Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл Фарибидің даналық негіздері



Pdf көрінісі
бет13/42
Дата24.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#125621
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
ӘОЖ: 94 (574) (045) 
 
ӘЛ-ФАРАБИ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Қамиева Г. Б.
,
аға оқытушы 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
Аңдатпа. 
Мақалада
е
сімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени 
мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп келе жатқан, мезгілдің 
қатыгез сынынан мүдірмей өткен, тарих перзенттерінің бірі және бірегейі – Әбу Насыр 
Әл-Фарабидің адамзаттың қалыптасуы, жеке тұлғаның дамуындағы тәрбиенің алатын 
орны мен атқаратын ролі туралы пікірлері, оқыту, білім беру мәселелері мен нағыз 
ұстаз жөніндегі көзқарастары қарастырылған.
Түйінді сөздер: 
тәрбие, еңбек, білім, ұстаз, шәкірт. 
Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: 
«Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, 
Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді»,- 
дей отыра, тарихи сананы жаңғырту үшін, ең алдымен, ұлт қаһармандарын үлгі тұтуға, 
олардың өнегелі өмірі мен артына қалдырған құнды еңбектерін елге, әсіресе жас 
ұрпаққа кеңінен насихаттауды тапсырған болатын [1].
Қазіргі дүниені неғұрлым дұрыс танып, білу үшін және жақсы өмірдің дұрыс 
жолын таңдай білу үшін және жаңа мыңжылдықта білімді, тәрбиені, адамгершілік пен 
ізгілікті дамыту үшін біз әр уақытта, әр дәуірде өзімізге дейінгі өткен идеялар мен 
қағидаларға сүйенгеніміз жөн. Оларды данышпан-ойшылдардың еңбектерінен ғана 
кездестіруге болады. Сондай құнды мұралардың иесі, қазақ топырағынан шыққан, жан-
жақты және ғұлама ғалым – Әл-Фараби. Ол сонау ерте орта ғасырлардың 
өзінде адамзат ілімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуін, оқу-ағартудың 
қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын атап көрсеткен болатын.
Әл-Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия 
мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Сондай-ақ, 
ол парасаттылық пен ағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. Ол бірнеше ғылым 
салаларын қамтитын 150-ге тарта трактаттар жазған [2, 15-б.]. 


38 
«Тәрбие – тал бесіктен» деген халық даналығының астарынан бір ғана мәселені, 
яғни, бала тәрбиесінің өте күрделі процесс екендігін айқын ұғынуға болады. Тәрбиені 
қажет ету мәселесінің адамзат қоғамымен бірге келе жатырғаны да талас тудырмайды. 
Өйткені өскелең ұрпақ ғасырлар бойында қалыптасып, жүйеленген тәлім-тәрбиені, 
тиісті тәсілдерді санасына біртіндеп сіңіріп, оны дағдыға айналдырып отырады.
Тәрбие мәселесі әрбір кезеңде озық ойлы ойшылдар мен тәлімгерлердің 
еңбектері мен пайымдық ой-пікірлерінен де көрініс тауып отырған. Солардың 
қатарынан, өз заманында «Екінші Аристотель» атанған Әбу Насыр Әл-Фараби де тыс 
қалмайды.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім 
адамзаттың – қас жауы» деген Әл-Фарабидің атақты қағидасына сүйене отыра, 
алдымен, ұлы ойшылдың тәрбие жөніндегі ілімдеріне тоқталуды жөн көрдім. 
Әл-Фараби шығармашылығында көрнекті орын алатын мәселенің бірі – тәрбие 
мәселесі. Тіпті, оқып-білім алу, ғалым адам болу мәселесін тәрбиемен тығыз 
байланыстырады. Мәселен, «Философияны үйрену үшін алдын-ала нені білу қажет» 
деген еңбегінде ол: «ғылым үйренуге кіріспекші кісі ... тәрбиелі, адамгершілігі мол, 
адал, қулық-сұмдықтан және басқа ағат мінез-құлықтан аулақ болуы қажет»,- деп 
түйіндейді [3, 193-б.].
 
Әл-Фарабидің гуманитарлық көзқарастары мен пайымдаулары «Бақытқа жету 
жайында» атты философиялық еңбегіндегі түсіндірулермен көрінген. Тәрбиеге 
анықтама бере келіп, ол: «Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге 
негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту әдісі деген сөз... тәрбиелеу 
кезінде халықтар мен қала тұрғындарына білімге негізделген қасиеттерден туатын іс-
әрекет жасау дағдысы сіңіріледі, олар осындай іс-әрекетке жігерлендіріледі, осы 
әрекетті жасау тілегі қоздырылады, осы қасиеттер және бұлармен байланысты 
әрекеттер адамдардың жан-дүниесін баурап алатыңдай және адамдарды осыған жан-
тәнімен құштар ететіндей болуы көзделеді»,- деп жазды. 
 
Тәрбие мәселесін Әл-Фараби осындай кең мағынада түсіне отырып, тәрбиенің 
жалпы халықтар мен қала тұрғындарының өмірінде алатын, атқаратын орнын жоғары 
бағалайды. Дұрыс тәрбие берілмеген халықтар мен қала түрғындары «надан» халықтар 
немесе қала тұрғындары (қоғам өкілдері дегені) деп аталып, ондай қалалардың түрлері, 
адамдарында кездесетін нашар мінез-құлық, іс-әрекеттер сипатталады [4].
Әл-Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға 
негізделуі қажет деп санады. Ол ғылымды тарихи үрдіс деп түсініп, ғылым жүйелі 
түрде құрылған білімнің жоғарғы формасы деген анықтама берген. Фараби өмір сүрген 
дәуірде педагогика ұғымы болмағаны белгілі. Алайда ол оқу-ағарту мен тәрбие туралы, 
еңбек мәдениеті туралы ілім жасады. «Еңбектің өзі – өнер. Ал еңбек тәрбиесі сол 
өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек шеберлігіне үйретеді. 
Олардың еңбек ету дағдысын қалыптастырады»,- деген болатын Фараби. Ол еңбек өмір 
сүрудің негізі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты деп қарастырды [5].
Фарабидің пікірінше, оқу, тәрбие, білім алу, еңбек ету, ғылым адамы болу 
адамгершілік және еңбек тәрбиесіне тығыз байланысты. Фараби ең алғаш еңбекті, таза 
еңбекті, адал еңбекті тәрбиенің алғы шарты етіп алды.
Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда ол Аристотель негізін салған теорияның 
анықтамасына сүйенеді. Демек, ол қандайда болсын құбылысты түсіндіруге 
бағытталған ұғымның, идеяның, белгілі бір саласының мәнді байланыстары мен 
заңдылықтары жөнінде толық түсінік беретін ғылыми білімді қорытудың ең жоғарғы 
формасы деген қағиданы ұдайы басшылыққа алған Фараби еңбек тәрбиесінің 
теориясын «Өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалы байланыста болатын 
біртұтас білім жүйесін құрайды»,- деп тұжырымдайды. 


39 
Педагогикалық тұрғыда қарастырсақ, бұл тұжырым – «оқушыларға саналы 
тәртіп, сапалы білім беру, пайдалы қоғамдық еңбекке баулу»,- деген сөз. Фараби еңбек 
тәрбиесінің теориясын жасауда еркін еңбектің адамның жан-жақты дамуы үшін 
маңызы зор екенін атап көрсетеді [6].
Адамдардың, әсіресе, жастарды тәрбиелеу жүйесінде Фараби бірінші орынға 
шынайы бақытқа жетуге кепіл болатын мінез-құлық тәрбиесін қояды. Кең мағынада 
алып қарасақ ғұлама бұл тәрбие ауқымына еңбек, эстетика, дене, гуманистік, 
патриоттық т.б. тәрбиелер түрлерін енгізіп қараған сияқты [5]. 
Әл-Фараби өзінің «Азаматтарды бақытқа жетелеудің жолы» атты еңбегінде: 
«қала әкімі мен мұғалім бірдей дәрежеде тәрбиеші болып табылады. Мұғалім бала 
тәрбиелесе, әкім қала тұрғындарын тәрбиелейді»,- деп тұжырымдайды. Оның 
пікірінше: «оқып-білім алу арқылы дүниені танып білуге, оның әсемдігі мен 
толыққандылығын байқауға болады. Әрі оқып-білу үшін, әртүрлі кәсіпті меңгеру үшін,
адамгершілік қасиетті қалыптастыру үшін, талмай еңбек етіп, ерік-жігерді дамыту 
қажет, әрі оған тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу арқасында жетуге болады» [3, 193-
б.].
Әл-Фараби тәрбие үрдісінде «Қатты әдіс» пен «Жұмсақ әдісті» ұштастыруды 
талап етеді. Ол оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын жеке-жеке анықтап кеткен. 
Қазіргі тәрбие үрдісі тұрғысынан қарағанда «қатты әдіс» деп отырғаны жазалау, ал 
«жұмсақ әдіс» деп отырғаны – мадақтау. Демек, Фараби педагогикалық ықпал ету 
әдістерін алғаш ұсынған, оның тиімділігін дәлелдеп кеткен ғалым [6].
Фарабидің ілімі бойынша, адамның рухани бет-пердесі, мінезі мен жүріс-тұрысы 
қоғамдық орта, тәрбие әсері, адамның еркі ауру сияқты көптеген объективтік және 
субъективтік себептердің әсерімен қалыптасады, өзгереді. Фарабидің пікірінше, 
тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге, түзетуге болмайтын жас болмайды. Тек ретін тауып 
үйретуден, баулудан жалықпау керек. «Жаман қылық – ол жан ауруы. Бұл ауруды 
кетіру үшін тән ауруын емдеуші дәрігерге ұқсауымыз керек»,- дейді ғұлама. Фараби 
«Бақытқа жету жолы» атты трактатында жастарды батырлық, жомарттық
қайырымдылық, қанағаттылық, шешендік, доспейілділік, т.б. қасиеттерді қалай 
тәрбиелеу қажеттігі жайлы нақты баяндайды [7]. 
Әл-Фараби өзінің педагогикалық жүйесінің белгілі құрамды бөлігі ретінде бала 
тәрбиесі мен оқыту мәселесін алып, баланың жеке және жас ерекшелігіне мән беріп, 
балаға қамқорлықпен қарап, қарым-қатынас жасауға баса көңіл бөледі. Ежелгі грек 
ойшылдарына сілтеме жасай отырып ғұлама балаларды белсенді түрде оқытуды 7-8 
жасынан бастауды нұсқайды [3, 193-б.]. 
Фараби, сонымен қатар, оқыту, білім беру мәселелеріне үлкен назар аударып, 
бұл тұрғыда көптеген түбегейлі, терең пікірлер айтқан. Ол «Философтардың қойған 
сауалдарына жауаптар» деп аталатын еңбегінде педагогика, оқу, оқыту мәселелеріне 
қатысты жайларға тоқталады. Мәселен, оқып-үйренуге жаттап алу дұрыс па?, жоқ 
түсініп алу дұрыс бола ма?- деген сұраққа Фараби: «түсініп алған дұрыс, өйткені 
барлығын жаттап алу мүмкін емес, оларды белгілі бір байланыстары арқылы ойда 
топтастыру пайдалы»,- деп жауап береді [4], [6]. 
Бала тәрбиесі, қоғам мен халықтың балаларды оқыту жөніндегі қамқорлығы, 
жастарды халық өміріне байланысты білімдермен қаруландыру, балаға оның жеке және 
жас ерекшеліктерін ескеріп, шын жүректен қамқорлықты қарым-қатынас – мұның бәрі 
Әл-Фарабидің педагогикалық жүйесінің құрамды бөлігі болды. Халықтан алып 
пайдаланылған көптеген ережелер оның ілімінің демократиялық, гуманистік өзегін 
құрады және педагогикасының озық бағыттылығын күшейтті. Әрине, ұлы педагогтың 
халықтық тәрбие дәстүрлерін алып пайдаланып және оны өз жүйесіне енгізіп қана 
қоюмен шектелмеуі әбден табиғи нәрсе. Ол педагогикалық құбылыстардың 


40 
жиынтығын байыптады, тәрбие және тәрбиелеу орындары мәнін түсіндіруге жаңа 
мазмұн беріп, әрі қарай шығармашылықпен дамыта алды [4]. 
Әл-Фарабидің айтуы бойынша, нағыз ұстаз ғана айтқанын екі еткізбейтін, ешкім 
шағым жасауға батылы бармайтын, білімі телегей-теңіздей, ақыл-ой парасаты да, ерік-
жігеріне де ешкім тең келе алмайтын адам. Осындай қасиеттері бар ұстаз ғана шәкіртке 
үлгі-өнеге көрсетеді, ол халықты соңына ертіп, оның мұң-мұқтажын, талап-тілегін 
орындай алады. 
Фараби ұстаздың мінез-құлық нормасы қандай болуы керек?- деген сұраққа 
жауап бере отырып, балаға білім беру жөнінде, оған тәлім-тәрбие беру ісінде мұғалімге 
мынадай шарттар қояды: «Мұғалімдік еткен адамның өлшеуі (әдісі) тым өктем (қатаң) 
болмасын және асыра босаңсытқан төмендікпен де болмасын. Егер тым қатты, үнемі 
ызғармен болса, онда оқушы мұғалімін жек көретін халге жетеді. Егер де өте босатып 
жіберген кішіпейілділік болса, онда оқушылар жағынан мұғалімді кем санау, 
ғылымына жалқау қарау қаупі туады»,- дейді.
Бұл сияқты ұстамдылыққа, іскерлікке қол жету үшін Фараби атап көрсеткендей: 
«ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет, өйткені бұлар, жұрт 
айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді». 
«Ұстаз ескерер бір жәйт – бұл шәкірттің мінез-құлқындағы жағымсыз мінезді, 
жағымсыз қылықты болдырмау, онда жақсы сипаттардың қалыптасуына мүмкіндік 
беру»,- деп атап көрсетеді Әл-Фараби [8, 156-б.]. 
Адамның мінез-құлқын тәрбиелеуде ойшыл ұстаздардың жүріс-тұрыстарына, 
сөйлеген сөзіне, қимылына, жеке бас мәдениетіне баса назар аударып, оқушының 
сапалы білім алуына ұстаздың осындай қасиеттері үлкен роль атқаратынын айтады. Әл-
Фараби педагогикалық ғылымдарға арифметика мен геометрияны, астрономия мен 
дыбыстар туралы ғылымдарды қосып есептеген. «Мұның мәнісі – бұл төрт ғылым 
оқушыларды тәрбиелейді, өте нәзік сезімтал етеді, идеяларын ұшқырлайды, басқа 
ғылымдарды оқып-үйренуге төте жол салады»,- деп пайымдаған [8, 157-б.]. 
Сонымен, дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес 
қосқан ұлы ойшылдың педагогикалық мұрасы да ұшан-теңіз, мол дүние. Ұлы ғұлама өз 
еңбектерінің көпшілігін ұстаздық тұрғыдан, тәлім-тәрбиелік мақсатқа орайластыра 
жазған. Әл-Фарабидің жоғарыда атап өткен арифметика, геометрия, астрономия, 
музыка ғылымдарын педагогикалық, яғни тәрбиелік ғылымдар дейтін жүйеге жатқызуы 
да, сондай-ақ педагогика, әдістеме мәселелері жөнінде арнаулы еңбектер жазуы да осы 
айтылғандардың айқын дәлелі болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
Нұрсұлтан Назарбаев. Ұлы даланың жеті қыры / Егемен Қазақстан, 21-
қараша, 2018. 
2.
Әбсаттар Дербісалиев. Қазақ даласының жұлдыздары. – А., 1995.
3.
Ф.Абдихаева, Е.Балабеков. Тәрбие жүйесіндегі музыканың алар орыны 
туралы Әл-Фарабидің ой-пікірлері. // Ғұлама. Ойшыл. Ұстаз. (Әл-Фарабидің 1130 жыл 
толуына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары). – 
А., 2001.
4.
https:// sites.google.com: Әл-Фараби еңбектеріндегі халықтық педагогика 
мәселелері.
5.
https:// 
akikat.kazgazeta.kz, 
bankreferatov.kz: 
Ж.Исахметұлы. 
Фараби 
трактаттарындағы білім, тәрбие және адамгершілік мәселелері.
6.
https://
 melimde.com 
7.
https://
 baribar.kz: Әл-Фарабидің еңбектеріндегі тәлім-тәрбиелік идеялары.

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет