«Ұлы даланың жеті қыры» Баяндамашы: дтіжо: Қарсақова А. М. 2021-2022 оқу жылы



бет1/7
Дата31.12.2021
өлшемі55 Kb.
#22790
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№2 ом Қарсақова А. баяндама


Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы,

2 орта мектебі



«Ұлы даланың жеті қыры»

Баяндамашы:

ДТІЖО: Қарсақова А.М.


2021-2022 оқу жылы

«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»

Қарсақова Айгүл Майкотовна,

Мойынқұм ауданы, №2 орта мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында, төл тарихын білетін, бағалайтын жә­не мақтан ететін халықтың болашағы зор бо­лады деп сенетінін және өткенін мақтан тұ­тып, бүгінін нақты бағалай білу және бо­лашаққа оң көзқарас таныту - елі­міз­дің табысты болуының кепілі екенін халқымызға паш етті. Жалпы бұл бағдарламалық мақаладан ұлттық рухтың айрықша салтанат құрғанын көруге болады. Стратегиялық сипатқа ие бұл бағдарламалық мақала ауқымды тарихымызды дұрыс түсінумен қабылдауға шақыратынын жеткізді. Әлемнің озық елдерінің мақтан тұтатын тарихи мұрасын мысалға тартқан Елбасы, біздің де тарихымыз тереңде жатқандығын атап өтті.



Жазба «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылады, мақала «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдерден тұрады. Елбасы бұл жолы ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына кеңінен тоқталған. Әсіресе жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындату керектігі жазылған. Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерекше назар аудару керек. Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл əлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар екендігін Елбасы тілге тиек еткен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет