Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



жүктеу 5.5 Mb.

бет7/43
Дата15.02.2017
өлшемі5.5 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43

р, л, м, н, ң деп бөледі де, соңғыларына мұрын жолды айналма: м, н, ң, ауыз 

жолды  айналма:  р,  л  дыбыстарын  жатқызады.  «Сонорлардың  шығатын 



орнына,  жасалу  түріне,  шығатын  жолына  қарай  жіктелуінің  бәрін  бір 

жерге жиып, таблицаға салсақ, мынандай болады», – дейді Қ.Жұбанов: 

69 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Шығатын орындары 



ерін 

тіс 


таңдай 

көмей 


 

Күрек тіс 

азу 

 

 



Шыға 

тын 


жолы 

 

ауыз 



 

у 





л 

й 

р 



мұрын 



м 



н 





ң 

 

 



 

 

 



тура  ай 

нал 


ма 

тура  ай 

нал 

ма 


тура  ай 

нал 


ма 

тура  ай 

нал 

ма 


тура  ай 

нал 


ма 

 

Құдайберген Жұбанов дыбыстардың физикалық ерекшеліктері жөнінде 



де өз пікірін білдіреді: «дыбыс болғанда (шыққанда) ауа бірде қоюлана, бірде 

сирекси  жан-жаққа  толқиды.  Бұдан  келіп  құлақ  пердесі  әрі-бері 

қалтырайды.  Ауа  қоюланса,  құлақ  пердесі  тартылады,  ауа  сиресе,  құлақ 

пердесі  сыртқа  тебеді».  Міне  бұл  нағыз  ғалымның  дыбыс  табиғатын 

эксперименталды 

фонетика 

саласы 


пайда 

болмастан, 

заманауи 

технологиялардың  көмегінсіз  сезімталдықпен  аңғарғандығын  айғақтайды. 

Сондай-ақ  дыбыстың  күші,  амплитудасы,  жиілігі  жайында  да  сөз  қозғайды. 

Демек, ғалым дыбыстардың артикуляциялық сипаттамасымен қатар, олардың 

акустикалық жағын да қарастырған.   

Қазақ тіл білімі тарихында буын типологиясына сипаттама жасап, оның 

құрылымы жөнінде алғаш жан-жақты зерттеу жүргізген Қ.Жұбанов деп ауыз 

толтырып  айта  аламыз.  Ол  буын  теориясын  жасап,  буынға  анықтама  беріп 

қана  қоймай,  «Буын  жігін  қалай  табуға  болады?»  деген  мақаласы  арқылы 

ғылыми қауым әлі күнге бір шешімге келе алмай жүрген буын жігін анықтау 

мәселесі  жөнінен  де  батыл  пікір  айта  білген.  Ғалым  буынның  төмендегі 

белгілерін  атап  көрсетеді:  1)  дауысты  дыбыссыз  буын  болмайды;  2)  бір 

буында  бірден  артық  дауысты  дыбыс  болмайды;  3)  дауысты  дыбыс  жалғыз 

өзі  де  буын  бола  алады;  4)  бір  буында  үштен  артық  дауыссыз  дыбыс 

болмайды;  5)  екі  дауыссыз  бір  буында  қатар  келетін  болса,  дауыстының 

соңынан ғана келеді. Еш уақытта алдында екі дауыссыз қатар келмейді; 6/ сөз 

ішінде  дауыстыдан  басталатын  буын  болмайды.  Әр  уақытта  ортадағы, 

аяқтағы буын дауыссыздан басталады. 

Профессор Қ.Жұбанов буынның осы белгілерін ескере отырып, «буын 

жігін оңай механик түрде» табуға болатынын да айтады. Ол үшін жазылған 

сөздің  дыбыстарын  аяғынан  бастап,  дауысты  дыбыстан  соң  келген 

дауыссызды  елемей  өте  шығып,  әрбір  дауыстының  алдыңғы  жағына  бір 



70 

 

дауыссыз тастап бөле береміз, сонда неше бөлік шықса, сонша буын болады 



дейді.  Оның  пікірлері  сингармонизмге  арқа  сүйеп,  буын  жігін  ажырату 

жөніндегі пікірлермен ұштасып жатқанын байқаймыз.  

Ғалым «жеке дыбыс жеке бөліп айтуға келе бермейтінін», дауыссыздар 

мен  сонорлар  алдынан  не  артынан  бір  дауысты  дыбыс  қоспай,  бөлек 

айтылмайтынын  және  «дауысты  дыбыс  өзіне  ерген  дауыссыздары 

сонорларымен  бірігіп,  бір  үйір  болып,  өзге  үйірлерден  бөлініп  тұратынын» 

айтады.  Буын  фонологиялық  бірлік  десек,  ал  жекелеген  фонемаларды  бөліп 

айтуымыз  лингвистикалық  талдаудың  талабынан  туындаған.  Осы  тұрғыдан 

алғанда,  ғалым  пікірі  буын  теориясы  заңдылықтарын    дұрыс    көрсете 

білгендігін  танытады  (29).  Ғалым:  «Сөзді  бөліп-бөліп  айту  керек  болғанда 



үйірі-үйіріменен  бөлсе,  дыбыстары  өзгермейді,  үйірін  бұзып  бөлсе, 

омыртқаны  буынсыз  жерден  бөлгендегідей  болып,  сөздің  дыбыстарының 

бірі  үзіліп,  біріне  артық  дыбыс  қосылып,  қалпы  бұзылады<…>,  сөзді 

дыбыстарының  қалпын  бұзбай,  бөлшектегенде  пайда  болатын  дыбыс 

үйірлерін  буын  дейміз»,  –  деп,  фонетикалық  бірлік  ретіндегі  буын 

категориясына тұщымды да нанымды анықтама берген.  

Қ.Жұбанов  қазақ  тілінде  буынды  құраған  дыбыс  санына  қарай  бір 

дыбысты, екі дыбысты, үш дыбысты, төрт дыбысты буындар болатынын, 

дауысты  дыбыстың  бір  өзінен  тұратын  буында  дауыссыз  да,  сонор  да 

болмайтынын,  бұл  екі  дыбыс  бір  буын  құрамында  бір-бірден  болуы  да,  екі 

сонор, бір дауыссыз болуы да мүмкін екендігін айтқан. 

Қ.Жұбанов  алғаш  буын  ішіндегі  дыбыстардың  тізілу  тәртібіне  қарай 

қазақ тілінде буынның алты түрі бар екендігін көрсетті: 

1.  Жалаң буын /Д-ы/; 

2.  Ашық буын /Дз/Ср + Ды/; 

3.  Жеңіл тұйық буын /Ды+Дз/Ср/; 

4.  Жеңіл бітеу буын /Дз/Ср + Ды + Дз/Ср/; 

5.  Ауыр бітеу буын /Ды + Ср + Дз/; 

6.  Ауыр бітеу буын /Дз/Ср + Ды+Ср + Дз/. 

Профессор Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі буынды ішіндегі дыбыстарының 

тізілу  тәртібіне  қарай  топтастырушы  алғашқы  тұлға  болса,  бұл  бағыттағы 

зерттеулер кейінгі ғалымдар еңбектерінде жалғасын тапты. Түркі тілдеріндегі 

буын  бір  буынды  түбір  сөздердің  құрылысымен  сәйкес  келеді  десек, 

академик Ә.Т.Қайдаров қазақ тілінде 1352 бір буынды түбір барын анықтады. 

Ол қазақ тіліндегі бір буынды сөздердің алты түрлі құрылымын /Г, СГ, ГС, 

ГСС, СГС, СГСС/ көрсетеді.  

Қазақ  тіліндегі  буын  жүйесі  тіліміздің  негізгі  заңдылықтарының  бірі 

сингармонизммен  тығыз  байланысты  екендігін  ешкім  де  жоққа  шығара 

алмайды. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсынұлы сингармонизм 

заңдылығы  деп  атап  айтпаса  да:  «Қазақта  сөз  екі  түрлі:  бір  түрі  –  жуан, 

екінші түрі – жіңішке. Жуан сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрі жуан болады, 

жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрі де жіңішке болады», – деп (30), 

тіліміздің  өзіндік  ерекшелігін  атап  көрсетсе,  Х.Досмұхамедұлы:  «Қазақ-



71 

 

қырғыз  тіліндегі  сөздің  түбірі  сингармонизм  заңына  бағынатыны  анық»,  – 



деп,  оған  жалғанатын  қосымшалар  да  түбірдің  ыңғайына  бейім 

жалғанатынын айтқан болатын (31, 84).  

А.Байтұрсынұлы  қазақ  тіліндегі  сингармонизмге  бағынбайтын 

қосымшаларды алғаш атап өтсе, Қ.Жұбанов оларды жан-жақты талдап, жуан-

жіңішке  түрлерін  айырып,  жазылу  ерекшеліктерін  анықтап  көрсеткен. 

Қ.Жұбанов:  «Түбір  дыбыстары  мен  қосымша  дыбыстарының  үндесу 



бағыты екі түрлі: бірінде – түбірдің соңғы дыбысының, не соңғы буынының 

ауанына  қарай,  қосымша  дыбыстары  өзгереді;  екіншісінде  –  қосымша 

дыбыстарының  ықпалымен  түбір  дыбыстары  өзгереді.  Алдыңғысын 

ұмтыла үндесу дейміз де, соңғысын тартына үндесу дейміз», – дейді. 

«Қазақ  сөзін  сөз  етіп  тұрған  сингармонизм  құбылысы  екенін,  ал 

сингармонизмнің  иек  артар  тілдік  бөлшегі  буын  екенін  ескерсек,  проф. 

Қ.Жұбановтың қаншалықты  көрегендік  танытқанын көреміз»,  – дейді проф. 

Ә.Жүнісбеков (28, 193). 

Қ.Жұбанов:  «Сөз  мүшелерін  матастырып  ұстайтын  арқанның  ең 



күштісі  –  түбір  мүше  мен  қосымша  мүшелердің  үндесуі.  Бұл  заңды 

сингармонизмдейміз»,  –  дейді.  Ол  сингармонизм  деп  түбір  мен  қосымша 

аралығындағы дыбыстардың   үндесуін қарастырған. Сондықтан түбір сөздің 

соңғы  буынының  жуан-жіңішкелігіне  қарай  қосымшаның  да  жуан,  жіңішке 

келуін және екі аралықтағы көрші дыбыстардың үндесуін сөз еткен. Жалпы 

айтқанда,  ғалым  түбір  мен  қосымша  аралағындағы барлық  дыбыстардың да 

үндесуіне  көңіл  бөлген.  Атап  айтқанда,  ғалым  түбір  мен  қосымша 

аралығындағы  үндесу  түрлері  деп  төмендегі  мәселелерге  назар  аударған:  1) 

түбірдің  соңғы  буынының  жуан-жіңішкелігіне  қарай;  2)  түбірдің  соңғы 

дыбысының  үнді-үнсіз  болуына  қарай;  3)  түбірдің  соңғы  дыбысы  дауысты 

болғанда;  4)  түбірдің  соңғы  дыбысы  л-дан  басқа  ауыз  жолды  сонор  болып, 

қосымшаның  бас  дыбысы  л  мен  м-ның  бірі  болғанда;  5)  түбірдің  соңғы 

дыбысы  л  болып,  қосымшаның  бас  дыбысы  л  мен  м-ның  бірі  болғанда;  6) 

түбірдің  соңғы  дыбысы  мұрын  жолды  сонор  болып,  қосымшаның  бас 

дыбысы да, аяқ дыбысы да мұрын жолды сонор болғанда; 7) түбірдің соңғы 

дыбысы  к,  қ,  п  дыбыстарының  бірі  болып,  қосымшаның  бас  дыбысы 

дауысты  болғанда;  8)  түбірдің  соңғы  дауыссызы  сыбыр  дыбыстары  мен 

сыбыс  дыбыстарының  үндісі  болып,  қосымшаның  бас  дыбысы  үнсіз 

болғанда; 9) түбірдің соңғы дыбысы сыбыр болып, қосымшаның бас дыбысы 

сыбыс  болғанда;  10)  түбірдің  соңғы  дыбысы  мұрын  жолды  езушіл  сонор 

болып,  қосымшаның  бас  дыбысы  еріншіл  дауыссыз  болғанда;  11)  түбірдің 

соңғы  дыбысы  н  болып,  қосымшаның  бас  дыбысы  қ,  к,  ғ,  г  дыбыстарының 

бірі  болғанда  пайда  болатын  өзгерістер  (8,  209-213.).  Мұның  өзі 

сингармонизм  сөздің  бүкіл  өн  бойында  бірдей  тембрдің  сақталуын 

қамтамасыз  етіп,  сөз  құрамындағы  дауыстының  да,  дауыссыздың  да  бір 

сазбен  айтылып,  өзара  үндесіп  тұруы  туралы  фонетист-ғалым  проф. 

Ә.Жүнісбековтің  тұжырымдарының  негізі  Қ.Жұбановтың  осы  сарындас 

ойларының  тамырында  жатқандығын  аңғартады.  Қ.Жұбановтың  екпін  мен 


72 

 

үндестік  заң  туралы  ілімдерінің  ғылыми  тұрғыдағы  маңызы  өте  зор. 



Лингвистиканың  бұл  салалары  қай  кезеңде  болмасын  ғалымдардың 

назарынан тыс қалмаған және сан қилы көзқарастар тұрғысынан түсіндіріліп 

жүрген  нысан  болып  есептеледі.  Қ.Жұбанов  оларды  айтылатын  сөзге  негіз 

болып,  оның  құрамындағы  бірліктерді  бір-бірімен  біріктіріп,  туыстас 

просодикалық  құралдар  ретіндегі  орнын  қарастырады.  Қ.Жұбанов 

еңбектерінде буын туралы ілімдер ерекше орын алған. Ғалым қазақ тіліндегі 

бар  буындарды  нақты  талдап,  буын  құрылысының  бірігу,  орын  ауысу  және 

т.с.с.  өзіне  тән  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  олардың  сипаттамасын  анық 

береді (29). 

Қ.Жұбанов қазақ тілін, тек оның қазіргі заманғы жай-күйі тұрғысынан 

ғана  емес,  сонымен  қатар,  тілдің  пайда  болу  және  бірте-бірте  дамуы 

тұрғысынан,  оның  да,  табиғат  сияқты,  өмір  сүріп,  үздіксіз  қозғалыс  пен 

өзгерісте болатындығына сілтей отырып қарастырады. Тілдің қазіргі заманғы 

жай-күйі  оның  ұзақ  уақыт  даму    нәтижесі  болып  табылады.  Тілдің  әрбір 

дамуы кезеңіне қандай да бір жаңалық тән, ол, өз кезегінде, дамудың келесі 

деңгейіне өтуі кезеңінде аңғарыла бермейтін одан әрі қалыптасып-жетілудің 

негізін  қалайды.  Сонымен,  Қ.Жұбанов  қазақ  тілін  басқа  тілдермен  өзара 

байланысып-әрекеттесу тұрғысынан дамып-қарқындауын «қазақ тілі туралы 



барлық уақытта да бір сарында айтуға болмайтындығын, ол жөнінде тек 

белгілі  бір  кезеңдегі  қазақ  тілі  туралы  сөйлеп,  сипаттау  тиіс  екендігіне» 

сүйене отырып қарастырған.  

Құдайберген  Жұбанов  дыбыстардың  пайда  болуына,  фонетика-

фонологиялық құбылыстар арқылы дамуына ерекше көңіл бөлген. Ғалымның 

пікірі бойынша, «бір замандарда түркі тілдерінің дауыстыдан басталатын 

сөздерінің  бәрінде  де  дауыстының  алдында  дауыссыз,  сонор  дыбыстардың 

бірі болған; әр сөзінің басындағы а дыбысы е болып та айтыла беруі мүмкін

Өйткені  бұрынғы  замандарда  дауыстылар  бірінің  орнына  екіншісі 

қолданыла  берген».  Ғалымның  бұл  тұжырымдамалары  кейінгі  тілші-

ғалымдардың  пікірлерінен  сабақтастық  тауып  жатқандығын  көреміз, 

олардың  айтуынша,  жалпы  түрік  тілінде  вокализм  өте  кедей  болған  және 

дауыстылар тек буын құрушы қызметін атқарған.  

Түркітанушылардың 

пікірлері 

бойынша, 

түркі 


тілдеріндегі 

фонологиялық  құрылым  моновокалды  типпен  ерекшеленіп,  басқаша 

айтқанда,  барлық  дауыстылар  бір-ақ  дауысты  фонеманың  варианттары 

болған.  Алтай  дәуіріне  дейінгі  уақытта  дауысты  дыбыстар  буын  түзуші 

қызметінде ғана жұмсалып, морфонемаға сәйкес келсе, алтай дәуірінде түркі 

тілдері  морфема  және  қосымшамен  бірге  агглютинативтік  құрылысына 

жеткен.  

Түркітанушылардың  айтуынша,  ататүркі  тілінде  дыбыстардың  ұяң-

қатаң  (ғалымның  пікірі  бойынша,  үнді-үнсіз)  қасиеттеріне  негізделген 

фонологиялық корреляция болмаған. Оның пайда болуы қатаң дыбыстардың 

позициялық  ұяңдауымен  байланыстырылады.  Қ.Жұбанов  бұл  жөнінде: 

«Үнділерді сыбырлап айтсаң, үнсізге айналады. Үнді-үнсіз парлары бұрын бір 



73 

 

болып  жүрген.  Тіпті  алғашқыда  қ,  к,  т  дыбыстары  бір-бірінен 



ажыратылмаған.  Қазір  бізде  –  үнді  бір  фонема,  үнсіз  –  бір  фонема.  Осы 

күнге шейін осы екеуінің ауыса беретін жерлері де бар, алтайдапұс – пұзы, 

кес – кезеді (кеседі)». Консонантизмнің күрделенуі негізгі фонемалардың ұяң 

аллофондарының  фонологизациялануына  және  туыстас  емес  көршілес 

тілдерден келген кірме  лексика,  терминология  жүйесінің дамуына    қатысты 

болады. Қатаң дыбыстардың ұяңдау үдерісі – сөздің барлық позицияларында 

кездесетін  құбылыс.  Сөздің  басында  қатаң  дыбыстардың  айтылуы    түркі 

тілдері  тарихындағы  өте  ескі,  ежелгі  құбылыс  және  ұяң-қатаң  дауыссыздар 

бір ғана  (р) – архифонемасына ие болып, оның әр кезеңдегі көріністері 

болып  саналған.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  сөз  ортасында,  соңында  айтылатын 

дауыссыз [j](й) дыбысының тағы бір ізін көруге болады  Ескі түркі тіліндегі 

[d](д) дыбысымен айтылған edguw, adyγ, idi сөздері қазақ тілінде [ijgi], [ajuw], 

[ije] түрінде айтылып дыбысталады. 

Қазақ  тілінің  дыбыстары  бірден  фонологиялық  статусын  алмағаны 

белгілі,  олар  тілдің  даму  кезеңіне  сәйкес  өзгеріп,  толығып,  функциялары 

кеңейіп,  фонемалар  деңгейіне  көтерілген.  Дыбыстардың  фонема  деңгейінде 

жұмсалуы,  яғни  фонологизациялануы  тілдің  даму  барысында  конвергентті-

дивергентті құбылыстар арқылы жүзеге асады. Қазақ дыбыстарының дамуы 

тілдің  жалғамалық  (агглютинативтік)  құрылысына  және  үндестік  заңына 

негізделетіні белгілі жайт. Тілдегі жаңа фонемалардың пайда болуы адамның 

ойлау  үдерісінің  дамуы  мен  тілдің  жаңа  ұғымдармен  және  кірме 

лексикасының  баюымен  байланысты.  Ғалымның  пікірі  бойынша,  «дыбыс 

өзгерістерін  білу  үшін  бізбен  тілдес  елдердің  дыбыс  заңдарын  білу  қажет. 

Қазақша  бас,  аяқ,  әділет;  чувашша  бұус,  атақ,  еділ.  Бас  дегендегі  а 

дыбысы, чувашта ұу; бас – пус, басы – пузи, қаз – қас. Дауыстыдан бұрын с 

өзгеріп  з  болады.  Қазақтағы  кесер  дегенді  алтайда  кезер  дейді.  Демек, 

оларда  үнді  мен  үнсіз  дыбыстар  осы  күнге  дейін  бір  фонема  болғанын 

көреміз.  Қазақ  арасында  әлі  күнге  дейін  жұмысты  бітір  деудің  орнына 

жұмысты  пітір  деушілер  бар.  Бұл  да  б-п  дыбыстарының  бір  фонема 

екендігін  білдіреді»,  –  дейді  ғалым.  Ғалымның  бұл  көзқарасы  түркі  тілдерін 

зерттеуші  еуропа  тілшілерінің  және  түркітанушылардың  тұжырымдарымен 

үндес. 

Тілдегі  бұл  тарихи  үдерістерді    лингвист-ғалым  терең  аңғарған  және 



тілдің даму барысындағы фонологизация құбылыстарын, яғни  дыбыстардың 

функционалдық  ең  шағын  лингвистикалық  бірлікке  айналғанын  ескерген. 

Қазақ  тілінің  фонемалары  ұзақ  жылдар  бойы  қалыптасқанын,  айырым 

белгілері  сұрыпталып,  әртүрлі  аллофондарда  іске  асырылатынын  ғалым  өз 

еңбектерінде  жан-жақты  ашып  көрсеткен.  Тарихи  фонетикалық  өзгерістер 

жайында ғалымның келесі пікірін келтіруге болады: «Қатаң қ мен к әрпінен 



ң  пайда болған;  жаздық  >  йаздығыз  // йаздыныз;  жалбақта >  жалбаңда

қаз.  қақпа;  тат.  қапқа;  жалпы  түрік.  қапағ  –  қапуғ  –  қапық;  қаз.  жап  – 

жасыл;  тат.  йәм  –  йәсия.  Қазақ  тілінде  өкпе-өпке  болып  айтыла  береді. 

Демек,  к-п,  п-к,  болып  кездеседі».  Бұл  мысалдардан  «метатеза»  құбылысын 

74 

 

да  байқауға  болады.  Ғалым  бұл  терминді  атамаса  да,  сол  кездің  өзінде 



мұндай құбылыстың бар екенін көрсетіп, оны әрі қарай арнайы зерттеуге із 

салып  кетті  деп  айта  аламыз.  «Еріндік  дауыссыз  дыбыстардың  бірін-бірі 



ауыстыра беретіндігін жап, жабыл, жамыл, жауып деген мысалдардан да 

көреміз», – дейді ғалым. Түркітанушылардың пікірлеріне сүйенсек, ескі түркі 

тілдерінде  сөз  басында  [m]  (м)-ның  орнына  [b]  (б)  дыбысы  сәйкес  келіп 

қолданылған. Мысалы, түрікмен тілінде «mи» [myj] деген сөзге бұрын  bejni 

деген сөз сәйкес келген, әзірбайжан тілінде «бет» деген сөзге bäniz деген сөз 

сәйкес  келеді.  Құмық  тілінде  «мойын»  деген  сөзге  bojun  деген  сөз  сәйкес 

келген.  Кейін  ескі  түркі  тіліндегі  [b]  дыбысының  [m]-ға  ауысуы  туралы 

болжамға  сүйеніп,  оның  заңдылығын  табу  қиын  емес  сияқты  болғанымен, 

оған қарсы гипотеза төмендегідей заңдылық туралы айтуға мүмкіндік беретін 

сияқты. Мысалы, әзірбайжан тілінде [b] > [m]-ға көшуі, ауысуы үшін сөздің 

сол буыны синхрондық деңгейде мұрын жолды дыбыстан басталады:  män – 

«мен», min – «мың» болуы керек, бірақ bäniz – «бет», bejin – «ми» болып тұр. 

Ал  қазіргі  қазақ  тілінде  ескі  түркі  тіліндегі  bojun    >  mojyn  болып  өзгерген. 

Түрікмен тілінде [b] > [m]-ға көшуі үшін түбірде дәл сол дауысты дыбыстан 

кейін  ескі  (бұрынғы)  мұрын  жолды  дыбыстың  рефлексі  men  (мен),  meniz  – 

бет, maj (ban) болуы қажет, бірақ bejni (ми); moger < moner < byjŋuz (мүйіз). 

Қазіргі қазақ тілінде mujiz (мүйіз) byjŋuz-дан ауысқан болар. 

Көне  түркі  тілінің  құрылымы  түбір  тілдердің  типіне  жақын 

тұрғандықтан, сондай фонологиялық құрылым моновокалды тілге тән, себебі 

ол  уақытта  грамматикалық  қатынастар  агглютинативтік  қосымшалардан 

емес, әлі грамматикаланбаған, моновокалды морфемалардан тұрған. Осыған 

орай  ғалым-зерттеуші өзінің  пікірін  де  білдірген.  «Бір кезде  қосымша  деген 

болмай,  тілде  өңкей  түбір  сөздер  ғана  болғандығы  байқалады.  Қосымша 

қолданбайтын, өңкей түбір сөз ғана жұмсайтын тілдер осы күнде де бар». 

Бұл  пікір  Құдайберген  Жұбановтың  салыстырмалы-тарихи  әдістерден  де 

хабардар  болғандығын  растайды  және  ХІХ  ғасырда  өмір  сүрген  Франц 

Бопптың  еңбегімен  таныс  болғандығын  оның  мына  пікірінен  аңғарамыз: 

«1816 жылы немістің Франц Бопп деген адамы Европа тілі мен үнді тілінің 

дыбыстарын салыстырып барып, екеуін бір тіл деп білген. Бұл – европа-үнді 

тіл іліміне негіз салушы адам».  

Бұл жерде айта кететін жайт – тарихи фонетика салыстырмалы-тарихи 

тіл  білімінің  фонетикалық  құбылыстар  тұжырымдамасына  сүйене  отырып 

дамығаны 

белгілі. 

Оның 


нәтижелері 

классикалық 

фонетикалық 

заңдылықтардың құбылыстары мен үдерістеріне негізделген. 1818 жылы дат 

тілшісі  Расмуск  Раск  дыбыс  өзгерістерінің  құбылыстарын зерттеп,  сипаттап 

берген  болатын.  Расктың  бұл  сипаттаған  дыбыс  құбылыстары  кейін 

дауыссыздардың  алға  ілгерілеу  заңы  деп  аталды.  Ал  неміс  тілшісі  Якоб 

Гримм 


герман 

тілдерінің 

материалдарына 

негізделген 

Расктың 

дауыссыздардың алға ілгерілеу үрдісі туралы қағидасын дәлелдеген.  

Құдайберген  Жұбанов  дыбыс  пен  әріптің  ажыратылуы  экспериментті 

фонетикалық  зерттеулерге  байланысты  болатынын  айтқан.  Ғалым:  «Әрбір 



75 

 

жеке  дыбыстың  қай  жерде  қандай  болып  ұшырайтынын  анықтау  үшін 



бүгінде  ғылым  түрлі  аппараттар  қолданып,  эксперимент  жолымен 

мәселенің  түйінін  шешіп  отырады.  Бірақ  біздің  қазақ  тілі  дыбыстары 

мұндай эксперимент зерттеу көрген емес», – деп, қазақ тіл білімі тарихында 

эксперименттік  фонетика  туралы  алғашқы  болып  пікір  қозғады.  Рас,  ХІХ 

ғасырдың аяғында пайда болған аспапты фонетиканың алғашқы жетістіктері 

фонологияның  тууына  себепші  болды.  Әртүрлі  вариантта  іске  асырылатын 

дербес  бірлік  ретінде  фонема  деген  ұғым  сол  уақытта  пайда  болды. 

Фонеманың мазмұны фонетика жүйесіндегі алатын орны мен атқаратын рөлі  

басқа  тіл  элементтеріне  қатыстылығымен  айқындалатын  болды.  Тарихи 

фонетикамен бірге диахрондық фонология да қарқынды дами бастады. 

Ғалым-тілші ретінде Құдайберген Жұбановты дыбыстардың алғаш рет 

шығуы, пайда болу мәселелері ерекше қызықтырған. Ғалым бұл  турасында: 

«Әнді  дыбыстар  бір  нәрсені  атау  үшін,  сөйлеу,  сөйлесу  үшін  емес, 

табиғатқа әсер ету үшін қажет. Біз адам болмастан бұрын да дыбысымыз 

болған.  Ол  кезде  тіл  дыбысын  шығарайын  дегендіктен  емес,  қорыққанда, 

шақырғанда шығарғанбыз. Бұрындағы л мен р дыбыстарының бірлігі белгілі. 

Мысалы,  корей  ат  дегенді  мал  дейді,  малдың  дегенді  –  мари.  Ол  заманда 

сөйлеу  аппараттары  еңбек  бөліспеген.  Тегінде  ауыз  –  тамақ  жеу  үшін 

жасалған  ғой.  Қурайдың  сыбызғы  болуы  үшін  өспейтіні  секілді,  ауыз  да 

сөйлеу  үшін  жаратылмаған.Тіл  өзіне  арналмаған  материалды  да 

пайдаланған  (Кейбір  құстың  әзір  ұяны  пайдаланатындығы  сияқты). 

Ауыздың қазіргі дәрежеге жетуі табиғаттан емес, адамның өзі үшін еңбек 

етуінен.  Тіл  дыбыстарының  да  қазіргі  дәрежеге  жетуі  үшін  көп  себептер 

керек болған. Арбау, айқайлау, құс шақыру, аң үркіту, қырман басында жел 

шақыру,  табиғатты  балталау»,  –  деген  пікір  айтады.  Дыбыстардың  пайда 

болу мәселесі жөнінде қазіргі тіл білімінде әртүрлі көзқарастар бар. Әйтсе де 

профессор өзінің ішкі түйсігі арқылы жарыққа шыққан пікірін бүкпесіз айта 

білген. 


Демек,  Құдайберген  Жұбанов  дыбыстардың  пайда  болуын  тек  тарихи 

фонетика-фонологиялық  құбылыстардың  өзгеруімен  ғана  емес,  әлеуметтік-

қоғамдық 

және 


физиологиялық-артикуляциялық 

себептермен 

байланыстырады.  Байырғы  замандарда  сөз,  сөйлеу  әлі  қалыптаспаған  кезде 

адамдар  бір-бірімен  бейвербалды  (сигнал,  просодикалық  тәсілдер)  әдістер 

арқылы қарым-қатынаста болған және фонемалардың пайда болуынан бұрын 

бірнеше  кезең  өткен.  Қазақ  тілінің  фонемалары  ұзақ  жылдар  бойы 

қалыптасып,  айырым  белгілері  сұрыпталып,  әртүрлі  аллофондарда  іске 

асырылатын функционалдық ең шағын лингвистикалық бірлікке айналған.  

Құдайберген  Жұбанов  қазақ  тілі  фонетикасының  тарихын  зерттеуде 

салыстырмалы-тарихи,  типологиялық  әдістерді  кеңінен  пайдаланады  және 

көне  ескерткіштермен  бірге  тілдің  синхрондық  кесігін  зерттеу  жолын 

көрсетеді, себебі құнды ақпаратты тек жазба деректерден емес, тілдің қазіргі 

қалпынан  да  алуға  болады.  Басқаша  айтқанда,  ататілдің  фонетикалық 

жүйесін  түзу  үшін  –  бір  тілдің  синхронды  кесігін  немесе  бірнеше  туыстас, 



76 

 

тектес тілдердің әртүрлі синхрондық кесіктерін зерттеп сипаттау керек. Осы 



жолмен  қазіргі  түркі  тілдерінің  белгілі  фонологиялық  құрылымдарына 

сүйене  отырып,  ретроспекция  арқылы  жалпы  түркі  тілдерінің  ататілдік 

моделін  құруға  болады.  Осы  жөнінде  ғалым:  «Изучение  языка  в  движении, 

развитии  делает  необходимым  условием  принцип  историзма.  Поскольку 

история  языка  не  постигается  одним  тем,  что  в  состоянии  дать 

письменные  памятники,  то  не  остается  иного  пути,  кроме  использования 

материалов,  которые  поставляет  нам  сам  живой  язык,  в  силу  своей 

природы представляющий собой накопление всей предшествующей историей 

человечества», – деген пікірі кейінгі зерттеушілер үшін «темірқазық» іспетті. 

Қазіргі  және  көне  түркі  тілдеріндегі  фонетикалық  материалдарды 

салыстырғанда  байқалған  ерекшелік  –  ол  р  және  з  дауыссыздарының 

алмасуы.  Бұл  «ротацизм»  деген  құбылыс  қазіргі  түркі  тілдерінде  реликтілік 

фактілер  ретінде  сақталған.  Қ.Жұбановтың  назарынан  бұл  құбылыс  та  тыс 

қалмаған: «Давно известное в турецких языках чередование р-з, наличное и в 



казахском в таких родственных образованиях, как көр-көз, семір-семіз, сір-

сіз показывает нам, что некогда наш язык, собственно известный его слой, 

не знал фонетического различия звуков р-з, хотя эти различия существовали 

в языке». Ғалымның тілдегі дыбыс алмасу құбылысы туралы бұл пікірлерін 

кейінгі  морфонологиялық  құбылыстарды  тану  мен  танытуға  ой  тастаған 

тұжырым деп қабылдамауға құқымыз жоқ. 

Қазақ  тілінің  фонетикалық  жүйесі  бірден  фонологиялық  сипатқа  ие 

болмағаны  белгілі,  ол  тілдің  даму  кезеңіне  сәйкес  толығып,  функциясы 

кеңейіп,  фонемалық  қызметке  көтерілді.  Кез  келген  тілдің  фонематикалық 

жүйесінің  дамуы  –  ол  сол  тілдің  дыбыстық  қорының  үздіксіз  дамуының 

белгісі.  Фонеманың  бөлінуі  және  қосылуы  әсерінен,  тілдің  өркендеп 

дамуының арқасында аллофондар өзінің дара мағынасына ие болады. 

 Бұл  үдеріс  адамның  тілі  мен  ойлау  үдерісінің  байланысына  қатысты 

тілдің  жаңа  мазмұнды  лексикамен  толығуынан  деп  білеміз.  Алғашында 

дыбыстар  бір  фонеманың  аллофондары,  лексиканың  баюымен  байланысты 

пайда болған жаңа мағыналы сөз белгілі бір айырым сапа, белгі үшін бөлініп, 

жаңа сапалы екі жеке сөзді туғызады немесе қосылып, конвергенция әдісімен 

екі фонемадан жаңа бір фонеманы түзеді. Тілші-ғалымның тұжырымдамасы 

бойынша,  «каждый  отдельный  язык,  каким  бы он  ни  казался  монолитным, 



представляет  собой  накопление,  состоящее  из  вкладов  множества  языков, 

вкладов,  вложенных  на  разных  ступенях  развития  каждым  отдельным 

«пайщиком»  и  в  различной  дозе,  с  различным  правовым  положением 

использованных  слов,  поэтому  они,  попадая  в  общую  племенную  или 

национальную  мельницу,  перемалываясь  здесь,  стираются,  теряют  свой 

первоначальный лингвистический облик, все больше и больше приближаясь к 

господствующему,  так  называемому  общенациональному  стандарту». 

Сонымен, фонема – ең алдымен үздіксіз өзгеріп отыратын тарихи категория. 

Қазіргі  белгілі  түркі  тілдерінің  фонологиялық  модельдеріне  қарап, 

ретроспективтік  әдіспен  барлық  көне  түркі  тілдеріне  тән  қайта  құрылған 



77 

 

фонологиялық модельдерінің ерекшеліктерін анықтауға болады. Құдайберген 



Жұбанов фонемалар морфемалардың, сөздердің, грамматикалық тұлғалардың 

материалдық  негізі  болып  саналатынын  ескергенін  көреміз:  «Для  нас 



является  верным  то  положение,  что  звуки  существуют  не  вне  слова,  а  в 

слове: следовательно, историю отдельных конкретных видов звуков следует 

изучать в истории изменения отдельных конкретных слов. Это неизбежно 

увеличит  «этимологическую  дозу»  в  нашей  работе»,  –  деп,  фонологиялық 

зерттеулердің  негізінде  тарихи  грамматика,  лексикология,  этимология 

мәселелерімен айналысуға болатынына сенген. 

Еуропа тілдерін білген Құдайберген Жұбанов Бодуэн де Куртенэ, Ф. де 

Соссюр, Н.С.Трубецкойлардың еңбектерімен танысып, жалпы фонологияның 

қағидаларын  меңгеріп,  түркі  (қазақ)  тілдерінің  фонетика-фонологиялық 

заңдылықтарын  зерттеп,  қазақ  тарихи  фонетикасының  теориялық  негізін 

салып, оны әрі қарай зерттеуге бағыт-бағдар берген.  

Қ.Жұбановтың 

ғылыми-логикалық 

эрудициясы 

фонемаларды 

жіктелуінде,  топтастыруында  жақсы  көрінеді.  Дауыстыларды  сипаттағанда 

ғалым  қандай  дыбыс  дауысты  болады  деп  өз  сұрағына  былайша  жауап 

береді:  «Сөздің  дыбысталуының  түрлі  болатыны  әр  сөздің  ішіндегі 

дыбыстардың түрлілігінен деп едік. Осы әр түрлі дыбыстың әрқайсысы тек 

бір-ақ түрде дыбысталып қоймайды. Бір дыбыстың өзі әр орында әр түрлі 

– бірде бәсең, бірде қатаң, бірде ұзын, бірде қысқа, бірде ащы, бірде солғын, 

бірде тегіс, бірде көтеріңкі-басылыңқы түрде дыбысталуы мүмкін. Сөздің, 

осындай,  өзінше  әні  болады.  Мысалы:  жазба  (кітап),  (кітапты)  жазба! 

(қыс па?) жаз ба? деген үш сөздің дыбыстарының түрі де, тізілу тәртібі де 

бірдей.  Сөз  мүшелерінің  саны  мен  реті  де  бірыңғай:  үшеуінде  де  түбірдің 

дыбыстары жаз үшеуінде де бір-бір жамау мүше бар, оның дыбыстары 

да бірдей. Солай бола тұрса да, бұл үш сөздің дыбысталуында айырма бар: 

үшеуінің  әні  үш  түрлі.  Сондықтан,  дыбыстарының  түрі  бір  болса  да,  әні 

түрлі болғасын, бұл үш сөздің үш түрлі екенін сеземіз», – дейді ғалым. 

Қ.Жұбановтың  бұл  пайымдаулары  интонация  теориясымен  ұштасып 

жатқандығында  дау  жоқ.  Ғалым  келтірген  бір  сөзден  тұратын  сөйлем 

хабарлы, лепті, сұраулы интонемалармен сипатталып тұр және интонемалар 

сөйлем ажыратушы қызметін атқаратынын көреміз.  

Бұл  жерде  қазіргі  тіл  білімінің  жаңа  бағыты  интонологияның  ең 

шағын  бірлігі интонема  жайында  түсінік бермей  кете  алмаймыз.  Сөйлемнің 

барлық  түрлерінде  де  интонеманың  өзіндік  орны,  атқаратын  қызметі  бар. 

Сөйлемнiң  қай-қайсысы  болса  да  (бір  сөзден  тұрса  да,  мыс.:  жазда

интонемасыз  сомдала  алмайды,  себебі  ғалымның  айтуынша,  «бір  сөздің  өзі 



түрліше  әнделе  береді».  Қандай  тілде  болсын,  ол  тілде  сөйлеушінің 

санасында  сол  тілдің  негізгі  интонемалары  сақталып,  сөйлесуінде  үлгі 

ретінде  қолданылады.  Интонеманың  да  фонема  сияқты  мағына  ажырату 

қасиеті  болады,  оның  негізгі  қызметі  сөйлемдерді  сомдап,  коммуникативтік 

мағынасымен эмоциялық түрлерін анықтау. Интонемалар фонемалар сияқты 

өзінің варианттарында өмір сүріп, солар арқылы нақтылы жүзеге асады. Сөз 



78 

 

ағымында  сөйлеу  жағдаятына  байланысты  интонема  варианттары  көрініс 



табады.  Интонемалардың  варианттары  сөйлеу  тілінің  барлық  түрлерінде 

қолданылады.  Сондай-ақ  интонема  сөйлемді  түзетін  ең  маңызды  әмбебап 

факторлардың  бірі  деп  айтуға  болады.  Ал  интонеманың  просодикалық 

тәсілдері барлық тілдердегі сөйлемнің әр алуан түрлерін сомдап қана қоймай, 

оларды  жіктеуде  және  бір-бірінен  ажыратуда,  айыруда  да  зор  қызмет 

атқарады.  

Қ.Жұбановтың  «дауыс  сазына»  қатысты  пікірлері  интонема 

теориясымен  сабақтасып  жатыр:  «Дауыс  сазы  деген  –  қосалқы,  қосымша 



қосып  білдіретініміз  сияқты,  сөз  мағынасының  түрленгенін  білдіретін  бір 

амал  болып  шығады.  Сөйлемді  хабар  сазды,  леп  сазды,  сұрау  сазды  деп 

таптастыру, 

сөйтіп 

берген 

хабарына 

айтушының 

өзі 

қалай 

қарайтындығын  өзінің  көңілін  қандай  сазбен  білдіргеніне  қарай,  қысқасы, 

сөйлемді дауыс сазына қарай таптастыру болады». 

Сондай-ақ  ғалым  дауыс  сазының  үш  түрін  көрсетіп  отыр,  олар  хабар 

сазы  (тиянақты  интонема),  леп  сазы  (лепті  интонема),  сұрау  сазы  (сұраулы 

интонема),  оларға  сипаттама  береді.  «Дауыс  тыныш  бір  қалыппен,  әр  сөз 



сөйлемнің қай мүшесі екеніне, қай орында тұрғанына, хабарда қандай орын 

ұсталғанына  қарай,  бұл  әнінің  өзі  тағы  өзгеріп  (әнделіп)  отырады»,  –  деп 

ғалым  хабар  сазды  сөйлемді  бейнелеп,  мынадай  мысалдар  келтірген:  Жаз 



шықты. Күн жылы. Жуырда құс келіп болады. 

Профессор  Қ.Жұбановтың  сонау  ХХ  ғасырдың  30-жылдары  айтып 

кеткен  ойларын  кейінгі  эксперименттік-фонетикалық  зерттеулердің 

нәтижелері  дәлелдеп  отыр.  Бұлардың  интонациялық  тоны  басында  аздап 

көтеpiлiп, негiзгi тон жиiлiгi сөйлемнiң мағыналық өзегiнде молайып баpып, 

содан  кейiн  жайбаpақат  төмен  түсiп  баpып  тынады.  Бip  мүшелi  хабаpлы 

сөйлемдеp  көбiнесе  оpта  тоналды  pегистpде  айтылады  да,  тоналды 

диапазоны мен интеpвалы шамалы болады. Тонның теpминальды төмендеуi 

де  үдемеліктің  азайып,  минимальды  мағынаға  ие  болуымен  байланысты. 

Үдемелік  пен  негiзгi  тон  жиiлiгiнiң  сызығы  да  өзаpа  бip  бipiмен 

пpопоpционалды болады. Бip мүшелi хабаpлы сөйлемдеp әдетте онша қатты 

емес,  оpташа  дауыспен  айтылады.  Мұндай  сөйлемдеpдiң  аяғына  қаpай 

қаpқынның  жылдамдығы  мен  ұзақтылықтың  сәл  ғана  молаюы  байқалады. 

Хабарлы сөйлем тиянақты интонемаға сай келеді. 

Ғалым  леп  сазы  жайында:  «Сөйлеген  сөздің  тек  хабар  болу  жағына 

ғана  көздеп  қоймай,  оның  үстіне,  бұл  хабар  сөйлеушінің  өзіне  белгілі  бір 

түрде  әсер  еткенін  –  қуантқанын,  мұңайтқанын,  таңдандырғанын, 

опындырғанын тағыда қоса білдіргісі келсе, сөйлеуші сөзін осы леп сазымен 

айтады. Мұнда дауыс, анағыдай тыныш әнделмей не көтеріңкі, не басыңқы, 

шұбалыңқы,  не  жиылыңқы  түрде,  әйтеуір,  бір  есеппен  айтылады»,  –  деп, 

төмендегідей мысалдар келтіреді. 



Апырай, мынау бір қызық екен! 

Қап, кеше келмеген екенмін! 

Жасасын, Кеңес елі! 

79 

 

Лептi  сөйлемдеpдiң  эмоциялық  мағынасы  мен  интонациялық 



еpекшелiктеpi  олаpдың  лексикалық-гpамматикалық  айыpмашылықтаpына 

қаpай  әpтүpлi  болуы  мүмкiн.  Лептi  сөйлемдеp  бүтiндей  жоғаpы  тоналды 

деңгейде болып, гpамматикалық әдiссiз-ақ айpықша интонациямен айтылады. 

Олардың  мағыналық  өзегi  сөйлемнiң  аяғына  таман  орналасады.  Лептi 

сөйлемдеpдiң  эмоциялық  мағыналы  сөздеp  ең  көтеpiңкi  тонмен, 

максимальды  үдемелікпен  созылыңқы  айтылып,  сөйлемнiң  бipiншi 

мағыналық  өзегi  болып  табылады  да,  екiншi  мағыналық  өзегi  сөйлемнiң 

соңында  болады.  Лептi  сөйлемдеpдiң  бәpi  деpлiк  эмоциялық-экспpессивтi 

мағынаға  ие  болғандықтан,  баяу  қаpқынмен,  нық,  айpықша  реңкімен 

айтылып,  лептi  интонемамен  беріледі.  Лептi  сөйлемдеpдiң    түpлеpi  лептi 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал