып жасалған» 
деген тұжырымына қатысты ойларын айтуға болады. Ғалым былай деп 
жазады: «
Адамдар бұрын табиғат сырының күштерін білмеген. Сондықтан 
олар табиғатқа адамша (жанды затша) тіл қатқан. Желді ысқырып 
шақырған, құйынды қуалаған, ауруды көшірген, түрлі жақсылық-
жамандықтың иесі бар деп түсініп, оларды бірде шошындырып, бірде 
тамақ беріп ырза қылып отырған. Әр рудың иесі, қорғаны бар деп есептеп, 
соларды жәрдемге шақыратын болған. Келе-келе осы ұғым-түсініктерден 
дін туған. Одағайдың қаратпа сөзсіз (шақыру сөзінсіз) болмайтыны – сол 
әртүрлі табиғаткүштеріне: Ай, Күнге, малға т.т. қарап сөйлеп, соларға 
көңіл айтып, соларды жәрдемге шақырудан қалған қалдық. Кейін адам 
баласы оны ұмытып, әр одағай өзінің әніне қарай түрліше көңіл райын 
білдіретін сөз болып кеткен
» (8, 135). 
Қ.Жұбанов еңбектеріндегі одағай сөздер туралы мақала жазған 
Е.Дүзмағамбетов ғалымның одағай сөздердің жасалуына, шығу тарихына 
қатысты ойларына жан-жақты талдау жасайды (54, 176-178). Қ.Жұбановтың 
одағай сөздер туралы ой-тұжырымдары туралы Е.Қ.Жұбанов былай деп 
жазады: «Жалпы лексикалық-грамматикалық тұрғыдан одағай сөздердің 
табиғаты профессор Қ.Жұбановтан бұрын да, соң да ғылым тезіне түсіп келе 
жатқаны мәлім. Алайда аталмыш категорияның мағыналық өзгерістері нақ 
Қ.Жұбановша мүшеленіп талданған емес. Орысша «семантическое членение» 
делінетін бұл лингвистикалық таным қазақ тіл білімінде әлі күнге сіңісе 
алған жоқ сияқты көрінетін сол одағай сөздердің түпкі шығу төркінін 
іздестірген» (55, 177). 
Қ.Жұбановтың одағайлардың шығу тарихына қатысты ойлары алғаш 
1930 жылы Алматы қаласында болған Бірінші бүкіл Қазақстандық өлкетану 
съезінде жасаған «Мәнсіз сөздердің мағынасы» («Смысл бессмысленных 
слов») деп аталатын баяндамасында айтылған. Ғалымның осы баяндамасы 
туралы белгілі түркітанушы-ғалым М.Томанов былай деп жазады: «Одағай 
сөздер тілдік ізденістердің ертеден келе жатқан объектілері екені ғылым 
тарихынан мәлім. Тіл-тілдің шығуы, алғашқы сипаты қандай дейтін тіл 
білімінің түбегейлі мәселесі де көп ыңғайда одағайлармен байланысты да 
қарастырылатыны белгілі. Ондай теорияны қазақ тілі материалдары негізінде 
қостап дәлелдеген, не болмаса жоққа шығарған Қ.Жұбановқа дейін де ешкім 


117 
болған емес. Қ.Жұбанов болса, осы баяндамасында тіліміздегі толып жатқан 
мал 
атауларының 
қалыптасуына 
соларға 
байланысты 
айтылатын 
одағайлардың тікелей қатысы барлығын салыстырмалы-тарихи жолмен 
дәлелдеп берді. Бұл, әрине, ол кезгі қазақ филологиясы үшін ғана емес, 
жалпы түркология үшін де жаңалық болғанына сөз жоқ» (24). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет