Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


бай-ла-мақ   деген сөз оларша:  бағламақ



Pdf көрінісі
бет154/239
Дата06.10.2023
өлшемі3,08 Mb.
#113265
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

бай-ла-мақ
 
деген сөз оларша: 
бағламақ
болады. Қазақша «тимек» деген сөз оларша 
«текмек» болады. Сондықтан «күй» деген сөз оларша «көк» болуы – табиғи 
нәрсе. Махмуд Қашғаридың «Дивани Луғат» деген ХІ ғасырдан қалған 
кітабында «ол көкләнәр» деген сөз «ол ән салып тұр» деп берілген. Соған 
қарағанда, қазақтың «күй» деген сөзі ол кезде «көк» түрінде болып, ән-күй 
мағынасында қолданылғандығы көрінеді
», – деген ғалым пікірі шындыққа 
тән деп бағалаймыз. 
Профессор «бақсы» сөзіне қатысты «Стамбол университетiнiң әдебиет-
тарих профессоры Гюперли-заденің бұл сөз «әуелде бақсы формасында едi, 
берi келе, араб, иран, ұйғырларда «әншi» түрiне айналып кеттi» деген пікірін, 
Париждағы ұйғыр-қытай сөздiгiндегі «оқытушымақ», Паве де Куртейль 
сөздiгiндегі «парысша бiлмейтiн соттың песiрi» деген аудармаларын 
келтіреді, түрiк жазушысы Сүлеймен Әпендi сөздiгiнде бұл сөзді Вамбери 
«әншi, ақын, музыкант, бақсы», ал Березин «Хан жарлықтары» деген 
кiтабында «бақсы» сөзiнiң түрлi заманда, түрлi орында, түрлi мағынада, 
ноғайлыларда «музыкант», «көркемөнершi», Қырым хандығында «хатшы» 
мағынасында қолданылғанын, осы күнгi түрiкпендерде де музыкантты 
«бақшы» дейтінін айтады. Автор қазақтағы «
ауруды бағу» дегендегi «бақ» 
түбiрi, осы «бақсы» сөзiмен түбiрлес болуы керек
» деген уәж келтіреді. 
Проф. Қ.Жұбанов қазақ музыкасындағы
күй жанрының пайда болуы
жайындағы очеркті жазу барысында яфеттік үйірме мүшелері болып 
табылатын көптеген ғалымдардың зерттеулеріне негіз болған мынадай 
қағидаларға сүйенеді: а) тілдік фактілерді қоғам тарихымен және тіл 
субъектілерімен тікелей байланыста қарастыру; ә) белгілі мәдениеттерді 
бірін-бірінен жоғары қою не төмен санаудан бас тарту (үндіеуропалық 
танымға қайшы); б) тілдерді кең ауқымда салыстырып-салғастыра қарастыру. 
Сондықтан аталмыш мақаланы қазақ өнері жайлы маңдай алды ғылыми 
зерттеу ретінде бағалай отырып, тіл мен тарихты, тарих пен өнерді, өнер мен 
мәдениетті, мәдениет пен дүниетанымды ұштастыра қарастырған әмбебап 
шығармашылықтың нәтижесі деп бағалауға болады. 


246 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   239




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет