Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері



Pdf көрінісі
бет15/42
Дата24.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#125621
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
Əсемпаз болма əр неге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да, қуғанға.
Əділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға
Бастапқы екеу соңғысыз,
Біте қалса қазаққа,
Алдың — жалын, артың — мұз,
Барар едің қай жаққа?
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бəйгі алма.
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.
Абай ақыл мен қайраттың иесі болған адамды «жарты адам» дейді. Өйткені 
ондай адам тек «суық ақыл» мен «жүгенсіз қайраттың» ғана өкілі болып табылады. Ал 
бойына осы екі қасиетпен қоса қабат әділет-шапқат (жүрек) біткен адам ғана «толық 
адам», яғни ол енді «нұрлы ақылдың» өкілі деп танылады. 
Әл-Фараби өзінің «Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында» деп аталатын 
зерттеуінде адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келіп, оны 
«потенциалды интеллект», «актуалды интеллект», «жүре келе дарыған интеллект», 
«әрекетшіл интеллект» сияқты философиялық категорияларға бөліп-бөліп талдайды. 
Әл-Фараби «жүре келе дарыған интеллект» туралы айта келіп, адам туғаннан ақылды, 
білімді болып тумайтынын, интеллекттің өзі жүре келе, есітіп, көріп барып қана 
дамитынын ескертеді. 


43 
Ғұламаның интеллект жөніндегі философиялық ой-тұжырымын араға тоғыз 
ғасырдай уақыт салып барып, қазақ қауымының жаңа тарихи жағдайында Абай 
Құнанбайұлы зор білгірлікпен жалғастыра түскен [6]. 
Фарабидің философиялық еңбегін талдау деген сөз — оның барлық ғылыми 
табыстарының қорытындысын шығару деген сөз. Ол өзінің еңбектерінің бәрін де 
философиялық тұрғыдан қарайды. Кейбір табиғи құбылыстарды талдаған 
қағидаларында оның табиғат зерттеуші ғалымдығы мен ойшыл философтығы арасын 
айыру өте қиын. 
Философия жөнінен алғанда Фарабиді Аристотельдің шәкірті дейді. Оның 
шындығына біз де таласпаймыз. Фараби Аристотельді (Арстулаизды) аса жоғары 
бағалаған. Әсіресе, оның логикасын жақсы көріп: «Бұл кітапты жүз мәртебе оқыдым, 
тағы оқысам деген ойым бар» деп жазады ол. 
Сонымен қатар Фараби Аристотель қосымша математика мен табиғат 
ғылымдарына сүйенуі қажет еді дейді. Ол Аристотель ілімін толықтырды, сынады, 
талдады, дамытты. Осылардың арқасында өзінің философиялық жүйесін салып кетті. 
Оның философиясы ертедегі гректердің антикалық философиясы емес, онан басқаша 
қасиеттері бар. Сол себептен оны философия демей, фалсафа деп өзгеше мән береді. 
Бұл кезде Аристотельдің еңбегін талдау, сынау, дамыту түгіл, тіпті оның еңбегін дүние 
жүзінің көптеген ғалымдары түсініп оқудың өзін арман ететін. Осы жайды ескергенде, 
Фарабидің Аристотельді сынап, оны толықтырып еңбек жазуы аса зор оқиға еді. 
Фарабидің философиялық дәрежесіне Батыс елдерінің философтары тек көптеген ғасыр 
өткеннен кейін ғана жете алды. Ал оның Аристотельдің философиялық іліміне 
геометриялық-физикалық анализді ғылыми арқау ету керек деген тамаша батыл пікірі 
— оның асқан даналығының көзі болғанын көрсетеді. 
Фараби өзінің «Философияны үйрену үшін қажетті шарттар туралы рисала» 
деген еңбегінде: 
«Айналаңдағы табиғат дүниесін адамдық адал ниетпен зертте, онан тапқаныңды 
ақыл таразысына салып өлшеп ал, логиканың қисыны мен геометрияның айнымас 
дәлелдік үлгісіне сал. Осылардың сынынан өткен нәрсе шындық жолға апаратын 
нысана болмақ. Философия атты ақиқат табуға арналған ұлы ғылымға сол нысаналар 
алып барады», — дейді. 
Өзінің Евклид еңбегіне берген бір сынында ноқат, сызық, жазық деген 
түсініктердің барлығы денеде болатын, содан алынған түсініктер деп ашық айтады да, 
соны дәлелдейді. Демек, бұл арада Фараби Платонның дерексіз жайға соғатын көмескі 
ойларын түзетеді. Сонымен қатар ол Аристотельдің логикалық қағидаларына 
геометриялық дәлді әдісті жанастыруға тырысады. Аристотель мен Платон арасын 
жақындастыруға тырысқан ойдың түпкі өзегі осында болу керек деп білеміз. Басқаша 
айтқанда, материалдық дүниені математикалық логика арқылы тану керек деген 
қорытынды шығады. Бұл арада Фараби Аристотельге де, Платонға да жүгініп отырған 
жоқ. Ол Аристотель мен Платонның және басқаларының еңбектерін табиғатты акли 
көзбен тану тұрғысынан қарап, еркін түрде, өзінше саралап отыр. Сонымен бірге 
Фараби дүние танудың акли тұрғыда түсінуде жаттама (догмалық) жолдың жарамсыз 
екенін көрсетеді. 
Замана, өмір, тұрмыс, ғылым, мәдениет барлық жерде бірдей емес, өзгермелі. 
Адамның жеке басында субъектив мінезі тағы бар. Осылардың баршасына бір ғана 
жаттанды абстракты догма өлшеуімен келуге болмайды. Олардың әрқайсысына өзінің 
нақтылы қалпына қарай анализ (талдау) жасайтын әдістер ұғымы керек. 
«Ғылымдардың шығуы», «Ғылым меруерті» деген еңбектерінде де Фарабидің 
осындай ойлары айқын көрініп отырады. Ел билеу, саясат жөнінде де ол Аристотель 
мен Платонның ешқайсысына қосылмайды. Мысалы, Фараби өзінің «Қайырлы 


44 
шаһардың адамдары» («Арә аһл әл-мадинате әл-фасилате») деген еңбегінде осы 
тақырыпта жазған Платонға қосылмай, мәселені өзінше шешеді. 
Ұлы философ өз заманының дәстүрі бойынша барлық материалдық дүниенің 
басын жалғыз Жаратушыға апарып тірейді. Осы жағынан алып қарағанда оның 
философиясында идеализм бар екені рас. Ақиқатында, бұл оның зор жетістігі еді. 
Өкінішке орай, Кеңес кезінде мұны діншілдік деп түсіндіріп келді. Фараби көптеген 
мәселелерде дұрыс ғылыми көзқарасқа жетіп отырады. Дүниенің даму жолдарын 
бірталай еңбектерінде дұрыс түсіндіреді. Осы еңбектерінің арқасында ол адам 
баласының мәдени өсуіне, рухани дамуына зор атсалысып, Екінші ұстаз атанды. 
Фарабидің ұлы ұстаздығын тек Шығыс елдері, араб халықтары ғана танып 
қойған жоқ. Оны Батыс елдерінің Қайта Өркендеу дәуірінің алғашқы кезеңіндегі ұлы 
адамдарының бәрі де таныды. Мысалы, Бэкон, Леонардо да Винчи, Коперник, Кеплер, 
Лейбниц сияқты ғалымдар одан көп үлгі алған. 
Еуропалық шығыстанушылар мен тарихшылардың пайымдауынша, әл-Фараби 
сондай-ақ Шығыс философиясының да негізін қалаушы. Олар ұлы кемеңгердің келелі 
пікірлерінің астарларына үңіліп, көп зерттеген. Әл-Фарабидің ойшылдығына тәнті 
болған. 
Әсіресе ғұламаның «Жоғары табиғатты тану негізі» еңбегі бүкіл Шығыс 
философиясының тереңдігін, көне тылсымын қорытқан еңбек болды. Фарабидің осы 
еңбегін түсіну арқылы Шығыс әдебиетіндегі көптеген аңыз, мифологияны танып-
таразылауга болады. 
Әбу Насыр әл-Фарабидің этикалық трактаттарын, солардың ішінде «Бақыт 
жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері», 
«Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» атты еңбектерін оқып, талдау 
барысында байқайтынымыз, ойшыл ғалым қарапайым ұғымдар арқылы адамның 
бойындағы кез келген мінез-құлықтардың, әдеттер мен түрлі қасиеттердің тумысынан 
емес, жүре келе, бірте-бірте барып қалыптасатынын логикалық жүйелілікпен баяндап, 
дәлелдеп берген. 
Энциклопедист-ғалымның әлеуметтік-этикалық мәселелерді қозғайтын ой-
толғаныстары көп. Мәселен, ол мынадай мәселелерді сөз етеді: адам өмірінде 
кездесетін және онымен тығыз байланыста болатын нәрсе, оны мадақтауға немесе 
жазғыруға болмайтын жағдайлар және мадақтауға немесе жазғыруға болатын 
жағдайлар. Мадақтауға немесе жазғыруға болмайтын жағдайларда адам бақытқа жете 
алмайды. Ал әрі мадақтауға, әрі жазғыруға болатын жағдайлардың жиынтығы қосыла 
келгенде адам бақытқа жетеді. Әрі мадақтауға, әрі жазғыруға жеткізетін жағдайларды 
ғұлама үшеу дейді. Олар: 1) Әрекеттер. Адам өзінің дене мүшелерін пайдалану үшін 
керекті әрекеттер. Мысалы, тұру, отыру, көру, есту т.б. 2) Жан аффектілері. Мысалы, 
рахат, қуаныш, өкініш, ашу, қызғаныш т.б. 
Әл-Фараби «жақсы немесе жаман ақыл-парасат тудыратын күйдің түрі екеу» 
дейді. Оның біреуінің арқасында жақсы ақыл-парасат туады және мұның өзі ақыл күші 
деп аталады; екінші түрінің арқасында жаман ақыл-парасат туады, бұл ақыл кемдігі деп 
аталады [7]. 
Әл-Фараби өз зерттеулерінде этика, мораль мәселелеріне ерекше назар аударып 
отырған. Этиканың зерттеу нысанасы — мораль, мінез-құлық, әдептілік нормалары 
екенін жан-жақты дәлелдеген. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, этиканың ең жоғары 
категориясы бақыт болып табылады [1; 205]. 
«Бақыт» — Фарабидің негізгі мәселесі, саяси философиясы. 
Ғұлама ғалым «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Мемлекеттік 
қайраткердің нақыл сөздері» және тағы басқа саяси-әлеуметтік трактаттарында 
қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталған. 


45 
Бақыт дегеніміз — ол абсолюттік игілік. Фарабидің айтуынша, адамдар көп 
нәрселерді өзінің өмірінің мақсаты мен негізі деп ойлайды. Олар — өзіне ұнайтын, 
керекті нәрселер, мысалы: ақша, атақ, тағы басқалары. Адам бақытты ешбір жағдайда 
басқа күш арқылы емес, тек теориялық ақыл- парасат күші арқылы ғана пайымдайды. 
Бақытты дұрыс түсінетін адамдар — данышпан адамдар [2; 115, 116]. 
Бақытқа жетудің маңызды шартын, әл-Фараби адамның әрекетті таңдау және 
осы істеген әрекеттің өз ырқына негізделуінде. Әл-Фараби адам ырқының еркіндігіне, 
жақсы мен жаманды еркін таңдауына көп маңыз артады. Ерік еркіндігі жан 
парасаттылығымен анықталады және ол тек адамға тән, адамдағы ізгілікті 
қалыптастыратын және күшейтетін қажетті шарт. 
Ойшыл данышпан тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын 
айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді 
екенін ескерткен. 
Ғалымның мұрасында әсемдік мәселесі ерекше орын алады. Сұлулықты, 
үйлесімділікті сұлулық пен сәнділіктің жоғары дәрежесіне ие Алла ғана жасай алады 
деп дәлелдейтін мұсылман идеологтарына қарағанда, Әбу Насыр ізгі істі іздеуге және 
жасауға тек адам ғана қабілетті деп дәлелдейді: «Адам рухани ізгілігіне байланысты 
ғана жағымсыз және ізгі істерге барады», «Адамға қысқа ғана ғұмыр берілгенмен, ол 
қас-қағымды көп екен деп есептейді, адамдар бір-біріне азап шектіре отырып бірімен-
бірі жауласады, бір-бірімізді қашанға дейін азап шектіре береміз. Табиғатта әсемдік 
мәңгі өмір сүреді, ал қайталау түрінде пайда болатын өнердегі ізгілік пен сұлулық 
адамнан ғана шығады». 
Әл-Фарабидің эстетикасында әсемдік пен пайдалылық, сұлулық пен пайда бірімен-бірі 
үйлесімді түрде тұтасып кеткен, бірінен-бірі бөлінбейді. 
«Адам ақыл-ойының арқасында ғана адам болды», — дейді ғұлама. 
Қорыта келе айтарымыз, Ұлы бабамыз — Аристотельдің философиясын дамыта 
отырып, өз тарапынан көптеген маңызды ғылыми еңбектер жазды. Әл-Фараби 
ғылымының философиялық- логикалық іргетасын дұрыстап қайта қалап шықты. Ол 
музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, 
психология, география, этика, т.б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше 
зор. 
Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған қайраткерлер осы заманға дейін 
адамзат мәдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүниежүзілік 
тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, Иранның, 
Үндістаннің ежелгі дүние мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Дәл сондықтан 
да ол таяз ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле білді. Өзінің ойлау жүйесін 
сындарлы да икемді ете білді. Әл-Фараби заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап 
ала білді. Өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның терең мағыналы 
пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған бірден-бір саласы 
жоқ деуге болады. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
Келімбетов Н. Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері. — 
Алматы: Раритет, 2011. — 432 б. 
2.
Қасымжанов А., Әлінов А. Әл-Фараби // Қазақ: Оқу құралы. — Алматы: 
Білім, 1994. — 176 б. 
3.
Орынбеков М., Алтаев Ж. Әл-Фараби философиясы // Қазақ даласының 
ойшылдары (ІХ–ХІІ ғғ.). — Алматы: Ғылым, 1995. — 160 б. 


46 
4.
Мырзахметұлы М. Абайдың философиялық ойларының бастарын әл-
Фарабиден табамыз // Аңыз адам: Жұлдыздар отбасы. — 2011. — № 17 (29). — 19–21-
б. 
5.
Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының екі томдық жинағы. — І-т. 
— Алматы: Қазақ ССР-нің «Ғылым»баспасы, 1977. — 205, 206-б. 
6.
Екінші ұстаз әл-Фарабидің «Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында» 
пайымдамасы // Қазақ: Оқу құралы. —Алматы: Білім, 1994. — 116–129-б. 
7.
Сағындықов Н. Фарабитану қайта жаңғыру кезеңінде тұр // Аңыз адам: 
Жұлдыздар отбасы. — 2011. — № 17 (29). — 31, 32-б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет