Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Қ.Жұбановтың гендерлік лингвистикаға қатысты ой-



Pdf көрінісі
бет121/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

2. Қ.Жұбановтың гендерлік лингвистикаға қатысты ой-
тұжырымдары 
Әлемдік тіл білімінде 1970-жылдары ғана зерттеуге көңіл бөліне 
бастаған 
гендерлік лингвистика
мәселелеріне профессор Құдайберген 
Жұбанов 30-жылдары-ақ тоқталған болатын. Профессор Қ.Жұбановтың осы 
салаға қатысты тұжырымдарын айқындай түсу үшін ғалым еңбегінен сілтеме 
келтірейік: «
Сөйтіп үнемі өзгеріс үстінде болатын тіл жүйесі кенжелеп 
қалып отырады, оның мағынасынан гөрі де формасы өте баяу өзгереді, 
бұған
әйел жынысты, еркек жыныстысөздер
(қою жазумен берген біз – 
С.Құлманов) 
дәлел бола алады
». Бұл сілтемеге түсінік беріп жатудың өзі 
артық болар. Өйткені ғалым қандай да бір тілдік құбылысты қарастыра 
отырып, оның басқа да құбылыстармен (тілдік немесе тілдік емес) 
байланысты екендігін көрсетіп отырған. Аталған сілтемеден Қ.Жұбановтың 
тіл біліміндегі гендерлік зерттеуге бастау салғаны аңғарылады және бұл 
жайында профессор Г.Смағұлова былай деп баға береді: «Қазақ тіл білімінде 
гендерлік лингвистиканың зерттелуіне назар аударғанда алдымен ойға 
оралатын жайт – бұл мәселенің алғашқы ғылыми және танымдық бастау көзі 
– қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі – Құдайберген Жұбановтың
есімімен байланысты екендігі» (88, 240-242). 
Сонымен қатар, кейбір сөздердің этимологиясына байланысты ғалым 
айтқан пікірлер де 
гендерлік лингвистика 
саласындағы зерттеулерге негіз 
болары сөзсіз. Мысалы, ол «
Көне түріктер бұрын 
бала
 деген жалпы атауды 
ұғлан
деп қолданып, реалистік мәнін ашу мақсатында 
ер ұғлан, қыз ұғлан
 
деп жыныстық ұғымды айырып атаған. Қазіргі тілімізде 
ұғлан
сөзі 
көтеріңкі немесе асқақ стильде қолданылатын лексема. Ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет