Ұлы Жібек жолындағы қазақстандық трассалар. Ақша айналымы


Жеке Құрлықтағы және теңіздегі бірқатар трассасы



бет2/2
Дата13.10.2024
өлшемі42,05 Kb.
#147958
1   2
Байланысты:
Ұлы Жібек жолы

Жеке Құрлықтағы және теңіздегі бірқатар трассасы, Дон, Еділ және Каспий бойынша орыс көпестерінің бағыттарына шейін көрсетілген. Басрадан шыққан Кудама ибн Джафар – халифат поштасының бастығы болған. Оның «Харадж және хатшылық өнер жөніндегі кітап» атты еңбегі жарым-жартылай сақталғанымен, оған пошта бағыты түскен. Пошта басшысы барлық жолды білуге тиісті болды, себебі халиф бір жақа баруға жиналуы немесе әскерді бағыттауы мүмкін.
Сондықтан ол трасса бойынша орындардың аттарын, жол, тұрақ, миль мен фарсах саны, жолдың қиыншылығы мен оңайлығын, судың барын және т.б. тізіп шыққан. Біршама кейінгі географтардың еңбектерінде Орта Азия мен Қазақстан облыстары, оның ресурстары, қалалары, қолөнері, иеліктің өнімі, сауда трассасы жақсы берілген. Жаһандану кезіндегі сауда-экономикалық мәдени байланыстар Олай болса, Ұлы Жібек жолының далалық трассасы оның дамуы мен қызмет етуіне өз ерекшелігімен қайталанбас айрықша колорит енгізді. Көшпенді дала мен отырықшы аудандардың өзара қарым-қатынасы Ұлы Жібек жолының арқасында күшейіп, көшпенді мен отырықшы-егіншілік мәдениеттер бір-бірін өзара байытуға септігін тигізді.

Жібек жолы – бұл ежелгі маршрут бойындағы жай ғана құрылыс жолы емес, бұл инфрақұрылымның дамуы, тиімді ынтымақтастық үшін ең жоғарғы деңгейдегі қолайлы жағдайда құруды толық жетілдіру заңнамасы, сонымен қатар елдер-қатысушылар арасындағы өзара түсіністік жетістіктері үшін шебер дипломатия. Жібек жолы жүйесін қайта жандандырып, қалпына келтіру тек Қытайдың батыс аудандары үшін ғана емес, Қазақстан және Орталық Азия мен Шығыс Еуропаның басқа да елдері үшін маңызды болып табылады. Бұл континент ішіндегі аймақтар үшін жаһандық ықпалдастықтағы бірден-бір, тіпті жалғыз ғана мүмкіндік болуы мүмкін. Жібек жолын қайта жаңғырту оның бойында орналасқан барлық елдердің экономикасына өзгеріс алып келетіні сөзсіз. Қытай Жібек жолының өз бөлігін қалпына келтіріп, Орталық Азия елдерінің аумағындағы автожол құрылысы мен инфрақұрылымдық жобаларға көлемді қаражат жұмсап келеді. Жобаның негізгі мақсаты ежелгі сауда жолының күретамырын қалпына келтіріп, Жаңа Жібек жолын Роттердамға (Нидерланд) дейін созу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет