«Ұлы даланың жеті қыры» Баяндамашы: дтіжо: Қарсақова А. М. 2021-2022 оқу жылы


Қазақстан - алма мен қызғалдақтың Отаны



бет7/7
Дата31.12.2021
өлшемі55 Kb.
#22790
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№2 ом Қарсақова А. баяндама

7. Қазақстан - алма мен қызғалдақтың Отаны.

Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды. Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.




Қорытынды
Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді.

Сондай-ақ, біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты.Кез келген халық, оның ұрпағы өзінің тарихын, адамзат дамуына қосқан технологиялық, инновациялық үлесі туралы хабардар болуы тиіс.


Елбасы мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деген міндетті қойып отыр.Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазына. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту да міндеті тұр.

Ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау әрі дәріптеу – келер ұрпақтың үлесінде. Бүгінгі мақала ол қазақ елі тарихын ұлықтау емес, ол Евразия кеңістігін мекендеген түрік тайпаларының әлемдің өркениетке қосқан үлесін көрсетіп, тарихи сананы жаңғырту.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Г.И.Толмачев Елбасы. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы деректі повесть. Алматы: Дәуір, 2000 ж.

2. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы.

3. Елбасы мәртебесі-ел мәртебесі. Алматы: Өнер, 2007 ж.



4.Н.Назарбаев Қазақстан жолы. Астана, 2007 ж.

5.Интернет материалдары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет