118
бұл сөздің этимологиясын былайша түсіндіреді: «...
из формы «уруг»
образовалась «урга» /
ұруғ – ұруғу – ұрға
/ с присоединением аффикса
-шы
,
приняла вид «ұрғашы»
» (8). Осы тәріздес қазіргі
қазақ тіліндегі зат есімнің
рең мәнін тудырушы
-ша/-ше
және
-шақ/-шек
қосымшаларын
бала-шаға
сөзінің құрамындағы
шаға-шақа
сөзінің қысқаруынан
пайда болған деп
анықтаған: «...
если согласиться с положением о том, что суффикс
уменшительности
-шақ/-шек, -шық/-шік, -ша/-ше
восходит к слову «дитя»,
отсюда «маленький», то следует принять такие морфологические
образования как «құлын-шақ» – «жеребенок» и «келін-шек» – невесточка за
образования синтаксические сочетания, состоящие каждое из двух слов
:
құлын-шақ
/жеребенок – дитя, жеребенок маленький/ и
келін-шек/
невестка-дитя, невеста маленькая
» (8). «Қ.Жұбанов және сөзжасам
мәселесі» деген мақаласында Н.М.Алдашев ғалымның сөзжасам саласына
қосқан үлесі туралы былай деп жазады: «Қазақ
тіліндегі жұрнақтардың сөз
тудырушы және сөз түрлендіруші ерекшеліктерін, морфеманың сөзжасамдық
қасиетін, қабілетін, жасалу жолдарын анықтауда профессор Қ.Жұбановтың
айтқан пікірлері мен қазіргі кезеңдегі сөзжасамның заңдылықтары үндес
келетіндігін көреміз» (57, 116).
Тақырыптың түйінін Қ.Жұбанов еңбектерін арнайы зерттеген
ғалымдардың бірі Ж.Тектіғұлдың (58) ғалымның
қазақ тілінің грамматика
саласына қатысты тұжырымдарымен аяқтауды жөн көрдік:
1) Қ.Жұбанов өзіне дейінгі және одан кейінгі оқулықтарда орын алып
келген кемшілік – бір сөздің сөйлемде атқаратын қызметіне қарай әртүрлі сөз
табына жатқызылуының қисынсыздығын дәлелдеп берді, яғни сын есім мен
сан есімнің сөйлемдегі қызметін дұрыс шеше білді;
2)
сайын, төмен, арқылы, ең, тым, нақ
т.б. септеуліктері мен күшейткіш
сөздерді үстеу құрамынан шығарды;
3) қазақ тіл білімінде тұңғыш аналитикалық тұлғадағы сөз тіркестерінің
барын анықтап, оны
қосалқы
деп атады;
4) бұрын тіл білімінде еленбей жүрген сөз құрамындағы морфемалардың
орналасу орнын көрсетіп берді және сөз алды, сөз артында келетін көмекші
сөздерді сол сөздің мағыналы бөлшегі, ажырамас элементтері ретінде қарау
қажеттігін түсіндірді;
5) тілімізде тұлғасы күрделі көмекші етістіктердің (
отыр, жатыр, жүр,
тұр
) бар екенін дәлелдеп, оның шақ категориясымен
тығыз байланысты
екендігін анықтап берді;
6) «біріккен сөздер» терминін «кіріккен сөздер» терминімен ауыстырып,
олардың шекарасын белгіледі;
7) өлі түбірлер мен өлі жұрнақтардың шығу төркінін анықтап берді.
Ғалымның қазақ тіл ғылымының морфология саласына қосқан үлесі
осы санамаланып көрсетілген жаңалықтармен шектелмейді. «Сөз
материалының түр сипатын» айқындап берген ғалым еңбектері ешқашан
өміршеңдігін жоймақ емес.
Достарыңызбен бөлісу: